Талғат сайрамбаев


Зат есімді күрделі бастауыштар



Pdf көрінісі
бет220/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   332
Зат есімді күрделі бастауыштар. Күрделі бастауыштар 
кемінде екі немесе одан да көп сөздерден құралады. Күрделі 
бастауыштардың жасалуында мағынасы бар бірнеше сөз, негізгі 
сөз
бен көмекші сөздер, тұрақты тіркестер мен сөйлемдер де 
қолданылады. Осы ерекшеліктеріне сəйкес күрделі бастауыш-
тарды түйдекті тіркесті, сөз тіркесті, тұрақты тіркесті, сөйлемді 
деп бөліп, əрқайсысын жеке-жеке көрсетуді жөн көрдік. Күрделі 
бастауыштың дара бастауыштарға қарағанда сөз санынан да, 
мағыналық жағынан да өзіндік айырмашылығы бар. Күрделі бас-
тауышта күрделену процесі əртүрлі. Бірақ күрделену процесінде 
негізгі сөздер зат есім де немесе негізгі сыңары зат есім болып, 
оған күрделі анықтауыштық топтағы сөздер де мағыналық жа-
ғынан бірлікте жұмсалады. Əсіресе күрделі бастауыштың жаса-
луында негізгі мағыналы сөздер мен оны күрделендіруші топ-
тардың мағыналық бірлігін айқындау мəселелері бізге қиынға 
түсетіні белгілі. 
Күрделі бастауыштың жасалуында күрделі есімдер мен күр-
делі атаулардың жұмсалуының қиындық келтірмейтіні айқын. 
Мысалы: Мүбарак Тегісбаев XXVII съездің делегаты бо лып 
сайланды («Соц. Қазақстан»). Осындағы бастауыштың күрделену 
процесі тек жалқы есімдік қасиетке ие болудың негізі. Кейде: 
Шешелері Ұлберген жасы қырық бес шамасындағы кісі (С. Мұ-
қанов). Йемен Халық Демократиялық Республикасының астана-
сы Аден деген қала осы екен ғой (А. Шамкенов) деген сөйлемдер-
дегі Шешелері Ұлберген, Аден деген қала бастауыштарының жа-
салуында мағыналық бірлік басты фактор болып табылады. Сөз 
табы жағынан алғанда бірінші сөйлемдегі күрделі бастауыштар 
əртүрлі тұлғадан келіп құралса, екінші сөйлемдегі бастауышта зат 
есімдермен бірге оларды байланыстырушы көмекші етістік те бар. 
Былай қарағанда Аден деген қала сөзін анықтауыш деп те айтуға 
болады, бірақ тек қала деген зат есім бастауыштық қасиетке бір 
өзі ие бола алмай, айқындауыштың жаңа формасын қалыптас-
тыра бастады. Бізде екі сыңары да мағыналы ата-ана, жақсы-
жаман сияқты қос сөздер іспетті, Жамаш – əжей, Дариға – сұм 


444
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сияқты формалар да тілге енуде. Олар осы құрамда келіп те 
сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Жамаш – 
əжей сиырын қорадан жетектеп шықты да, бақташының алдына 
салып берді (М. Мақатаев). Ал Дариға – сұм сыңғырлап күліпті де, 
əрі қарай жүре беріпті (М. Мақатаев).
Күрделі бастауыштардың жасалуында күрделі есімдердің 
бірінші сыңарының ашық не жасырын келіп мағыналық бірлікте 
жұмсалуы жиі кездеседі. Бастауыштардың бұл жасалу жолы 
барлық оқулықтарда арнайы сөз болды. Мұндай тұлғалы бастау-
ыштар жалқы есімдерде жəне жай тіркестерде мол кездеседі: Кітап 
процесі – жанды процесс (С. Шаймерденов). Сол дөңнің басында 
бір белорусс қызы тұр (С. Сейітов). Аталған жерлерге қонақ үйлер 
де, ас үйлер де тігілген екен (М. Əуезов). 
Сын есім, сан есім, кейбір есім мен есімше зат есімдерге 
анықтауыштық қатынаста жұмсалуға тиісті сөздер. Дегенмен 
сөйлем ішінде ол сөздер үнемі анықтауыш қызметінде ғана жұм-
салып қоймай, кейде өзі анықтайтын сөзімен мағыналық 
тұтастықта жұмсала береді. Онда екі нəрсеге назар аударуымыз 
тиіс. Біріншіден, кейде нағыз бастауыш болатын зат есімдер өздері 
жеке тұрып, сол сөйлемнің толық иесі бола алмайды, екіншіден, 
сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер өзі қатысты сөздердің 
нақты анықтауышы бола алмайды. Міне, екі жақты қатыста ғана 
əрі зат есіммен, əрі басқа сөз таптарымен енді бірлікте болып
жалпы сөйлемде ойдың иесі дəрежесіне ие болу бағыты толық 
айқындалады. Табиғи бірлік болмағанымен, сол сөйлемнің өн 
бойына қатысты бірлік пайда болу арқылы бір күрделі бастауыш 
дəрежесіне ауысады. Бірақ мағыналық жағынан келгенде негізгі 
мағына зат есімдерде болады. Мысалы: Сол сөз, менің сөзім 
(М. Əуезов). Тап осындай мидай даламен келе жатқанда, барар 
жерімізде адам тұратын елді мекен бар шығар-ay (Ғ. Мүсірепов). 
Осы сөйлемдердегі сөз, мекен зат есімдері сол қалпында нақты 
бастауыш бола алмайды, олар бастауыш делінгенімен, мағыналық 
тиянақтылық онша айқын емес. Сондықтан да сын есім, есімдік 
жəне есімшелер зат есімдермен мағыналық бірлікте тұрғанда ғана 
бастауыш қызметінде жұмсалады. Яғни бірінші сөйлемде баста-
уыш – сол сөз де, екінші сөйлемдегі бастауыш – елді мекенСөз 
жəне мекен зат есімдеріне сол, елді есімдігі мен сын есім бірлікте 
келіп тұр.


445
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сын есім мен зат есімнің тіркесі арқылы: Жаңа күн өзінің 
жаңа тілегін жас көңілмен айтады (М. Əуезов). Жақсы жол – 
елге жора (М. Əуезов). Сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы: 
Балғабайдың Асқар көрген бір ерлігі осы (С. Мұқанов). Он екі 
қанат үйдің əр керегесін төрт жігіт қолдасып, əрең жайды (Ғ. Мү-
сірепов). Есімдік пен зат есімнің тіркесі арқылы: Риганы бұрын-
ғысынан да сəулетті, көрікті қалаға айналдыруға бүкіл еліміз 
атсалысуда («Жұлдыз»). Осы ауыл саған ұнай ма? – деді Тұрар-
бек тосыннан. Қай жағынан? Бұл тапқаны – Абдулақан мұғалім 
(Б. Майлин). Есімше мен зат есімнің тіркесі арқылы: Əйтеуір 
жазған нəрсең өзімнен кетті, енді оқырман қолына барып жетті 
деп тоқмейілсу қаламгерге қол емес (С. Шаймерденов). Күрделі 
бастауыштардың жасалуында бір сөздің қайталанып жұмсалуы 
да үлкен рөл атқарады. Сөздің қайталанып қолданылуына себеп, 
дəнекер болатын қосымшаның бірі – екеш. Мұндай кезде кө-
біне жалпы есімдер көп қолданылады. Зат есімдердің бірінші 
сыңары көбіне нөлдік тұлғада жұмсалса, екінші сыңары көбіне 
нөлдік те, кейде тəуелдік жалғауларында да келе береді: Жан ра-
хатын құс екеш құс та біледі, – деп Жарас Аманқұлға рюмка-
сын тосты (Ш. Мұртазаев). Тырысқан маңдайының əжім екеш 
əжімі де білем-білем (Ə. Кекілбаев). Бізге өсек екеш өсек те өзек 
талдырып əзер жетеді (Ө. Қанахин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет