Талғат сайрамбаев


II. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ



Pdf көрінісі
бет214/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

II. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ
Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бас 
мүшелерді айтамыз. Қазақ тілі білімінде болсын, басқа да 
түркітану саласындағы еңбектерде болсын тұрлаулы мүшелерге, 
негізінен, бастауыш пен баяндауышты жатқызатыны белгілі. 
Алайда кейбір еңбектерге көз жүгіртсек, тұрлаулы мүшелерге тек 
бастауыш пен баяндауышты ғана емес, басқа да сөйлем мүшелерін 
жатқызушылық кездеседі. Орыс тіл білімінің өзінде баяндауышты 
арнайы сөйлем мүшесі дейді де, ал бастауышты толықтауыштың 
бір түрі дейді. Кейде тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндау-
ышты жатқыза келіп, оның аясын кеңейтіп те жібереді. Сондықтан 
да кейде тұрлаулы мүшелердің құрамына толықтауыштың кейбір 
түрін, тіпті пысықтауыштың да кейбір түрін қосып жіберетіні 
кездеседі [1,60]. Міне, осы сияқты талас пікірлерді түркітану 
еңбектерінен де байқауға болады. В. Насилов «Роль сказуемого в 
уйгурском предложении» деген мақаласында тұрлаулы мүшелерге 
тек баяндауышты ғана қатысты деп біледі [2]. Автор сөйлемді 
тиянақтау жағынан келгенде тек баяндауыш қана басты тұлға деп 
ұғады да, оған ерекше мəн береді. Сол сияқты екінші бір көзқарас 
бойынша, тұрлаулы мүшелерге негізінде əрі бас тауышты да, баян-
дауышты да жатқызса, енді үшінші көзқарас бойынша тұрлаулы 
мүшелерге, яғни бастауыш пен баяндауышқа тура толықтауышты 
да қоса қарайды. Əрине, тұрлаулы мүшелер туралы əртүрлі 
пікірлер болғанымен, қазіргі кезде тұрлаулы мүшелерге баста-
уыш пен баяндауышты жатқызу орынды деп білеміз. Бірақ осы 
тұрлаулы мүшелердің қайсысы қайсысына қатысты деген мəселе 
төңірегінде де орыс тілінде, сол сияқты түркітану еңбектерінде 
əртүрлі талас пікірлер кездесіп отырады. Орыс тілі білімінің өзінде 
бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелерге жатқызып, 
осы екі сөйлем мүшелері өзара теңдік дəрежеде жұмсалады ма, 


433
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жоқ бірі екіншісіне қатысты ма? деген мəселенің төңірегінде де 
əртүрлі түсіндірушілік бар. А.А. Шахматов, А.И. Смирницкий, т.б. 
пікірлері бойынша, баяндауышты бастауышқа бағынышты сөй-
лем мүшесі десе [3], керісінше, Б.А. Абрамов, А.А. Холодович, 
И.П. Раскопов бастауыш баяндауышқа бағынышты деп ұғады [4]. 
Ал үшінші бір көзқарас бойынша, бастауыш пен баяндауыш бір-
біріне бағынышты емес, екеуі де сөйлемде тең дəрежедегі сөйлем
мүшелері [5], И.И. Мещанинов, И.Ю. Шведов бастауыш пен 
баяндауышты тіпті бір-біріне қатысты емес деп түсіндіреді [6].
Қазақ тіл білімінде бастауыш пен баяндауыштың бір-біріне 
қатысы туралы мына жайттарды айтуға болады. С. Аманжолов 
бұрынғы кезде бастауыш пен баяндауыш тең дəрежедегі сөйлем 
мүшелері деген пікірін теріске шығара келіп, сөйлемнің негізгі 
қазығы бастауыш, ол екеуі тең дəрежеде емес деген пікірді ай-
тады. Ол бастауыштың рөлін жоғары бағалайды да, баяндауыш 
бастауышқа тəуелді деп көрсетеді [7]. Ал М. Балақаев бастауыш 
пен баяндауыш арасына үзілді-кесілді шешім айтпай-ақ, олардың 
əрқайсысын синтаксистік қызметінің қай тұрғыдан қаралатынына 
қарай, бастауыштың ой иесі болу жағынан ерекшеленгенімен, 
сөйлемді тиянақтау жағынан келгенде баяндауыштың орны ерек-
ше деген қағидаға келеді. Бұл жерде автор оларды бір-бірінен 
алшақ тұратын категория емес, байланысты екендігін, дегенмен 
баяндауыш бастауышқа бағынатынын ашық айтады [8]. Ж. Бола-
тов, Р. Əміров баяндауыш бастауыштың грамматикалық көршісі, 
яғни бастауышқа бағынышты деген пікірге тоқталады [9]. Міне, 
жоғарыда көріп отырғанымыздай, тұрлаулы мүшелерге қай сөйлем 
мүшелерін жатқызу керек деген мəселе төңірегінде де, сол сияқты 
бастауыш пен баяндауыштың бір-біріне қатысы туралы да əртүрлі 
көзқарастар бар екенін байқадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет