463
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
баяндауыш «бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның
қимылын, іс-əрекетін, күйін білдіреді» [9]. Сол сияқты кейбір
түркітанушы ғалымдар баяндауыш туралы мынадай пікірлер ай-
тады. Н.К.Дыренкова: «Баяндауыш бастауыштың əрекетін, ама-
лын білдіретін сөйлем мүшесі» [10], Н.А. Кононов: «Баяндауыш
грамматикалық жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамды
сөйлемнің бас мүшесі» [11], А.Жапаров: «Сөйлем бастауышы-
на грамматикалық
жағынан бағынышты болып, оның қимыл-
əрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін, тағы со-
лар сияқты қасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің бірі» – деген
тұжырым жасаған [12].
Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да ережелерді кел-
тіруге болады. Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарт-
тар барын көрейік: 1) Баяндауыштың бастауышқа бағынышты
сөйлем мүшесі
екендігі; 2) Баяндауыштың сөйлемдегі ойды
тиянақтайтындығы; 3) Баяндауыш бастауыштың əртүрлі қасие-
тін көрсетеді дегенді əр автор түрліше көрсетеді: а) ісін, қи-
мылын, ə) оған қоса жайын, күйін, заттың, сындық сапасын,
мөлшерін, мекенін, мезгілін; б) іс-əрекеттің сапасын; в) қасиетін;
г) амалын; д) кім екендігін, белгісі мен сапа ретін; 4) Баяндауыш-
тың бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі; 5) Пре-
дикативтілік білдіруі; 6) Олардың
екі құрамда болатындығына
байланысты; 7) Сөйлемнің бас мүшесі екендігі.
Бастауыштың сөйлемдегі негізгі ойға ие екендігіне дау бол-
маса керек. Сондай сөйлем мүшесіне баяндауыштың бағынышты
болуы – оның негізгі қасиеті де. Сондықтан бастауышқа баян-
дауышты бағынышты деген пікір дұрыс. Баяндауышсыз жалпы
(атаулы сөйлем болмаса) сөйлем құралмаса керек. Баяндауыш –
қай сөз табынан болмасын бəрібір сөйлемді тиянақтау жағынан,
оны сөйлем дəрежесіне жеткізу жағынан қандай тұлғада, қай
орында келуіне қарамастан басты тұлға.
Баяндауыш бастауышқа бағынышты бола отырып, оның əр
іс-əрекет қасиетін көрсететіндігі туралы пікір əрқилы.
Соның
бəрін жинақтай келгенде, баяндауыш болатын сөздің қай сөз та-
бынан болатындығына байланысты оның (яғни баяндауыштың)
мағынасы айқындалады.
Етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын,
іс-əрекетін, жайын, күйін, амалын білдіреді. Сөйлемде осылар-
дың бəрі қимылға қатысты айтылатын сөздер.
464
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Баяндауыш ережесіне
жайын, күйін сөздерін қолдану ма-
ғыналық та, стильдік жағынан да келе бермесе керек.
Зат есімнің баяндауыш болуы арқылы бастауыштың кім,
не екендігін, заттың мекенін білдіреді дейтін де сөздерді кез-
дестіреміз. Əрине, зат есімнен
болған баяндауыштардың мағы-
налық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдер-
дің қолданылуына байланысты.
Зат есімдер жалқы есім, күрделі атаулар болып қандай тұл-
ғаларда келуіне байланысты олар əртүрлі мағынаны білдіреді.
Мысалы: Отаным – алтын бесігім («Социалистік Қазақстан»)
дегендегі баяндауыш заттық мағынаға ие болса, Колхозшылар –
Бірлік колхозында («Лениншіл жас») дегенде баяндауыш мекендік
қасиетке ие болып отыр. Біздіңше, зат есімнен болған баяндауыш-
тар бастауыштың заттық қасиетін білдіреді. Оның өзін іштей зат
есімнің баяндауыш болу кезіндегі тұлғалық ерекшелігіне байла-
нысты қандай мағыналарда қолданылуында. Мəселен:
Ол –
сту-
дент, ол –
Асан дегенде оның кім екенін,
Мынау – қант дегенде
заттықты,
Олар ауылда дегенде мекенді білдіреді.
Осы ережелердегі амалын, мезгілін деген сөздер туралы
oйлану керек. Сөйлемде қай
сөз таптары амалды білдіріп, баян-
дауыш бола беруі онша келе бермесе керек. Амалды білдіру
қимылға қатысты сөздерде ғана болуы тиіс емес пе? Олай болса,
бұл мағыналық сөздер де баяндауыш болуы туралы айту орынды
емес. Ал мезгілді білдіру арқылы баяндауыш болу үстеу сөз та-
бына ғана байланысты. Əрине, зат есімдер де септеліп келіп істің
мезгілін білдіреді. Мысалы:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
дегендегі
жасымдағысы мезгілді білдіріп, пысықтауыш болып
тұрғанымен, тұлғалардың ондай мағыналарда баяндауыш болуы
əзірше қалыптаса қойған жоқ сияқты. Баяндауыш бастауыштың
мезгілін білдіруі тек үстеуге ғана қатысты деп ойлаймыз. Бірақ,
жоғарыда айтылғандай, үстеулердің
баяндауыш қызметінде
жұмсалуы қазіргі əдеби тілде кездесе бастайды.
Кейбір ережелерде ғана бастауыштың баяндауышпен жақ, же-
кеше, көпше түрде қиысуы сөзге тиек болады. Негізінде барлық
тілде де бастауыш пен баяндауыш өзара үйлесіп айтылуы – əртүрлі
болғанымен, олар үшін бұл қасиет негізгі мəселе. Жоғарыда
айтылған ережелерді салыстыру барысында олардың баяндауыш
465
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
қасиетіне сай келетіні де, кемшін тұстары бар екені де байқалды.
Біздіңше, синтаксистегі ең күрделі мүше – баяндауыштың алатын
орны, ережесі төмендегі бағытта болғаны орынды.
Сонымен, баяндауыштың ережесі нендей нəрселерді қамту ке-
рек деген мəселе төңірегінде былай деп айтуға болатын сияқты.
Біріншіден, баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем
мүшесі екендігі; екіншіден, сөйлемді тиянақтап тұруы,
сөйлемді
сөйлем етудегі баяндауыштың қызметі ерекше аталуы; үшіншіден,
баяндауыш бастауыштың қимылын, əрекетін, кім, не екенін,
заттық қасиеті, мекені, сапасы, саны, т.б. қасиеттерін айқындауы.
Достарыңызбен бөлісу: