Тақырып: Сомалық және жыныс жасушаларының бөлінуі, медициналық маңызы Ақпаратты-дидактикалық блок


Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1



бет2/9
Дата27.11.2023
өлшемі1,08 Mb.
#128942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Митоз. Мейоз-2023-24. каз. Ақпараттық блок 2

1. Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:
- жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ репликациясына дайындық;
- митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады;
- цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді;
- РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады, көлемі ұлғаяды;
- екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі);
- жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты (2с).
2. Синтездік кезең S:
- ядрода комплементарлы ұстаным бойынша ДНҚ (өздігінен еселену) редупликациясы жүреді;
- ДНҚ еселенуімен қатар цитоплазмда параллельді түрде рибосомаларда ерекше гистонды ақуыздар синтезделеді де ядроға өтіп ДНҚ-мен байланысады;
Кезеңнің соңына қарай хроматид саны мен ондағы ДНҚ мөлшері тетраплоидты болады (2п, 4с).
3. Постсинтездік кезең G2:
- жасуша бөлінуге даярланады;
- жасушаның митоздық бөліну үдерісіне қажетті құрылымдар қалыптасып, арнайы ақуыздар синтезделеді.
Жасушаның генетикалық материалы, хромосомалардың қосарланған жиынтығындағы әрбір (гомологты) хромосомалар жұбында 4 ДНҚ молекуласы – (2n4с) болады. Постсинтездік кезеңі G2 аяқталысымен жасуша митозға түседі.
Митоз (греч. mitos — жіп) — ядро мен цитоплазманың күрделі морфологиялық өзгерісімен жүретін тікелей емес бөліну түрі. Митоз кезінде хроматидтердің бір-бірінен ажырауы және екі жас жасушалар арасында генетикалық материалдың теңдей бөлінуі жүретін ядроның бөліну үдерісі. Сондай бөліну нәтижесінде пайда болған жасушалардағы хромосомалар жиынтығының саны мен сапасы бастапқы жасушамен бірдей болады. Митоз ретімен ауысып отыратын төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза (сурет.2).
Профаза - хромосомалар ширатылып, жуандап, қысқарады. Әрбір хромосома хроматидтер деп аталатын екі жіпшеден тұрады. Хроматидтер бір нүктеде центромерамен байланысып тұрады. Ядрошыктар жойылып, ядро қабығы еріп кетеді.
Цитоплазмада да ядродағы өзгерістерге ұқсас үдерістер жүреді: эндоплазмалық тор және Гольджи аппараты да көпіршіктерге (везикулалар) өтеді. Жасуша орталығы центриольдер жасушаның полюстеріне ажырап, олардың микротүтікшелерінен ахроматин жіпшелері пайда болып, бөліну ұршығы қалыптасады.
Метафаза – толық конденсацияланған хромосомалар экватор жазықтығында орналасады (метафазалық пластинка). Бөліну ұршығының микротүтікшелері хромосомалардың кинетохораларымен байланысады.
Кинетохорлар - анафаза кезінде хромосомалардың ажырауын қамтамасыз ететін, центромераның бетінде түзілетін ақуыздар.
Анафаза - әр хромосомадағы хроматидтер толық ажырап, екі жақ полюске қарай бағытталып бөліну ұршығының жіпшелерімен полюстерге тартыла бастайды. Полюстерге жеткенде екі бірдей толық хромосомалар жиынтығын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет