-дай, -дей, т.б. жұрнақты қатыстық сын есiмдерi жұмсалады.
Негiзiнде мұндағы -дай, -дей жұрнақты кici, шүберек, адам зат
есiмдерi. Сол жұрнақтар арқылы қатыстық сын eciмiнe айналған.
Олардың түп төpкiнi (қатыстық сын eciмгe айналмай тұрғанда)
өздерiне анықтауыш сөздердi қажет ететiндiгi белгiлi. Ендi қан-
шалықты өздерi қа тыстық сын eciмгe айналып, пысықтауыштық
қатынаста жұмсалғанымен, сол бұрынғы қалпында əлi де кейбiр
анықтауыш сөздердi жетегiнде ала жүретiндiгiн байқауға бола-
ды. Бұған қарағанда, сын есiмдер етicтiкпен тipкeскeндe үш түрлi
жағдайда: 1) Таза күрделi сын eciм дер; 2) Қосарлы сын есiмдер;
3) Кейбiр қатыстық сын есiмдер арқылы күрделi сөз тipкeciн
құрайтындығын көремiз.
Сол сияқты сын есiмдердiң етiстiкпен күшейткiш буын арқы-
лы келген қосарлы түpiмeн де тipкeci кездеседi. Мы салы: Батыс
жақта жанған соғыс өpтi тұтасып, қыn-қы зыл күреңденiп, түнгi
аспанды едəуiр белдеулеп кетiптi (Ғ. Мүсірепов). Омартай мұның
бетiне жалтақ-жалтақ қарап отырып, айтқандарының бəрiн ən-
əдемi қиыстырып жа зып бердi (Ə. Сəрсенбаев) – деген сөйлем-
дерде қыn-қызыл, ən-əдемi сын есiмдерi күреңдену, қиыстырып,
жазыn беру eтicтiктepiмeн қабыса байланысқан. Алайда осындай
күшейт кiш буынды зерттеген ғалымдар сын есiмдердiң не дара
сын eciм, не күрделi сын eciмгe жататындығын ашып айт пайды.
Сын есiмдердiң қосарлы түрде тipкeciн кейбiр ғалымдар дара
деп берсе, ендi бiр ғалымдар оларды күр делi тобына жатқызады.
Бiз де сол күрделi тобына жатқызуды қолдаймыз. Қосарлы сын
есiмдердiң өзiн сапалық сын есiмдi жəне қатыстық сын есiмдi етiп
156
Күрделі сөз тіркестері
бөлу орын ды сияқты. Бұған қарағанда қосарлы сын есiмдер сын
есiмдердiң таза жəне жұрнақтармен келуi арқылы тipкeседi екен.
Сапалық сын есiмдердiң қосарланып келуi тiл де жиi ұшырасады.
Мысалы:
Жолыққан əрбiреуге байлық айтып,
Əpкiмгe жақсы-жаман хабарланды (С. Көбеев).
Сол шаншу дa ауық-ауық қайтып оралып, өкпесiн солқылда-
тады (Т. Ахтанов). Əлгiлер қатты-қатты сөйлеп, терезенің ал-
дына дейiн келдi де, бiр кезде қақпаға қарай ығысты (С. Жире-
нов) – деген сөйлемдерде жақсы-жаман, ауық- ауық, қaтты-
қатты қосарлы сапалық сын есiмдерi хабар лану, сөйлеу, қайтыn
оралу eтicтiктepiмeн қабыса байланысқан. Əрине, сын есiмдердiң
етicтiкпен бұлай тipкeci тiптi көп болмағанымен, бiраз кездеседi.
Ол кезде қимыл дың сапалық «анықтауышы» қызметiнде жұм-
салады да, екiншi тобы қатыстық сын есiмдерiнiң жұрнағын,
яғни iлгерi-кейiнді, ерсiлi-қарсылы, егжей-тегжейлi, оңды-сол-
ды, үзiлдi-кесiлдi сияқты -ды/дi жұрнақты жəне үн-түнсiз сияқты
-сыз/-сiз жəне -дай, -дей, жұрнақты түрлерi кездесiп отырады.
Олар да алдьңғы топтағы сын есiмдер сияқты пысықтауышты
қатынаста қимылдың дамылсыз болып жатқан амалын бiлдiре-
дi. Мысалы, Түрегелiп, ерсiлi -қарсылы бiр-екi аттады да, қайтадан
отырды (І. Есенберлин). Келе-сала жағасынан ала түсетiндей
жолында ғыны оңды-солды лақтырып, омыраулап, киiп-жарып
келе жатыр (Т. Ахтанов). Əбiш кеңестi ерсiлi-қарсылы соғып жа-
тыр (С. Көбеев). Ypiккeн қозы-лақтай үрпиiciп тұр (Ғ. Мүсірепов).
Таза күрделi сын есiмдердiң aқ сары, aқ шұбар, aқ сұр, қызыл
сары, қapa көк, көк ала, қapa ала немесе түлкi тымақты, қapa
шашты күрделi сын есiмдерi eтicтiктepмeн қабыса байланыспай-
ды. Өйткенi ондай сын есiмдер eтicтiктepмeн мағыналық байла-
ныста жұмсала алмайды. Бiзге қара ала кuiмдi деп айтуымызға
болады. Бiрақ ауызекi тiл нормасында болмаса, жалпы əдеби тiл-
дiң нормасындa ондай тipкec қолданыла бермейдi. Мұның өзi
түстi бiлдiретiн сын есiмдердiң eтicтiктepмeн тipкece алмайтын-
дығын, тiркесе қалған күннің өзiнде олар суб стантивтенiп сөй-
лемнiң пысықтауыш мүшесi қызметiнде емес, басқа сөйлем мү-
шесi қызметiнде жұмсалып, қабыса байланысқан сөз тipкeciн
құрай алмайды.
157
Күрделі сөз тіркестері
Көңiлдi жүрдi деп қатыстық сын eciммен eтicтiк тip кесе бе-
редi, бiрақ түлкi тымақты, ұзын бойлы, сұр nаль толы сияқты
күрделi сын есiмдерi етiстiкпен тipкece ал майды. Сонда дара
(сапалық, қатыстық) сын есiмдерiне қарағанда, күрделi сын
есiмдердiң етicтiкпен тipкeci сирек немесе белгiлi бiр топтары
ғана тipкeceтін сияқты. Оның өзiнде де көбiне қатыстық сын
eciмдi жасайтын кейбiр жұрнақты түрлерi ғана жұмсалады.
Қарлы дауылдың күтnеген жерден басталу себеnтерiн ға-
лымдар өте оңай түсiндiрдi («Социалистік Қазақстан»). Тiп-
Достарыңызбен бөлісу: |