Талғат сайрамбаев


 Сөз таптарының бастауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет219/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

4. Сөз таптарының бастауыш қызметінде жұмсалуы
Сөз таптары бастауыштың жасалуында негізгі орынға ие. Бірақ 
сөз таптарының барлығының бастауыш болу дəрежесі бірдей 
емес. Бастауыш қызметінде жұмсалуға есімдер, оның ішінде де 
зат есім мен есімдік, онан кейінгі орында затталып келетін сын 
есім, сан есім, есімшелер қолданылады. Ал басқа сөз таптары да 
ретіне қарай бастауыш қызметінде жұмсала береді.
Зат есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есімдер – 
бастауыш қызметінде ең көп қолданылатын сөз табы. Оның өзі 


442
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
оның мағынасымен де тығыз байланысты. Бастауыш сөйлемдегі 
ойдың негізі болады дейтін болсақ, сол негізгі ой көбіне заттар 
арқылы көрінсе керек. Сол зат есімдер бастауыш қызметінде 
жақ жағынан көбіне үшінші жақта айтылып барып жұмсалатыны 
айқын. Зат есімдер бастауыш қызметінде дара, күрделі түрде 
жұмсалады. Зат есімді дара бастауыштар – нөлдік тұлғадағы бас-
тауыштар. Зат есімдер сондай-ақ жалқы есім, жалпы есім, деректі, 
дерексіз болып бөлінетіні белгілі. Сол зат есімнің барлық түрі де 
бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Раушан қалтырап 
тұр, өкпесі аузына тығылып, сөйлеуге ерік бермейтін секілді 
(Б. Майлин). Бізге Жігітек емес, қонақ етіп қуанысқан, Бөкенші, 
Көтібақ, Көкше де аз болған жоқ (М. Əуезов). Бұл сөйлемдердегі 
Раушан, Бөкенші, Көтібақ, Көкше жалқы есімдері бастауыш 
қызметінде III жақта, сол сияқты жалпы есімдер де сондай қыз-
метте жұмсала береді. 
Ал абстракті зат есімдер бұл топтарға қарағанда сиректеу. 
Қалай болғанда да зат есімнің бұл топтағылары жалқы есімде 
болмағанымен, бастауыш қызметінде жұмсалуға тиіс сөздер. Мы-
салы: Шырылдап ұшқан бозторғай үй үстіндегі аспанға ілініп, 
қадалып тұр (М. Əуезов). Əрі-беріден соң сөзді түйдек-түйдегімен 
тастады би (Ғ. Мүсірепов). Зат есімдер бастауыш қызметінде 
қосарлы, біріккен түрлерінде де жұмсала береді. Мысалы: Істесең 
өзің істей бер. Қатын-балаңыз ашығып қалады (Ə. Сəрсенбаев). 
Ревком іске кірісті (С. Мұқанов). Олардың қару-жарағы, ат-
көлігі мол болды (С. Мəуленов). Аманкелді құрған совдеп туын 
құлатпайды, жауға беріспейді (С. Мұқанов). 
Зат есімдер түбір күйінде де, кейде жұрнақтарды жалғап ба-
рып та жұмсалады. Мысалы: Батырлық майданда сыналады
Ақылдылық ашу үстінде сыналады (Мақал). Əншілік те қазақ 
халқының ежелден бергі өнері (I. Омаров). Көптік жалғауы арқылы 
зат есімдер жиі ұшырайды. Көптік жалғауы негізінде жалқы, жал-
пы есімдерге жəне нақтылы зат есімдерге мол жалғанады. Ондай 
кезде абстракті зат есімдер, санауға келмейтін дейтін зат есімдер 
ғана бұл тұлғада келе бермейді. Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аяз-
ды күндер мен түндерді елемей жүріп келеді (С. Бақбергенов). 
Штабтар маңына алғашқы снарядтар түсе бастады (Ғ. Мүсірепов). 
Сəнім де, əнім де, ендігі тірлік-тірегім де – бəрім сол адамның өзі 


443
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
болды (М. Əуезов). Бірінші сентябрьден жалақыларың кемиді 
(Ғ. Мүсірепов). Жақсының ісі менен аты, тарихта жазып кеткен 
хаты өшпейді (Мақал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет