435
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мен, оның ішінде баяндауышпен синтаксистік байланыста
айтылғанда ғана мағыналары айқындала түседі. Бастауыш бо-
латын сөздердің сөйлемдегі ойдың иесі болуы – негізгі шарт.
Бастауыштың дəрежесі баяндауышпен тығыз байланыста ғана
айқындала түседі. Мұның кейбір еңбектердегі ойдың иесі деу-
ден гөрі сөйлемнің баяндауышы арқылы айтылған қимылдың,
сапаның кімге қатысты екені осы пікірмен ұштасып жатса ке-
рек.
Сол
сияқты бастауыш басқа мүшелерге бағынбайтын дейтін
қағида да баса айтылады. Бұл қағида негізінде тұрлаулы мүшелер
төңірегінде ғана сөз болса керек. Тұрлаулы мүшелер сөйлем
құраудың негізі екені айқын да, ал тұрлаусыз мүшелер туралы олай
айту келе бермейді. Тұрлаулы мүшелер біріне-бірі бағынышты,
бағынышты емес деген үзілді-кесілді пікірлерде біз жоғарыда
айтқанымыздай, сөйлем мүшелері тек бір-бірімен байланысқан
кезде ғана ой айқындалатынын білеміз. Олай болса, бастауыш
сөйлемде басты тұлға, бірақ оны бағынбайды деп айтуға келе
бермесе керек. Сол сияқты бастауыштың тұлғалық ерекшелігі де,
əсіресе, атау септікті сөздер бастауыштың тұлғасы дейтін мəсе-
ленің де жігі – күрделі мəселе. Атау септіктегі сөздердің барлы-
ғы тек бастауыш қана болады дейтін пікір қате. Біздіңше, атау
тұлғалы сөздердің сөйлемдегі қолдану ерекшеліктеріне қараудан
барып қана, яғни ондай тұлғалы сөздердің бүкіл сөйлемге не-
месе өзі қатысты сөздермен қатысын айқындау барысында ғана
бастауыштың қасиетін ажырата аламыз. Сонымен, бастауыш,
оның ережесі туралы мынадай қорытындыға келу орынды сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: