Тақырып: Сомалық және жыныс жасушаларының бөлінуі, медициналық маңызы Ақпаратты-дидактикалық блок



бет5/9
Дата27.11.2023
өлшемі1,08 Mb.
#128942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Митоз. Мейоз-2023-24. каз. Ақпараттық блок 2

Бірінші мейоздың профазасы 5 сатыдан тұратын күрделі үдеріс: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена и диакинез.
Лептотена, жіңішке жіпшелер сатысы. Хроматиндік жіпшелер ширатылады, жуандайды, қысқарады, микроскоптан көріне бастайды. Генетикалық материалдың мөлшері 2n 4с.
Зиготена, жіпшелердің беттесу сатысы. Морфологиялық және генетикалық тұрғыдан ұқсас гомологты хромосомалар жұбы бірігеді, беттеседі. Беттесу үдерісі (конъюгации) барысында биваленттер, немесе тетрадалар түзіледі. Биваленттер саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болады. Генетикалық материалдың мөлшері 2n 4с.
Пахитена, жуандаған жіпшелер сатысы. Хромосомалардың ширатылуы жалғаса береді, гомологты хромосомаларда синхронды өтеді. Екі хроматидті хромосомалар айқын көрінеді, қосақталған гомологтық хромосомалар жұптары айқасып, сәйкес бөліктерімен алмасады, кроссинговер жүреді. Мейоз кезінде өтетін кроссинговер нәтижесінен гендердің алғашқы рекомбинациясы жүреді.
Диплотена – хроматидтер ажырай бастайды, бірақ әліде кроссинговерге немесе хиазмге ұшыраған бөліктері байланыс сақтайды. Бірінші реттік овоциттердің хромосомалары овуляция үдерісі басталғанша осы күйін сақтайды.
Диакинез. Хроматидтердің ширатылуының нәтижесінен хромосомалар жуандап, қысқарады,ядро қабықшасы толығымен жойылады. Хромосома ұштарындағы хиазмдарда ажырай бастайды. Хроматидтерде хиазмдар болмайды. Генетикалық материалдың мөлшері сақталады. (2n 4с).
Профаза соңында ядрошық және ядро қабығы еріп, хромосомалар цитоплазмаға шығады және жасушаның экватор жазықтығына қарай жылжиды.
Пахитена және диплотена сатысында өтетін транскрипцияның белсенділігі жыныс жасушаларының дамуының, әсіресе ооциттердің өсу сатысынада айқын байқалады. Бұл кезде ұрықтың дамуының ерте сатысына қажетті ақуыздар белсенді синтезделіп жинақталады.
Диплотена сатысында өсіп жатқан ооциттарда хромосомалар «лампалық щетка» түріне ие болады. Хромосомалардың белгілі бір бөліктері де жұп ілмектер түзеді. Ілмектер хроматиннің активті деконденсацияланған бөліктері, сол жерде м РНҚ көп мөлшерде синтезделіп жинақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет