Телофаза– бөліну ұршығы жойылады. Әрбір бөлінген хроматидтер яғни жас хромосомалар топтары ядро қабықшасымен қоршалады, мембрана пайда болады. Хромосомалар деспиральданады. Ядрошықтар қайта түзіледі.
Жасушаның бөліну үрдісінің соңына қарай, хромосомалар жас жасушаларға бөлініп, әрбір жасушада бастапқы жасушаның генетикалық ақпаратына сай ядроның қайта қалыптасуынан бастап жасушалар арасында цитоплазманың бөлінуі – цитокинез жүреді.
Сурет 2. Митоз
Жасушада митоздың басталуы мен митоздың аяқталуында ерекше айырмашылық бар. G2 кезеңіндежасушадағы бастапқы хромосомалар жұп хроматидтерден, ал түзілген жаңа хромосомалар тек генетикалық материалдың бір ғана көшірмесінен тұрады. Бұл көшірмелер жаңа жасушалар жасушалық циклдың S кезеңіне өткенге дейін еселенбейді.
Митоз үдерісі жасушалардың бөлінуінде генетикалық материалдың қалыпты еселенуімен дұрыс бөлінуін қамтамасыз ететін үдеріс.
Митоздық циклда хромосомалардың құрылысының өзгеруіне байланысты, бір түрден екінші түрге оңай өтетін, митоздық және интерфазалық хромосомалар түрлерін ажыратады.
Интерфазалық хромосомалар деспиральданған күйде болады. Эукариот жасушаларындағы хромосомалардың жекеленген фрагменттерінің спиральдану дәрежесі әртүрлі болады, ядро хроматиндерінің жиынтығы біршама босаңсыған жіпше және түйнектелген түрде болады. Кариотипті анықтау үшін митоз кезінде жинақталған, конденсацияланған (метафазалық хромосома) хромосомалар белгілі бір пішінге ие болады, оларды осы сатыда зерттеу біршама жеңілдік тудырады.
Митоздың маңызы: 1. Жасушадағы генетикалық тұрақтылықты (хромосомалар санының тұрақтылығын ); 2. Митоз нәтижесінде жасуша саны көбейіп ағзаның өсуін;
3. Жасушаның орнын толықтыру митоз арқылы іске асады және регенерацияны;
4. Ағзаның кариотипін (метафазада) анықтауды;
5. Жыныссыз көбеюді қамтамасыз етеді.
Жасуша пролиферациясының реттелу мен бақылану механизмдерінің бұзылуы патологиялық ауытқуларға әкеледі:
- жасушаның бақыланусыз бөлінуіне (ісік жасушалары) немесе көбеюдің немесе бөлінудің тоқтау себебінен жасуша санының азаюы, ұлпалар мен мүшелердің атрофиясы, қартаю үдерістері жүреді;