Талғат сайрамбаев


Тəуелдік жалғаулы сын есімдер



Pdf көрінісі
бет222/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   332
Тəуелдік жалғаулы сын есімдер. Сын есімдер зат есімдер-
дей дəрежеде болмағанымен, олардың заттану процесінің бір 
түрі – тəуелдену процесі. Мысалы: Мықтысы əлсізін талап, қыр-
қысып жатқан мына қиянаты мен күнəсі мол дүниеде күнəһар 
болмай, тал бойын таза аялап жүрген жалғыз кісі бір өзі сияқты 
(«Жұлдыз»). Үлкендері жастарын наздана қарпып жібереді 
(X. Есенжанов). Игі істің ертеңгісі жақсы (Мақал).
Сын есімді күрделі бастауыштар. Сын есімді күрделі бас-
тауыштар күрделі сын есімдердің заттануынан жасалады. 
Мұндай кезде күрделі сын есімдер əдеттегі дара сын есімдерше 
заттық мағынаға ие болады. Күрделі сын есімді бастауыштарға 
келгенде екі нəрсеге баса назар аудару қажет. Бірінші – сын 
есімдерді күрделендіретін жайттар, екінші – күрделі сын есімді 
бастауыштардың тұлғасы. Сын есімді күрделі бастауыштардың 
күрделенуіне тек күрделі сын есімдер ғана қатыспайды, соны-


447
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мен бірге басқа да сөз таптары да қатыса алады. Жалпы, сын 
есімдер – өздері анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз табы. 
Сондықтан да олар заттану процесінде сол заттың қасиетіне 
лайық сын есімдермен мағыналық бірлікте бір-ақ сөйлем мүшесі, 
яғни күрделі бастауыш ретінде жұмсалады. Шалдыққаны білінер 
ме екен деген күдік күшейген кезде, күрең төбел, тіпті, егесе 
түскендей (М. Əуезов). Есіктен салқын ауамен бірге үстіне қалың 
тон киген жуан қара кіріп келеді (Т. Ахтанов).
Қатыстық сын есім мен заттанған сын есім арқылы: Қасқыр 
ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады (С. Кө-
беев). Алдыңғы жақсы артқы жасқа тəлім айтпаса, ел болғаның 
қайсы? (М. Əуезов).
Кейде заттанған сын есімдер дербес мағыналы болғанымен, 
бəрібір сөйлемде иелік мағынаға толық жете алмай, міндетті 
түрде тағы да толықтырушы сөздерді керек етіп тұрады. Он-
дай кездегі толықтырушы сөз таптары əртүрлі. Зат есімдер мен 
заттанған сын есім арқылы: Бұл жиында Ызғұтты, Жақып, 
Майбасар сияқты үлкендер жəне баладан Құдайберді, Абай бар 
(М. Əуезов). Ілік жалғаулы зат есім мен заттанған сын есім арқылы: 
Көздерінің аласы қызарып, кезерген ерні кебек жалағандай ақ 
шаңдақтанып кетіпті (Р. Райымқұлов). Ауылдың үлкендері көрсе 
жібермейді (М. Əуезов). Сан есім мен заттанған сын есім арқылы: 
Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды. Екі жаман қосылса, 
кең дүниеге сыйыспайды (Мақал). Жадау бір торы мұның үйінің 
алдында да намаз оқығандай мүлгіп тұр (Ғ. Мүсірепов). Есімдік 
пен заттанған сын есім арқылы: Осыдан соң барлық үлкендер 
қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Əуезов). Бұл кəрілер сұрау 
салмайды (М. Əуезов). Етістік пен заттанған сын есім арқылы: 
Соқтыққыш жуандар көкірек керсін. Қайтпас қария жалғыз ауыз 
өлеңмен жайратты да салды (М. Əуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет