Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет151/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

тушы айтыпты). Осындайда олар немен нені жалғастырады, қай 
сөзбен қай сөзді байланыстырады деген сұрау тумай ма?


311
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Əрине, олар жалғау да, жалғаулар сияқты да емес. Мəселе сол 
форма тудырушы қосымшалардың лексикалық-морфологиялық 
қызметтеріне қарап шешілуге тиіс.
Сөз тіркесі кемінде екі сөздің бір-бірімен тіркесі арқылы 
жасалатындығы белгілі. Сонда оның бағыныңқы сыңары мен 
басыңқы сыңары өзара сөз тіркесін құрау үшін олар бірімен-бірі 
белгілі тəсілдер арқылы байланысады. Ондай тəсілдер аналити-
калық, синтетикалық, үшінші түрі аналитика-синтетикалық. Син-
тетикалық тəсіл бойынша, сөз тіркесінің əрбір сыңары өзі қа-
тысты сөздермен жалғаулар арқылы, ал аналитикалық тəсіл – 
сөздердің орын тəртібі, шылау, интонация арқылы байланысып 
жатады. Соның ішінде сөз бен сөзді байланыстырып, сөз тіркесін 
жасауда жалғаулардың атқаратын қызметі ерекше. Жалғаулар 
негізінде қосымшалардың бір түрі. Міне, осы күнгі əдебиеттер 
сөз бен сөзді байланыстыруда тек жалғаулар қатысты деумен 
шектеледі. Ол орынды да. Əрқайсысының өзіндік функциясы, 
жасалу жолдары, орны бар. Жұрнақ – негізінде жаңа сөз тудыру-
шы категория. Міне, осы жағынан келгенде ол лексика аясында 
қаралады ма, морфология саласында қаралады ма деген мəселенің 
өзі де қазіргі күрделі мəселенің бірі болып отыр. Бұрынғы 
əдебиеттерде жұрнақ сөз жасаушы элемент деумен шектелетін. 
Соңғы кезде жұрнақтарды В.В.Виноградовтың сөз тудырушы, 
форма тудырушы деп екіге бөлуіне байланысты, қазақ тілінде де 
жұрнақтарды осылай бөлу орын алып отыр [122, 32].
Дегенмен, «форма тудыратын жұрнақтар сөз бен сөзді байла-
ныстыратын қосымшалардан гөрі сөз тудырушы қосымшаларға 
жақындау»
[122, 32] – дейді. Ы. Маманов та форма тудырушы 
жұрнақтарды екі топқа бөледі. Бірінші тобын сын есім, сан есім, 
етістікке тəн десе, екінші топқа зат есімнің көптік, тəуелдік, 
септік, иелік формаларының қосымшалары мен етістіктің есімше, 
көсемше, қимыл есімі, рай формаларының қосымшалары мен 
жіктік жалғауын жатқызады [123, 32].
Міне, осы пікірлерден қалайда қосымшалардың, оның ішінде 
жұрнақтардың қызметі іштей бір емес деген тұжырымға келуге 
болады. 
А. Ысқақов форма тудырушы қосымшалардың қызметі екі-
жақты, яғни əрі сөз тудырушыға да, сөзді байланыстырушыға 


312
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
да арақатынасы бар деп, қалайда олардың сөз бен сөзді байла-
ныстыруға қатысы барлығын көрсетсе, Ы. Маманов жоғарыда 
көрсетілгендей, форма тудырушы етістіктің есімше, көсемше, 
қимыл есімі, рай формаларының қосымшаларын əдеттегі сөз 
бен сөзді байланыстырушы төрт жалғаумен бір санайды да, ав-
тор соңғы форма тудырушы қосымшалардың қызметін асыра 
бағалап жіберетін сияқты. Форма тудырушы қосымшаларды əдет-
тегі сөз тудырушы формалардан бөліп, олардың қызметіндегі 
өзгешеліктерді ескеріп, өз алдына қарастыруына біз қосыламыз. 
Форма тудырушы жұрнақтарда негізінде ондай ерекшеліктер бар 
да. Сондықтан да А. Ысқақовтың «ондай жұрнақтар екіжақты, сөз 
тудырушы мен сөз байланыстырушы жұрнақтарының арасын-
дағы категория» деуін ондай жұрнақтарға өзіндік жаңа қасиет 
пайда бола бастағандығынан деп тану дұрыс болар.
Ы. Мамановтың ондай форма тудырушы қосымшаларды сөзді 
байланыстырушы қосымшалармен бір деуіне қосыла алмаймыз. 
Əсіресе байланыстырушы жалғаулар оларды универсал катего-
рия деп білу керек. Олар қаншалықты зат есімге немесе етістікке 
(жіктік жалғауы) тəн делінгенмен, олар барлық сөз табына тəн ка-
тегория. Олар – барлық сөз табының бірімен-бірінің тіркесі үшін 
негізгі тірек.
Керісінше, қимыл есімі, көсемше, есімше, рай формаларының 
жұрнақтары негізінен тек етістікке ғана тəн, сондықтан олар, 
біріншіден, етістікті, оның ішінде тек есімше мен көсемшенің өзі 
қай сөзбен тіркессе, сол сөзге ғана қатысты жұмсалады. Олардың 
аясы тар, сол сөз тобы көлемінің шеңберінен шыға алмайды. 
Сондықтан ол топты жалғаулар тобымен бір деу келе бермесе 
керек. Міне, осы пікірлерден қалайда жұрнақ, оның ішінде фор-
ма тудырушы жұрнақтар сөз бен сөзді байланыстыру қызметін 
атқарады деген тұжырым пайда болады.
Қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстырып, сөз тіркесін жа-
сауда жалғаулармен бірге форма тудырушы қосымшалардың қа-
лай да қызметі бар деген қағида айқындалады.
Бұндай пікір туралы орыс тілінде Н.А. Прокопович, М.Н. Ян-
ценецкая, түркологияда А.В. Севортян, А. Абдуллаев, М.З. Закиев, 
Н. Базарбаев, т.б. көзқарастарына назар аудару керек болады.
Жалпы қазақ тілі материалдарына қарағанда, меңгеріле, ма-
таса байланысқан сөз тіркестерінің жасалуында жалғаулардың 


313


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет