263
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
3.
Робот-манипулятор, икемдемелі өзгермелі-автоматтан-
дырылған өндіріс, икемдемелі өндірістік модульдер, икемдемелі
станоктар деген тіркестерді де атап өтуге болады.
Сол сияқты ЭЕМ-ды тіл білімінде де қолданады.
Осы жаңа-
лыққа сəйкес мынадай жаңа тіркестерді атауымызға бола-
ды:
түркі тілдерін математикалық жолмен зерттеу. Мыса-
лы: Шəкірттеріңізбен бірге бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп
жатқаныңызды білеміз, солардың бірі –
түркі тілдерін мате-
матикалық жолмен зерттеу («Қазақ əдебиеті»).
Электрондық
есептеу машинасымен аударма жасау. Мысалы,
солардың
бірі –
түркі тілдерін математикалық бағытпен зерттеу; екін-
шісі –
электрондық есептеу машинасымен аударма жасау мə-
селесі («Қазақ əдебиеті»).
Түркі тілдерін этнолингвистикалық жағынан зерттеу не-
месе
түркі тілдерін салыстырмалы түрде зерттеу секілді сөз
тіркестерінің қатарына бүгінгі таңда жоғарыда аталған сөз тір-
кесі енді.
Техниканың түрленуі нəтижесінде
минитрактор, капуста
жинайтын комбайн, агрегат машина деген тіркестер пайда бо-
лып отыр.
Трактор, комбайн, машина зат есімдері бұрыннан
белгілі. Осы сөздер
мини, капуста жинайтын, агрегат сөздері-
мен жаңа сөз тіркесін жасап отыр.
Комбайн сөзі жалпы мағына
береді. Себебі,
комбайн дегеннен-ақ біз бидай не күріш, жүгері,
мақта жинайтын техниканың түрі екенін түсіне қоямыз. Осы
тұрғыдан келгенде
комбайн сөзі жалпы мағына беріп тұрса, ал
капуста жинайтын комбайн тіркесі жеке мағынаны білдіріп
тұр. Комбайнның түрлерінің көбеюіне байланысты жаңа атау,
сол негізде жаңа сөз тіркесі пайда болды. Мысалы:
капуста жи-
найтын комбайн шығару
енді ғана қолға алынып, сериялық өн-
дірісі игеріле бастаған («Білім жəне еңбек»).
Сол іспеттес
агрегат машина, мини трактор тіркестері де
техника қатарының көбеюіне байланысты туған. Мысалы:
Мини
тракторларға арналған дизель Грузия ССР Ғылым академия-
сы машина механикасы институтында шағын дизельдің отандық
тұңғыш үлгісі жасалды («Білім жəне еңбек»). Бұл
агрегат
машинаның жұмыс əрекеті ерекше («Білім жəне еңбек»).
Ауылшаруашылығында мал
азығын жасау жұмысына ерек-
ше көңіл бөлінеді. Мал азығының əрі құнарлы, əрі жақсы болуын