- мейоз ұрықтың құрсақта даму кезінен басталады
- жұмыртқа жасушасы циклмен түзіледі, әр-бір 21- 35 күн сайын қайталанады
- жыныс безінде тек 400—450 жасуша пісіп-жетіледі
- бұл үдерістің ұзақтығы 12-50 жылға созылады
Жыныс жасушаларының құрылысы. Гаметалар жоғары дифференцияланған жасушалар болып табылады. Олар тұқым қуалау ақпараттын әр ұрпақ дараларының арасында берілуді қамтамасыз етеді. Бұл жасушалар жұмыртқаның вегетативті полюсіндегі цитоплазмасында ерекше РНҚ-ға бай ұрықтық плазмасының бластомерлерінен дамиды деген болжам бар.
Сомалық жасушаларымен салыстырғанда гаметалардың бірқатар ерекшеліктері бар. Ең негізгі ерекшелігі - ядроларында гаплоидты хромосомалар жиынтығы болады. Ұрықтану кезінде гаметалардың қосылуына байланысты түзілген зиготада сол организмнің түріне тән хромосомалардың диплоидты жиынтығы қалпына келеді. Гаметалар басқа жасушалардан құрамындағы ядро-цитоплазмалық арақатынастың ерекше болуымен ерекшеленеді.