Талғат сайрамбаев


Шартты райлы сөйлем мүшелері



Pdf көрінісі
бет153/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Шартты райлы сөйлем мүшелері:
1. -са, -се тұлғалы бастауыштар
а) Есімдік – шартты райлы бол етістігі арқылы: Біз болсақ 
барымызды бөле жерміз (М. Əуезов). Олар болса қыстан бері 


316
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Бөжейдің асына əзірленеміз деп, күш-қайраттың, сөз бен қамның 
бəрін соған салып жүр екен (М. Əуезов).
ə) Зат есім – шылау – шартты рай етістік арқылы: Орман дейін 
десең бір-бірімен ұйыспай бөлек-бөлек шаншылып тұр. Адамдар 
дейін десең бір-бірімен көз қағысқаны, сөз қатысқаны сезілмей 
мелшие-мелшие қалған (Ə. Кекілбаев).
б) Зат есім – шартты райлы бол етістігі арқылы: Бірен-саран 
оқшау шыққан тайынша, құнажын болса Сəйгелдің қуғынына 
ұшырап, құтырғандай жосып жүр (М. Əуезов).
2. -са, -се тұлғалы толықтауыштар:
а) Келісім мағынасында: Қара жұмыс болса да істей берем 
əзірше (А. Байтанаев). Қандай қыстан болса да тебіндеп шығуға 
мүмкіндік толық (А. Нысаналин).
ə) Датың болса айт, – дейді хан ақырып (Ертегілер).
б) Тек не бұйырсаң да тергеп алып бұйырғайсың (М. Əуезов).
в) «Алаш» баласына не болса да бірдей ортақ (С. Сейфуллин).
г) Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса 
да ұялмайды екен (Абай).
д) Жау десе сауытын киюді ұмытып, жалаңаш шабатын, дау 
десе ішкен асын жерге қоятын, оның үстіне аузынан абайсыз 
шығып кеткен сөзінің өзін орындатпай қоймайтын қасарыспа 
Баймұрат хан маңындағыларды елшілердің қасына аттатқызбай 
қойды (Ə. Кекілбаев).
е) Жылқы айтты: мен адам үстіме мінсе, алысын жақын етемін, 
күшім болса көреді, сүтім болса ішеді, қылыма шейін арқан 
істейді, – адамға менен пайдалы жан жоқ, жыл ағасы мен бола-
мын, – дейді (Ы. Алтынсарин).
3. -Са, -се тұлғалы анықтауыштар:
а) Теңеу мағынасында: құдай Бараққа біраз нəрсені беру-
дей-ақ берген. Ер десе ер, шешен десе шешен, айлакер десе 
айлакер. Жолбарыс – Жолбарыс десе жолбарыс (Ə. Кекілбаев).
ə) Келісім мағынасында: «Шықсам шығайын» деген ой түсті 
оған (С. Мұқанов).
б) Салыстыру мағынасында: Аяқта кебіс байпақ, үсте сұр 
дырап шекпен, оның ішінде жұқалау болса да бешпент шалбар 
(С. Сейфуллин).
в) Сапа дəрежесін білдіру мағынасында: Сен жас болсаң да 
ақылды адамсың (М. Əуезов). Арықтан мықты болсаң атта, тө-
рем, – деген (С. Жүнісов).


317
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
г) Арнау мағынасында: Менің болса бүгін де уақытым жоқ 
(Газеттен).
ғ) Бейтарап мағынасында: Арық дейін десең арбаның құнда-
ғына əзер сыйыпты. Толық екен дейін десең шеке тамыры бат-
тыйып-баттыйып шығып тұрған сопақ беті боп-боз. Бойшаң екен 
дейін десең мойны жатаған, арбаның арқалығынан асып жары-
майды (Ə. Кекілбаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет