Тақырып: Сомалық және жыныс жасушаларының бөлінуі, медициналық маңызы Ақпаратты-дидактикалық блок



бет7/9
Дата27.11.2023
өлшемі1,08 Mb.
#128942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Пісіп-жетілу сатысы. Мейоз жүреді, жасуша екі рет бөлінеді — редукциялық (мейоз I) және эквациялық бөліну (мейоз II).
4. Қалыптасу кезеңі немесе спермиогенеза (тек сперматогенезеге ғана тән). Сперматидтер ядросы тығыздалады, хромосомалардың спиралдануы салдарынан олар иннерті күйде болады. Гольджи комплексі ядроның бір полюсіне ығысып ферменті бар акросома түзеді, ол ұрықтың жұмыртқа жасушасына енуіне мүмкіндік береді. Ядроның екінші полюсіне центрольдар жылжды, оның біреуі талшықтың (құйрықтың) қалыптасуына қатысады. Бір талшық митохондрияға спиральды орам жасайды. Сперматидтердің цитоплазмасы ығыстырылады, сондықтанда сперматозоидтың басында цитоплазма болмайды.
Ер адамдардағы мейоз
Сперматогенез үдерісінің 64 күнге дейін созылады. Сперматогониялар барлық даму сатысынан өтіп сперматозиодтарға айналады.
Хромосомалардың диплоидты бірінші реттік сперматоциттер мейоздың І-ші сатысын өткеннен кейін хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар екі екінші реттік сперматоциттер түзіледі. Соңынан мейоз ІІ жүреді нәтижесінде төрт гаплоидты сперматидтер пайда болады. Қалыптасу кезеңінде жетілмеген сперматидтер сперматозоидтарға айналады.
Әйел адамдардағы мейоз
Овогенез ұрықтың дамуының 12 аптасында басталып 20-шы аптасына қарай даму тоқтайды. Бірінші реттік овоциттер профаза І-дің диплотена сатысында овуляция басталғанша тыныштық күйде қалады, бұл кезеңді диктиотена кезеңі деп атайды.
Айына бір ғана овоцит пісіп жетіледі. Гормондар әсерінен бірінші реттік овоцитке цитоплазмалық материалдар жинақталып, ісінеді. Мейоз І соңында екі жаңа жасушалар түзіліп біреуі овоциттердің екінші қатарына ал екінші ядро бірінші реттік бағыттаушы денеге айналады, уақыт өте дегенерацияланады. Екінші реттік ововцит жатырға немесе фаллопиев түтігіне түседі.
Сперматозоидтар енгенге дейін еінші реттік овоциттер мейоз ІІ метафазасында тоқтап қалады. Бұл үдерістерден кейін бөліну аяқталады және жұмыртқа жасушасының гаплоидты пронуклеусы түзіліп сперматозоидтың пронуклеусымен қосылады, сонымен қатар екінші реттік бағыттаушы денешік түзіледі, артынан дегенерацияланады. Ұрықтанудың қай уақытта басталуына байланысты бұл үрдістің ұзақтығы 12-50 жылға дейін созылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет