Талғат сайрамбаев


Сан есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет223/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   332
Сан есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Сан есімдер 
де сын есімдер тəрізді затқа қатысты, яғни онымен тіркесте 
көбіне анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз табы. Егер сын 
есімдер бүтіндей затқа қатысты ғана жұмсалуға тиіс болса, ал 
сан есімдердің қызметі əртүрлі. Сан есімдердің ішінде бастауыш 
қызметінде жұмсалуға ыңғайы барлары есептік, реттік сан есім-
дері, кейде жинақтық, болжалдық сан есімдері туралы да осы-


448
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ны айтуға болады. Мұның өзі сан есімдердің морфологиялық 
өзгерісіне байланысты. Морфологиялық өзгеріске көбірек ұшы-
райтындары есептік, реттік сан есімдері. Сан есімнің жоғарыда 
көрсетілген түрлері көбіне тəуелдену арқылы ғана бастауыш 
қызметінде жұмсала алады. Міне, бұған қарағанда сан есім 
түрлерінің бастауыш қызметінде жұмсалуының бəрі бірдей 
қолданыла бермейтінін көреміз. Сан есімдердің ішінде есептік
реттік сан есімдері атау септігінде көптеліп, тəуелденіп келіп те 
бастауыш қызметінде жұмсала береді. Ондай кезде олар дара жəне 
күрделі түрінде немесе заттанған сан есімдер енді өздері де түрлі 
анықтауыш сөздерді жетегіне алып, сол тобымен күрделі баста-
уыш қызметінде жұмсалады.
Сан есімді дара бастауыштар. Дара бастауыш қызметіндегі 
сан есімдер нөлдік, көптік жəне тəуелдік жалғауында тұрады. 
Атау септікті сан есімдер. Ондай кезде көбіне есептік жəне 
жинақтық сан есімдер көп кездеседі: Алтау ала болса, ауыздағы 
кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Аларманға алтау аз, 
берерменге бесеу көп (Мəтел).
Тəуелдік жалғаулы сан есімдер: Төрт баладан біреуі-ақ қалды 
деп жазарсыз, – деді Неволя Əлішерге (Ғ. Мүсірепов). Үшеуі 
келгелі айдан асты (Ғ. Мұстафин). Оқып жүргенде екеуміз сыр-
ласушы едік (Б. Момышұлы). Екеуіңіз бір жерден шықтыңыз 
(X. Есенжанов). Ондай кезде реттік сан есімдер де тəуелденіп 
мол жұмсалады: Екіншісі өзінің қолындағы кіші ұлының 
келіншегінің төркінінікі (С. Сейфуллин). Тəуелденіп жұмсалатын 
сан есімдер қосарланып келіп, бастауыш қызметінде жұмсала 
береді: Ал үш қудың біреуі не тіпті екеу-үшеуі бірдей кездесіп
қалса ше? (С. Сейфуллин).
Сан есімді күрделі бастауыштар. Сан есімдердің ішінде күр-
делі бастауыш қызметінде таза сан есімді түрлері көп жұмсала-
ды. Ілік жалғаулы сан есім мен тəуелдік жалғаулы сан есім тіркесі 
арқылы жасалады. Ондай кезде бағыныңқы сыңарлары ілік 
жалғаулы сан есімнің екінші сыңарлары есептік, реттік жəне топ-
тау сан есімдері тəуелдік жалғауында келеді: Əлде екеуінің біреуі 
қора маңында адасып жүр ме екен? (Т. Ахтанов). Бұл екеуінің 
біріншісі – Нияз, екіншісі Отар еді (С. Сейфуллин). Бөлшектік 
сан есімдердің қатысуы арқылы: Сауын сиырдың жүзден жиыр-


449
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ма бесі асыл тұқымды болса, жүздің бергенін береді (Ғ. Мұста-
фин). Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға бай-
ланысты (А. Шопенгауер). Алты қанат қызыл отауға жиналған 
халықтың оннан бірі сыймайды (Ғ. Мұстафин). 
Атау тұлғалы зат есім мен тəуелдік жалғаулы сан есімдердің 
тіркесі арқылы: Магид екеуміз бізді қарсы алған жергілікті 
жазушылардың соңына ердік (А. Шамкенов). Ілік жалғаулы есім-
дік пен тəуелдік жалғаулы есептік сан есімнің тіркесі арқылы: 
Осы күні оның бірі жоқ, басқа бір Райханды ауыстырып тастап 
кеткен тəрізді (З. Шашкин). Атау тұлғалы есімдіктер мен тəуелдік 
жалғаулы сан есімдердің тіркесі арқылы: – Е-е, сыбаға үлесті-
руші сен екеуің болсаң,
айтарсың? – деп, қолын сілікті (М. Əуе-
зов). Ол екеуі де бұған өтірік көлгірсіп жүрген жоқ (Т. Ахтанов). 
Сен екеуміз қайтеміз шариғат салыстырып, – деп, Шыңғали сөз 
аяғын бұра салды (Б. Аманшин).
Кейде сан есімдер басқа сөздермен түйдекті түрде келуі арқылы 
жұмсалады. Мысалы: Таиланд, Сингапур халқының тоқсан бес 
процентіне жуығы қытайлар (С. Бердіқұлов). Шотбаев баяғыда 
Қызылордада кездескен Нартуғанды ұмыта алмай жүргенге 
ұқсайды. Отыз жетінші жылғысы анау. Қырқыншы жылғысы  
мынау (О. Сəрсенбаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет