Тақырып: Сомалық және жыныс жасушаларының бөлінуі, медициналық маңызы Ақпаратты-дидактикалық блок



бет9/9
Дата27.11.2023
өлшемі1,08 Mb.
#128942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жұмыртқа жасушасының сомалық жасушаларға қарағанда ірі, қозғалу қабілеті жоқ, көбінде пішіні шар тәрізді (диаметр 130-160 мкм) жасушалар.
Бұл жасушаларда да кезкелген жасушаға тән органоидтардың бәрі бар және көп мөлшерде қорға қоректік заттар жинақталатындықтанда аталық сперматозоидтарға қарағанда жұмыртқа жасушасы әлдеқайда үлкен болады.
Жұмыртқа жасушасында, ядро мен цитоплазманың көлемінің ара қатнасын салыстыратын болса, ядроның көлемі төмен, цитоплазма көлемінің көп болуы ұрық дамуына қажет қоректік материалдың (сарыуыз) мол жинақталуына байланысты. Сонымен қатар жұмыртқа жасушасында ұрықтанудан кейін ақуыздардың белсенді синтезін қамтамасыз ететін рибосомалар, ферменттер, т-РНҚ, м-РНҚ көп болады. Одан басқа да цитоплазманың шетіне қарай орналасқан Гольджи комплексінің өнімі кортикальды түйіршіктер (granulacorticalia), полиспермияға кедергі болатын кортикальдық реакцияға қатысады.
Жұмыртқа жасушасының ерекше қабықшалары бар:
Жұмыртқа жасушасы плазмалық мембранамен қоршалған, сыртқы қабаты мукополисахаридтен тұратын жылтыр қабықпен қапталған. Жылтыр қабық зигота мен ұрықтың эмбриогенезінің имплантациялық кезеңіне дейін сақталады. Бұл жұмыртқаның, зиготаның және бластуланың бөлшектену сатысында жұмыртқа жасушасының ыдырап кетуіне және сонымен қатар бластуланың жатыр түтігіне жабысып қалуынан сақтайды, жатырдан тыс жүктілікке жол бермейді.
Сперматозоидтар - өте ұсақ қозғалмалы жасушалар. Мұның қызметі ұрықтану кезінде өзіндегі хромосомалардың гаплоидты жиынтығын жұмыртқа жасушаларына енгізу. Осы қызметіне сай сперматозоидтарде бас, мойын және құйрық бөлімдерін ажыратады (1сурет,Б). Бас бөлімінде ядро және акросома орналасқан. Акросомада сперматозоид ядросының жұмыртқа жасушаларына өтуін қамтамасыз ететін ферменттер болады. Центриольден басталған талшық құйрығына дейін созылып, қозғалуын қамтамасыз етеді. Митохондриялардағы энергия оның қозғалуына жұмсалады. Электрондық микроскоп арқылы зерттегенде сперматозоидтың басындағы протоплазманың коллоидты емес, сұйық кристал күйінде болатыны анықталды. Сондықтан сперматозоид сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді. Мысалы, иондаушы радиацияның зақымдаушы әсері жетілмеген жыныс жасушалармен салыстарғанда спермазоидтарға әсері төмен болады.
Жұмырқа жасушасына енген сперматозоид аталық пронуклеуске айналады да онда ДНҚ саны еселенеді, хромосомалар жиынтығы - n2c. Сонымен қатар жұмырқаға енген сперматозоидтың ядросы жұмыртқа жасушасында екінші мейоздық бөлінуді қоздырады және біртіндеп аналық пронуклеуске айналады, тұқым қуалау материалының мөлшері де n2c болады. Болашақ зиготаның ішіндегі екі пронуклеус жақындасып бірігеді де синкарион түзеді. Олардың хромосомаларымен ДНҚ бірігуінен зиготадағы тұқым қуалау материалы 2n4c тең болады.
Синкарион ( от греч. syn — бірге және karyon — ядро) – зигота ядросының бір қабықтың астында болуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет