336
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қолданылады. Кейде ондай тұлғалы сөздер ретіне қарай сөйлем-
нің соңында да келе береді.
Түркі тілдерінде баяндауыштардың жасалуында көбіне жа-
тыс жалғаулы сөздер туралы көбірек сөз болады да, ал басқа
септіктердің ондай кездегі қызметі онша елене бермейді. Ал
қазіргі əдеби тіл материалы баяндауыш қызметінде барыс, шы-
ғыс кейде көмектес жалғаулы сөздердің де жұмсалатындығын
көрсетеді. Əрине баяндауыштардың жасалуындағы бұл мəселе –
өзіндік бір күрделі мəселе. Дегенмен барыс, жатыс, шығыс жəне
көмектес жалғаулы сөздер сөйлем ішінде қолданылып, меңгеріле
байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары ретінде қол-
данылуға бейім болғанмен, енді ондай сөздердің өздері, бірінші-
ден, сөйлемнің соңында қолданылып, екіншіден, сөйлемді тия-
нақтау дəрежесіне, яғни предикаттық қасиетке ие болғандығын
көруге болады. Жатыс септігінде ондай процесс бұрыннан бар құ-
былыс болса, ал басқа септіктердің де ондай қызметте жұм-
салуы – соңғы кездің жемісі. Сонымен, ондай септік жалғаулы
сөздердің өздері енді сөз тіркесінің басыңқы сыңарына ауысуы да
тілдік экономия процесінің, яғни ондай септік жалғаулы сөздердің
əдеттегі не есім, не етістік, тіпті ортақ басыңқы сыңарларының
түсіп қалуы арқылы пайда болған көрініс деп білуіміз керек.
Əрине, септік жалғаулы сөздердің баяндауыш қызметінде
жұмсалуы қалай да қазіргі кезде мол. Бірақ бұрын меңгеріле бай-
ланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары ретінде қолда-
нылатын осындай сөздердің енді сөйлемнің соңында жұмсалуы
тілдегі қалыпты түрдегі байланысу формаларына өзіндік əсерін
байқатады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: