459
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
адамға толды (С. Адамбеков). Үлбіреген бет пердеден ү
й іші қара
көлеңкеленіп, айқындалмай бұлаң көрінеді (Ə. Əлімжанов).
Ілік жалғауының жасырын түріндегі сөз таптары мен тəуел-
діктің III жағындағы көмекші есімді мұндай түйдекті тіркестерде
негізгі сөздің ілік жалғауының жасырын екендігі айқын болып
тұрады. Бірақ кей жағдайларда III жақ көмекші есімі қатысты
сөздер тобы бастауыш қызметінде жұмсалған кезде ол көмекші
есім тəуелденіп те жұмсала береді. Ол оның бір ерекшелігі
болса, екіншіден, оның негізгі сыңарларындағы ілік жалғауы
онша біліне де бермейді. Мысалы:
Жоғарғы жағы күміс білем
(Ғ. Мүсірепов).
Оң жағы – кішкене Нева (С. Ерубаев). Үлкенді-
кішілі
екі жағы да мақта («Қазақ əдебиеті»). Бұл көмекші есім-
дердің ішінде тек
жақ сөзіне қатысты бір ерекшелік деп білеміз.
Ілік жалғауының ашық түрі мен тəуелдік жалғаулы көмекші
есім арқылы:
Базардың іші тағы да даң-дұңға толып кетті
(Ə. Əлімжанов).
Оның алды алаң, айналасы алма (Ғ. Мұстафин).
Кейде мұндай тіркестерде көмекші есімдер қосарланып та жұм-
сала береді:
Қаланыц іші-сырты əскер (X. Есенжанов).
Модаль сөзді бастауыш.
Бастауыштың ендігі бір түрі модаль
сөздер арқылы келуі. Модаль сөзді бастауыш осы уақытқа дейін
сөз болған емес деуге де болады. Өйткені модаль сөзге жатқызып
жүрген сөздердің өзі туралы да осы уақытқа дейін ғалымдар
белгілі бір пікірге келген емес. Ол сөздерді белгілі сөз тапта-
рына жатқызу жөнінде бірнеше пікір бар. Кейбір ғалымдар оны
сықылды, секілді, сияқты, болар, тəрізді сөздерін шылау деп
білсе, енді бір топ ғалымдар оны бейтарап сөздерге жатқызып
жүр. Шындап келгенде, мұндай сөздерді
модаль cөздер деп беруді
біз жөн көріп отырмыз. Жалпы, мұндай модаль сөзді бастауыш-
тар тілімізде бар делінгенімен, ондай модаль сөзді бастауыштар
сияқты, тəрізді сөздерінің көптеліп келуі арқылы ғана жасала-
ды. Ондай кезде ол модаль сөздер көбіне
зат есім, есімдіктермен
ғана түйдекті тіркесте келеді. Мысалы: Мына
Əлжанов сияқ-тылар
алдаса керек мені (С. Адамбеков).
Сен сияқтылар да əдебиетте
жүр-ау («Қазақ əдебиеті»). Совет өкіметі болмаса
сіз сияқтылар
өмірі мұқтаждықтың тырнағынан шыға алар ма еді (С. Сейфул-
лин). Іштерінде «əкесі болды жетесіз, шешесі болды
некесіз»
деген сияқтылары да бар (С. Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: