308
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Проф. М. Томанов шартты рай тұлғалы етістіктердің қалып-
тасуының тарихи жағына баса назар аудара келіп, ондай тұлғалы
сөздердің шарт мағынасымен бірге мезгіл мəнін жəне қалау мəнін
де беретінін көрсетеді [115, 110]. Əрине,
-са, -се жұрнақтарының
етістікке тікелей жалғануы оншалықты ой сала қоймағанымен,
ондай тұлғалы сөздердің қимыл есімдерінен соң жалғануының
кейбір өзіндік сыры барлығы ой салатын сияқты. Автордың
көрсеткен:
ер кусурсады
татығсады
сатығсады
барығсады сөздерінде
-са, -се шартты рай жұрнақтары
-ығ
қимыл есімінен кейін жалғанып тұрғандығын жəне ондай тұл-
ғалы сөздердің сол мысалдарға келтірілген сөйлемдерінде сөй-
лемнің соңында келіп, баяндауыш қызметінде жұмсалғанын анық
көруге болады [116].
Автор одан əрі
ығсаң тұлғасының əрі есім, əрі етістіктерге
жалғануын айта келіп, қазақ тілінде
сусақ, үйгірсек, жемлек
сөздерінің пайда болғандығын, бірақ ол сөздер сөйлемде қол-
дануында үнемі сөйлемнің соңында ғана емес, тіпті сөйлемнің
ішінде, яғни
тобуғсаң еріс – қызметті тілеуші, сүюші кісі де-
генде есімді сөз тіркесін құрап, анықтауыштық қатынаста да
жұмсалатындығын көрсетеді [116, 112].
Мұның өзі шартты рай тұлғалы сөздердің қазіргі қасиетіне
қарағанда ерте кездегі қолдану аясында өзіндік үлкен ерекшелік-
тің барлығын көрсетсе керек. Егер қазіргі қолдану барысында
Достарыңызбен бөлісу: