456
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Тəуелдік жалғаулы сөйлемдік бастауыштар үш жақта бірдей
айтылады. I жақ:
Жылқы бақтым, жылап бақтым,
сиыр бақтым
сидаң қақтым,
ешкі бақтым еңіреп бақтым,
қой бақтым
қоңыраулаттым,
түйе бақтым, түйме тақтым дейтініміз де
сондықтан (Ө.Қанахин). II жақ: Айырылмастай дауыңа қайы-
рылмастай
сөз айтпа деуің жөн секілді, – деді хан (О. Бодықов).
III жақ: Қазақтың
«мұндай тірлікті итке бермесін» дегені менің
басымда емес пе? (О. Бөкеев.)
«Айтайын, аңғартайын» дегені
бұл
күндері мына момақан түліктің арқасына мінгесіп жүргендей
елестейді (Д. Досжанов).
-нікі, -дікі жұрнақты бастауыштар. Ондай жұрнақты сөз-
дер бастауыш қызметінде таза күйінде өзінің баяндауышымен
іргелес те, алшақ тұрып та байланыса алады. Ондай кезде
-нікі,
-дікі жұрнақты сөздер жекеше де, көпше де барлық жақта жұм-
сала береді. Мысалы:
Менікі де сол бала табу, нан жабу (Ө. Қа-
нахин).
Сіздікі дұрыс (М.Əуезов).
Біздердікі ең болмаса арты-
мыздағы қатын, балаларымызға аяушылығы болар ма екен деген
далбаса тілек (Ə.Кекілбаев).
Достарыңызбен бөлісу: