Талғат сайрамбаев


Сын есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет221/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   332
Сын есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Сын есім-
дер – табиғатында анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз тапта-
ры. Олар заттың түрлі сындық, сапалық белгісін, көлемін, аумағын 
білдіретін сөздер. Сондықтан да олар – тек зат бар жерде пайда 
болып, оның қасиетін сапалық жағынан айқындаушы сөздер. Сын 
есімдер осы қасиетіне сай зат есімдердің алдында келіп, яғни оны-
мен қабат тұруы арқылы бастауыш қызметінде жұмсалады. Сын 
есімдер затқа қатыстылығы арқылы сол зат есімнің анықтауышы 
ретінде жұмсалып, келе-келе олар сөйлемде тек анықтауыштың 
қызметімен бірге басқа да сөйлем мүшелері, соның бірі баста-
уыш қызметінде де жұмсала алатын дəрежеге ие бо лып отыр. 
Мұның өзі – бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тіпті, зерт-
тей келгенімізде осы тұлғаның Орхон-Енисей ескерткіштерінде 
де кездесетіндігі айқын болды. Сонда затқа қатысты сын есімдер 
енді олардан ажырап, өз алдына жеке сөйлем мүшесі болуда нен-


446
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дей өзгерістердің негізінде қалыптасуы мүмкін деген сұрақ та 
туады. Сын есімдер бастауыш қызметінде дара жəне күрделі 
түрінде жұмсалады.
Сын есімді дара бастауыштар. Ондай кезде сын есімдер кө-
біне нөлдік тұлғада заттану процесінде көп кездессе, ішінара 
қосарлану арқылы да кездесіп отырады: Жақсы ісімен жақсы. 
Жаңа ескіге өлшеуіш (Мақал). Бас бəйгеге ірі қара тігіледі 
(Ə. Қоңыратбаев). Осы сөйлемдердегі асты сызылған сөздер дара 
түріндегі бастауыштар болса, кейде қатыстық сын есімдер де 
заттық мағынаға ие болып, бастауыш бола береді: «Білекті бірді 
жығар, білімді мыңды жығар» дейді қазақ (Ə. Қоңыратбаев). Ар-
балы ауылға төніп келіп, біздің үйге бұрылды (Б. Майлин). 
Көптік жалғаулы сын есімдер. Көптік жалғаулы сын есім-
дердің сапалық та, катыстық та түрлеріне жалғанып барып, он-
дай бастауышты сөздердің көптік қасиетін көрсетеді. Мысалы: 
Үлкендер қатты қорқытқан болу керек, өйткені үйдегілер дауыста-
рын шығара алмай, жаншылып, егіліп жылайды. Үйдегілер тегіс 
есік жаққа қарап, елең ете қалысты (Б. Тілегенов). Əсіресе, ажымы 
мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тəрізді (М. Əуезов). Қазақ 
даласын көмірдей басып ақтар өтті. Оның артынан қызылдар 
келді (Ж. Аймауытов). Əлсіздер бұраңдан, сабырсыздар шатынай 
бастаған (Ғ. Мұстафин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет