11. Шартты рай, оның синтаксистік ерекшеліктері
Етістіктің шартты райының жұрнағы негізінде етістіктің не-
гізгі, туынды жəне болымды, болымсыз түрлерінен кейін жал-
ғанады. Шартты рай тұлғалы етістіктерден соң жіктік жалғауы
жəне -шы, -ші қосымшасы қосылуы арқылы жасала береді. Шарт-
ты рай тұлғалы етістіктер негізінде морфологияда қаралады. Осы
күнге дейінгі мектеп, педучилище мен жоғары оқу орындары,
ғылыми əдебиеттерде ондай тұлғалы етістіктер екі түрлі бағыт-
та қарастырылады [109].
1. -са, -се тұлғалы сөздердің сөйлемнің соңында келіп, баянда-
уыш болуы. Оның өзінде ондай тұлғалы сөздерден соң болар еді,
екен, енді, керек сөздерінің тіркесі арқылы сөйлемді тиянақтауы
сөз болады.
2. -са, -се тұлғалы сөздердің сабақтас құрмалас сөйлемнің
тиянақсыз баяндауышы ретінде жұмсалуы.
Осы күнгі морфологиялық еңбектер шартты рай тұлғалы етіс-
тіктердің қазіргі əдеби тілде қолдану ерекшеліктерін жан-жақты
ашып бере алмаса керек. Ол тұлғалы сөздердің қыры мен сыры
морфологияда тек біржақты түрде қаралуда.
Синтаксистік еңбектерде шолу жасау барысында -са, -се
тұлғалы етістіктердің морфологиядан гөрі синтаксис саласында
зерттелуінің əлдеқайда басым екендігін баса айту керек. Əсіресе
305
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
шартты рай тұлғалы сөздердің синтаксистік ерекшеліктері ту-
ралы толық мағлұматты Қ. Есеновтың еңбектерінен алуға бо-
лады [110].
Автордың -са, -се тұлғалы сөздердің тек шартты бағының-
қылы сабақтас сөйлемде ғана емес, тіпті жай сөйлемдер ара-
сында да жұмсалуы туралы пікірлерін былайша көрсетуге болады.
Автор -са, -се тұлғалы сөздердің жай сөйлем синтаксисінде:
а) Мен білсем, жаңағы өзің айтқан «Қаракөздің» көп ырғағын
жасты мұңға айналдыруға болады. Сол əнге қосып тоқтау айт, –
дейді (М. Əуезов). Сөйлемдегі Мен білсем – бастауыш пен
шартты формалы баяндауыштан құралған жай сөйлемді қыс-
тырма топ ретінде алып, ондай топты қыстырмалардың мол қол-
данылатындығын нақтылы дəлелдейді. Сонда шартты тұлғалы
етістіктердің барлығы бірдей үнемі сөйлемнің баяндауышы бо-
ла бермейтіндігін, олардың сөйлемде оқшау сөздер ретінде де
қолданылатындығын дəлелдейді.
ə) Нем кетіпті, айтса айтар, айтпаса қояр (С. Мұқанов)
сөйлеміндегі айтса, айтпаса шартты рай етістігінің əрі бо-
лымды, əрі болымсыз түрлерін жеке алып қарастыруға болмай-
тындығын, олардың өзі қатысты сөздер мен мағынасының тұтас-
тығын негізге ала келіп, ондай сөздерді тұрақты тіркестер ретінде
қарастырады.
б) Əсіресе автор -са, -се мен бол көмекші етістікті түйдекті
тіркестердегі бол көмекші етістігінің шылаулық мəнге ауысып
жұмсалуын арнайы айқындауды мақсат еткен. Мысалы: Базаралы
болса, сыртта боп жатқан қияс-тартыстың бəрін күтуші əйелден
ерте білген (М. Əуезов). Осы сөйлемдегі -са шартты райы көмекші
бол етістігі арқылы күрделі бастауыштың құрамында жұмсалуын
дұрыс көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, шартты рай тұлғалы сөздер морфо-
логиялық, синтаксистік жағынан айтылғанымен, оған қатысты
бір мəселе, яғни шартты рай тұлғалы сөздердің жай сөйлемде
қолданылуы əзірше сөз болып қозғалған емес.
Осы күнге дейінгі еңбектерде шартты рай тұлғалы сөздер-
дің жай сөйлемнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы айтылып
келеді. Алайда онда да шартты рай тұлғалы сөздерден соң (жай
сөйлемнің баяндауышы қызметінде) оған түрлі көмекші етіс-
306
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіктердің қатысуы арқылы ғана жүзеге асатындығы нақтылы сөз
болды. Осы күнгі синтаксистік зерттеулерде (сабақтас құрмалас
сөйлемнің бағыныңқы сыңары болмаса) жай сөйлем синтакси-
сінде -са, -се тұлғалы баяндауыш жасалады деп айтылмайды.
Өйткені -са, -се жұрнақты сөздер тиянақты ойды білдіре алмай-
ды дейтін қағида басым орын алып келгені белгілі. Бірақ Қ. Есе-
нов шартты райды зерттеу барысында жай сөйлемдерде шартты
райлы етістіктер де баяндауыш қызметінде жұмсалатындығын
нақтылы дəлелдейді [111, 48].
1. Шіркін, енді Ленинге жолығып осылай сөйлессе (С. Мұқанов).
2. Биыл сіз күріштен рекорд жасап берсеңіз… Содан кейін
жұрт сізден үлгі алып, сіздікі сияқты звенолар əр жерде құрылса.
Сөйтіп, күріштен мол өнім алушылар Сыр бойына жайылып кет-
се (С. Мұқанов). Міне, осы сөйлемдердегі курсивпен жазылған
баяндауыштардың барлығы да екі түрлі жағдайда берілген.
а) Сөйлессе, құрылса, кетсе тұлғалы баяндауыштар, негізінде,
сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің баяндауы-
шы қызметінде жұмсалуы тиіс болуы керек еді, енді ондай тұл-
ғалы баяндауыштар жай сөйлемнің жеке баяндауышы ретінде
жұмсалуы, біріншіден, құрмалас сөйлемдегі тілдік экономияның
əсері арқылы құрылса, екіншіден, ондай тұлғалы сөздерге ек-
піннің түсуі арқылы да сөйлемді тиянақтау процесінің пайда
болғандығын көрсетеді. Екіншіден, мұны баяндауыштық тұлғада
(жай сөйлемнің баяндауышы ретінде) да өзіндік бір жаңа көрініс
деп білуіміз керек. Сөйтіп, -са, -се арқылы бұрын тек бағының-
қы сөйлемнің баяндауышы туралы ғана ойласақ, енді ондай тұл-
ғалы жай сөздің сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсала-
тындығын көруге болады.
ə) Жоғары сөйлемдегі берсеңіз баяндауышы алдымен шарт-
ты рай, онан кейін жіктік жалғауы арқылы беріліп отыр. Əрине,
бұл баяндауыш алдыңғы баяндауыштарға қарағанда тұлғалық
жағынан біршама тиянақтылық көрсетеді, дегенмен бəрібір өзінен
кейінгі басыңқы сөйлемді керек ететін тəрізді. Мұнда таза шарт-
ты рай тұлғасындағы формаға қарағанда қалайда аздап болса да
тиянақтылық бар.
Сонымен, бұл пікірлерге қарағанда, тағы -са, -се тұлғалы
сөздердің сөйлем мүшелерінің ішінде дара баяндауышы қызме-
307
Достарыңызбен бөлісу: |