Талтенов Абзал Ахатұлы бірінші рет еңгізілді мазмұны Мазмұны Жалпы мағлұмат Нормативтік негіздері Жалпы мағлуматтар Ұсынылған әдебиеттер тізімі Глоссарий Оқұтышының жұмыс бағдарламасы


Тақырып : ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ – ДЕНСАУЛЫҚ ТІРЕГІ



бет10/21
Дата13.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#42885
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
6. Тақырып : ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ – ДЕНСАУЛЫҚ ТІРЕГІ
1.Дене шынықтыру және терморегуляция
2.Су – тіршілік тірегі
Арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындыларына қарағанда,спортшылар әлемде кездеспейтін рекордтарды жасайды. Оның себебі арнаулы түрде жаттығу мен ағзаның ерекше әсерінен екені анықталды. Адам ағзасында шек жоқ екені байқалды. Әдетте жай уақытта жасай алмайтын нәрселерді қиналған,күйзелген кезде адам тез жасайды да өзі қайран қалады.Адам ағзасы –86 градусқа жететін суықтыққа +50 градус ыстыққа шыдай алады. Мұндай жағдайға шыдау үшін арнаулы жаттығулар жасау керек.
Денені шынықтыру дегеніміз –кез келген физикалық жаттығу. Оның белгілі заңдылықтары мен принциптері болады. Осы принциптер мен заңдылықты сақтай отырып,адам айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әрекетін жеңе алады.

ТЕРМОРЕГУЛЯЦИЯ


Өте жақсы дене шынықтыруды өткізу үшін ең алдымен терморегуляцияның механизмін білу керек. Жер бетіндегі барлық ағзалар айналаны қоршаңан орта факторларының әсер етуіне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататын ағзалар-суық қандылар /пойкилотермдер/, өздеріне қажетті температураны сыртқы ортадан алыпотырады. Екінші топтағы жануарлар –жылы қандылар /гомонотермділер/. Айналаны қоршаған сыртқы орта температурасына байланысты. Ағзаларындағы температура тұрғылықты.
Адам ағзаларының температурасының тұрақты болуы өте күрделі биологиялық ж/е физикалық-химиялық үрдістердің терморегуляциясы механизмдері мен байланысты. И.П.Павловтың айтуына қарағанда терморегуляцияның механизмін жетілдендірусіз адам ағзасында тұрақты температураны сақтауға болмайды.
Осыған орай бірнеше сауал туындайды. Адам денесінде әр түрлі органдарында температураның мөлшері қандай. Арнаулы жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда,адам денесінің температурасы тұрақты болады деп айту салыстырмалы түрде айту деп ұғыну керек. Адам денесінің ашық болуы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасының әсеріне қарай тез төмендеп кетеді. Ал жабық денедегі температура онша өзгеріске ұшырамайды. Ішкі органдардың температурасы айналаны қоршаған сыртқы температурасымен байланысты,онша көп өзгеріске ұшырамай,тұрақты түрде болады. Денеің температурасының ауытқуы тәулік бойы үнемі өзгеріп отырады. Температураның өзгеруі киген киімге байланысты болады. Ауыр жұмыс істеген адамдардың температурасы үнемі өзгеріп тұрады. Спортшылардың дене температурасы әрқилы болып ауытқиды. Температураның өзгеруіне ағзаның физиологиялық жағдай,әйел адамдардың жүкті болуына байланысты. Дененің температурасы тәулік бойына 0,5-0,7 градус С ғана өзгереді. Дененің температурасы кешке қарай сағат 16-18-де өте жоғары деңгейге көтеріледі. /37,0-37,1/. Түнде сағат 3-4-те температура өте төмен деңгейде болады /36,2-36,0/ қарт адамдардың дене температурасы онша жоғары деңгейде болмайды /35-36/.
Ішкі органның температурасы әр түрлі. Ең ыстық орган бауыр. Оның температурасы 38-40 –қа жетеді. Қолтықтағы температура 36,5-36,9 : әдетте қолтыққа градусник қойып температураны анықтайды. Тік ішек температурасы 37,2-37,5. Қанның температурасы дене температурасына сәйкестенеді. Адам ағзасы температураға байланысты жылу бөліп отырады. Жылудың көлеміне сәйкес температура өзгереді. Жылу зат алмасу үрдісіне байланысты. Ішкен тағамдарға да байланысты болады. Энергияның өлшемі үлкен калория /ккал/ немесе килоджоульмен белгіленеді.
Адам ағзасынан бөлініп шығатын энеригияның мөлшері үш шамадан тұрады: 1/негізгі зат алмасудан:
2/ тамақтану кезіндегі энеригя: 3/ физикалық ж/е еңбектерінің әсерінен энергия түзіледі.негізгі зат алмасудан пайда болған энергия,адамның тіршілігін қамтамасыз етуге,тыныс алуға,жүрек қызметіне,бұйректің жұмыс жасауына жұмсалады.
Ересек адамның әрбір кг массасына 24 ккал энергия болады.терморегіляция үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Тамақтанған кезде терморегуляция жоғарылап,тамақ ішпеген кезде терморегуляция төмендейді. Жылу үнемі алмасып отырады. Жылу адамның терісі арқылы айналаны қоршаған ортаға тарап отырады. Терморегуляция екі жолмен өзгереді:
1/ нервті терморегуляция, 2/ гуморальды терморегуляция. Терморегуляцияның барлық көрінісі 3 кестеде көрсетілген. Терморегуляция жоғары нерв ж.йесі арқылы реттеліп отырады. Адам денесінің терморегуляциясы шексіз. Адам күйзелген кезде немесе өорыққан шақта терморегуляция төтенше жағдайда өтеді. Суық тердің ағзадан бөлініп шығуы тегіннен –тегін емес екендігі байқалады. Ағзада төтенше түрде физиологиялық үрдістердің жүргенін көрсетеді:

  1. жылы ж/е суық температураға үйрену

  2. зат алмасудың жақсаруы

  3. терінің жүқпалы ауруларға қарсы тұруы

  4. ішкі бездер жүйесінің қияларының қалыпты қызмет істеуі

  5. қорғаныс қасиеттерінің гипофизбен бүйректің үстіндегі қабаттарында пайда болуы

  6. баспаның /ангинаның/ қарсы алдын алу.

Денені шынықтыру адамның күш-жігер қабылетін дамытып,денсаулығын жақсартады. Денені шынықтыруға дене тәрбиесі,арнаулы ғылыми білім,спорттағы табыстар жүйесі енеді. Денені шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасы,демалыс ж/е еңбектің дұрыс режимін,сонымен бірге денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін күн мен ауаны ж/е суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиді. Денені шынықтырудағы мазмұны мен қолдану әдістері қоғамдық қатынастардың өзгеруіне тікелей байланысты. Республикамызда көптеген дене шынықтыру орындары бар. Экономикалық жвғдайымыз жақсара түсуіне байланысты дене шынықтыру орындары жылдан-жылға көбейе түсуі сөзсіз. өткені спортқа деген құмарлық өте көп. осыған орай Қазақстан Республикасы мектептерінде валеология пәні міндетті түрде жүргізіле бастады. Денені шынықтыру валеология ғылымының ең бір көрнекті саласының бірі.дене шынықтыру мәселесімен айналысқан оқушылар әрқашанда мемлекет тарапынан қолдау табады.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру кадрларын дайындайтын университет бар. Бірнеше техникумдар мен арнайы факультеттер жұмыс жасайды. Мемлекетіміз дене шынықтыру ұйымдары халықтар,федерациялармен,олимпиадалық ұйымдармен тығыз байланыс жасап отырады. Елімізге қандай да болмасын қиыншылық болғанымен,дене шынықтыру жұмысын күн тәртібінен бірде-бір уақыт тыс қалдырған емес.
7. ТАҚЫРЫП: ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
БИОХИМИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.Дене шынықтыру
2.Дене шынықтырудың физиологиялық және биохимиялық негіздері
3. Таза ауа тіршілік кепілі
Дене шынықтырумен Ресей халықтары көне заманнан бері айналысқан. Орыс деревняларында ыстық моншаға түсіп, оның буына қаныққан адамдар далаға шығып алып қарға аунап, қайтадан ыстық моншаға түсіп буға оранған. Мұның өзі денсаулықтың негізі еді. Сондықтан да орыс адамдарының дені әрқашанда сау болған. Қазақтар күндіз-түні далада мал бағып, денесін үнемі шынықтырып жүрген. Белгілі бір жағдайларда адам өз ағзасының ауа-райының қолайсыз әсерлерімен ж/е айналаны қоршаған сыртқы орта факторларынан қорғаныс қабілетін күшейте түседі. Бұған жүйелі ж/е ұтымды түрде жасалған валеологиялық жаттығулар жасаумен қол жеткізуге болады. Ағзаны шынықтыру деп осыларды айтуға болады.әдетте шынықтыруды ағзаның суыққа деген төзімділік тұрақтылығының деңгейі деп кейбір ғалым-физиологтар мен медиктер түсіндіреді. Өйткені суыққа деген жоғары сезімталдылық қалыпты жағдай бойынша тұмаумен /грипп/ қосақталып келіп,ағзаны нашарлатады. Ең алдымен тыныс жолдары қабынып,мұрыннан үздіксіз су ағады. Ағзаның температурасы кенеттен жоғарылайды. Алайда шынығуды тек дерттің алдын алудың тәсілі деп түсінудің қажеті жоқ,сондай-ақ, ағзаның қорғаныс қасиетін жоғарлататын ж/е сан алуан климаттық жағдайларда қызмет етуге қабылеттіліктің төмендеуі деп түсіну керек. 2§ 2/. Шынығудың физиологиялық-биологиялық негізі ағзаның айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларына сай икемділік мүмкіндіктерін белсенді түрде дамытады. Шынығу кезінде ағзаның біріншіден айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен арадағы биологиялық тепе-теңдікке жету,екіншіден ағза ішіндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістер арасындағы бұзылмаған қалыптысақтау. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен қашан да,қай мезгілде,жыл маусымдарында болмасын ағза биологиялық тепе-теңдікті сақтай алса,онда адам ұзақ уақыт өмір сүреді. Ғұмыры ұзақ болады. Ал, егер биологиялық тепе-теңдік бұзылған кезде, онда адам тіршілік үрдісін тоқтатады. Тіпті қалыпты жағдайдың өзінде де ағзада қалыптан тыс ауытқулардың үзіліссіз өзара ықпал әрекеттері өтіп отырады. Олардың керекті ағзаның икемдігіш типтік-тегершіктермен жедел жөнге келтіріліп отырады. Бұл табиғат күшіне байланысты жүреді.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ


1/Біртіндеулік ; 2/жүйелік ; 3/ адамның денсаулығының ауытқуына байланысты жеке бастың аутогендік ерекшеліктерінің есебі ; 4/дене шынықтыру үрдісінде күн энергиясын,суық суды ж/е ауаны кешенді түрде пайдалану ; 5/күнге қыздырыну. Күн сәулесінің энергиясы емдікке халық ежелден пайдаланып келеді. әдетте күн сәулесінің радиациясы үш түрден тұрады: 1/төте радиация;
2/шағылысу; шашыранды радиация; 3/ультра фиолеті.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА АРҚЫЛЫ ДЕНЕНІ ШЫНЫҚТЫРУ
атмосфералық ауамен адамзат баласы бірге өсіп,біте қайнасып келе жатқан ежелгі тіршілік тірегі. Оттек-бүкіл тіршілік дүниесі ең бірінші қажетті заттарының бірі. Онсыз өмір сынын өкпесі бір минуттің ішінде 12-13 метрдей, ал тәулігіне 7280 л оттек жұтады да, көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Сөйтіп,олар ауаны бұзады,ал жасыл,өсімдік күн сәйлесінің әсерімен /энергиясымен көмір қышқыл газын сіңіреді де оттекті атмосфералық ауаға бөліп шығарады. Қай жерде жасыл өсімдіктер көп өссе,сол жердің ауасы өте таза келеді. әсіресе орман-тоғай іші. Адам ағзасына әсер ететін негізгі фактор атмосфералық ауаның температурасы.
3/ ТАЗА АУА – ТІРШІЛІК КЕПІЛІ
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ ж/е оларға қоса өте маида бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді ж/е жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған км жерге айдап апарады. Міне,сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады.
Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу,адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы,калалардың ұстің, 2000-2500 м биіктік көлемінде, әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл /не тұман екені,не бұлт екені белгісіз/ түтін басып тұрады. Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Осыған байланысты қала ішінде жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз,тері,өкпе дерттерін адамға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша,жаз айларында күн сәулесінің 20-дан 50 процентке дейін қала үстіндегі күн сәулесінің спектрлік құрамын өзгертеді. Алматы үстіндегі күн сәулесінің спектрлік құрамында тек 0,5 процент ультракүлгін сәуле бар екені анықталады. Алатау бөктеріндегі ультракүлгін сәулелердің мқлшері 20 процентке жететіні белгілі болды.
Өнеркәсіп орындары атмосфераны әр түрлі газдармен ж/е ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен де ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір,қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 0,3-0,5 процент өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0,003 процент. 1988 жылдан бері оның көлемі тағы да 1,13 процентке өсті. Егер ауаның көмір қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтижеге бермейтіні белгілі. Егер көмірқышқыл газы жинала берсе,онда күн сәулесінің энергиясы жерге жетпей биосферадағы сулар қатып қалып мұзға айналады, яғни,мұз дәуірі қайтадан оралуы мүмкін деген болжам бар. Ал екінші көзқарасқа тоқталатын болсақ,онда ауада көмір қышқыл газының мөлшері көбейеді де, жер бетіндегі энергия космос кеңістігіне тарамай қалады,ауаның температурасын жоғарлатып
Жібереді. Сол себептен жер бетіндегі мәңгі қарлар мен мұздар еріп теңіздер мен мұхиттардың сулары көбейіп,деңгейлері көтеріледі,яғни ауаның жылынуын көпшілік біледі. Оның күнделікті радио-телевизор хабарлары айтып жатады. Газет-журналдардан жазылғандай 0,04 процентке дейін СО,жиналуы ғалымдардың болжауы бойынша,дүние жүзінде тірі организмге қолайсыз «парниктік эффект» дейтін құбылысты тудырады.Климат мүлдем өзгеріп кетеді,жылдық орташа температурасы 0,8-3 градусқа дейін өседі.
Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны көптеген организмдер ж/е транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 км жол жүргенде бір адамның бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті жояды. Жағылған 1 тонна таскөмір 10 адамға бір жылда тыныс алатын оттекті жояды. Тек қана жанар маймен таскөмір ағаш,торф,газ жанғанның өзінде жер жүзіндегі оттектің көп бөлігі жанып,тіршілік дүниесінен жойылып жатады. Бұл жолдарды ойлаудың өзі қорқынышты.Қазіргі кезде атмосфералық ауаның аса көп мөлшерден тыс улануы АҚШ-та болып отыр. Әбден шегіне жеткен өндіріс жүйелері басқа биосфера байлықтарын аяусыз пайдаланумен қоймай дем алатын ауаны да адам өміріне қауіп туғызатын улы газға айналдырып отыр. Бұның өзі тек Америка халқы емес,басқа да көршілес отырған елдерге нұқсан келтіруде. өйткені ауа бір жерде тұра бермейді. Жел арқылы басқа жаққа ауысып отырады да улы,зиянды заттарды тарата береді. АҚШ-та жыл сайын ауаға 150-160 млн. тоннадай зиянды заттар қосылып отырады. Яғни,жыл басына шаққанда бұл әрбір адамға 400-500 кг келеді зиянды заттардың жалпы химиялық құрамында 5,2 проценттей көміртектің тотығы,18 процент күкірт тотығы,12 процент көмірлі оттек, 6 процент азот тотығы,12 процент әр түрлі заттар бары анықталды. Осындай улы газдардың 60 проценттейі транспорттардан шығады.150 млн астам автомобильдерден бір жыл ішінде ауаға 100 млн. тоннадай зиянды газдар қосылып отырады. Ал,жер жүзінде 300 млн. автомобильдерден ауаға қосылып отыратын улы газдардың көлемі 200-250 млн. тоннадай болады.
Атмосфераның түгін ж/е газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кездеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзінде – тұман деген мағынаны береді. Жер шарының аса ірі қалаларында «фотохимиялық тұман» /смог/ түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фотохимиялық тұман /улы қосылыс/ өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне,сондай-ақ адамзат баласына өте ұлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес,шет елдің мемлекеттерінде ж/е біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автокөлік қозғаушы күшен жетілдіру,нейтрализаторлар ортнату,газбен ж/е электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Сонымен бірге сутек отындарын пайдалану ж/е жанар май альтернативті түрлерін жасау мәселесін шешу жолдары зеттелуде. Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль ж/е өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды /фотохимиялық реакция/ ыдыратып,әр түрлі улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады,өкпесін улы газ толтырады,үздіксіз жөтеліп тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады,жүздеген,мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Ортаны қорғау агенттігі 1984 жылды Америка Құрама Штаттары конгресіне «Ауаның ластануынан болатын экономикалық зиян» деген Л.Баттон баяндама әзірледі. Зиянның жалпы көлемі орта есеппен алғанда жылына 2,3 млрд. доллар болған. 1900 жылы оның көлемі 16,9 млрд. жеткен.
1960 жылдардың басы мен ортасында біздің елімізде /бұрынғы СССР-де/ химия өнеркәсібі ғана жыл сайын атмосфераға 95 мың тонна изотопты,12 мың тонна кұкірт қышқылды,30 мың тонна кұкіртті ангидритті ж/е көптеген басқа заттарды атмосфералық ауаға таратқан. Атмосфера ластануының зардабы сан алуан,әрі өте салмақты болып келеді. Күн радиациясының интенсивтілігі шұғыл төмендейді. Күн сәулесі энергиясының 40-50 процентке жуығын Нью-Йорк ж/е басқа ірі қалалардың атмосферасы сіңіріп тұрады. Бағалы өнімнің көптеген мөлшері жоғалады. Егер біздің еліміздің /ТМД-елдерінің/ барлық цемент заводтарында жетілдірілген тозаңұстағыш қондырғылар орнатылған болса,олар өнеркәсіп үшін жыл сайын 2 млн. тоннаға дейін цемент материалдарын сақтаған болар еді. Шаң-тозаң жер бетіне шөгеді де оны ластайды.Нью-Йоркте ғана бір шаршы км территорияда айына 26 тонна күйе жиналатыны туралы ғылыми деректер біздің қолымызда бар.
Планетаның радиоактивті элементтер мен ластануы
Саналы ж/е сауатты адамдарға белгілі. Бұл түсінікті де. Жапония атом бомбасын жарылу қасіретінің салдарын сипаттап жазу,атмосферадағы ядролық қаруларды сынауға қарсы шығу бәрімізге ортақ мәселе.Ядролық жарылыстың зәрлі сәулелері бірде –бір сауатты ж/е саналы адамды тыныш қалдыру мүмкін емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшірген сияқты болып,бір жеті күн халықты басқа жерде ұстаған. Ал,ауылда үлкенді –кішілі 54 адам қалған,олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды-жасылды оттарды көріп тамашалаған. Қаранғы қазақ қайдан білсін! Ол оттардың нағыз жан азабы екенін. Сол адамдардан күні бүгінге біреуі де қалмай барлығы өліп қалған.
Қолда бар ғылыми деректерге қарағанда, Невада штаттындағы полигонда 1957 жылдан бастап ядро кондырғыларынан 200-ден астам жер астында жарылыс сыналған. Барлық сынаулардың үштен бірі радиоактивтік элементтердің атмосфераға енуімен байланысты. Атом қаруының сынағы жүргізілетін Невада шөлінде 540 шаршы км алаң уланып кеткен. Аляскадағы атом жарылыстары мұхит суларының реактивтік төгінділермен уланған. Бұл кемінде 66 жыл сақталады деп ғалымдар тұжырым жасайды.
Атом энергетикасы дамып келеді. Мұның өзі радиоактивті заттардың ағуы болмауына ғалым-физиктер,атом саласындағы мамандар кепілдік бере алмайды. Ғалымдар атап көрсеткендей,ядролық технологияның соның ішінде «бейбітшілік» мақсатындағының ең күрделі мәселе-жоғары активтік заттардың қалдықтары- цезий 137, стронций 90 ж/е басқаларын сақтауда болып отыр. Қазіргі Америкада осындай қалдықтардың 340 мың тоннасы жинақталған. Бұлардың қоймасы сенімді деп айтуға болмайды. Ричленде, Вашингтон штатында ғана соңғы 15 жыл ішінде осындай ағып кету 16 рет болған. Сыртқы ортаға 1400 тонна радиоактивтік қадлықтар түскен.
1971 жылы Америка сенаторларының бірі былай деп жазды: «Тітпі елде жыл сайын өндірілетін радиоактивті қалдықтардың бары бір пайызы ғана айналаны қоршаған ортаға түссе, радиоактивтік қарулану ауқымы жағынан кезінде Хиросимаға тасталған 100 атом бомбасының жарылыс зардабымен тең түседі. Бірақ атом энергиясы жөніндегі комиссия қалдықтардың қалған 90 қауіпсіз етіп жерлей ала ма?»-дейді.
Құрылықты радиоактивті залалдаудан қорғай отырып,мұхитты ластайды. Көптеген қалдықтарды бетон контейнерлерге салып бітеп,мұхиттың ең терең жерлеріне тастайды. Контейнерлердің беріктігі мен бұлар тасталынатын тереңдік қауіпсіздікті біраз уақытқа қамтамасыз етеді. Бірақ қанша уақытқа? Мұны ешкім білмейді.
Цирконий 93-тің радиоактивтік ыдырай кезеңі млн.жылдай, ал Цезий 137 үш млн. жылдай болады т.б. Өзімізді радиоактивтік қалдықтардан қауіпсіз ете отырып,кейінгі ұрпақтарымыз үшін біз мейлінше қисапсыз да қауіпті қалжыңға басып отырған жоқпыз ба? Бүлар қашан да болсын контейнерлерден сөзсіз шығып,терең сулы мұхит шұңғылдарына шығып кетуі мүмкін ғой. Басқа да тастандылар бар. Олар радиоактивті емес,алайда өте қауіпті тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін магазиннен сіз күні бұрын өлшеніп,целлофан қапшыққа орап салынып қойылған конфеттерді сөреден аласыз. Сіз өзіңіздің ұлыңызға сыйға тартатын плюш аюды синтетикалық мөлдір қапшыққа оралып,сырты әсем бантпен байланған. Шампунь немесе ваннаға арналған сұйығы жұмсақ пластик флакондар сатылады. Біздің тұрмысымызда товарды көріктендіретін химиялық ыдыстар биосфераға түседі де оны ластайды.

8. ТАҚЫРЫП: ДЕНЕНІ СУЫҚ СУМЕН ШЫНЫҚТЫРУ


1. Адам денесіне судың шаңықтыру жалпы сипаттамасы
2. Су – тіршілік тірегі
Табиғаттағы суық сумен дене шынықтыру ежелден келе жатқан әдістердің бірі. Суық суды бірнеше зорлық пен зомбылыққа пайдаланғаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Орыс патшасы Иван Грозный Еділ өзенінің бойындағы татарларды Еділдің мұздай суына шомылдырып христиан дініне бағындырған деседі. Денені сумен шынықтырудың жолдары өте көп /сүртіну,шомылу,суға түсу,қыста суға түсу,морждану,душ,монша, П.К.Ивановтың «Қарғаш» сауықтыру жүйесі. Мұздай суға түсу осы шараның қағидаларын ескереді. Практикалық ұсынылымдар мен сілтемелерді бұлжытпай қатаң түрде орындау керек. Егер олар дұрыс орындалса,онда ағзадағы өзгерістер қалыпты мөлшерде өтеді. Сондай-ақ, өкпенің тіршілік ету аймағы кеңейеді,шеттік қандағы эритроциттер мен лейкоциттердің санымен сапасы артады. Жүрек бұлшық еттің қабілеті жақсарады. Бір минут ішінде жүрек арқылы өтетін қан мөлшері көбейеді.
Қыс айларында суық суға түсу адамның психикалық қызметіне үлкен психикалық әсерін тигізеді,осының нәтижесінде адамның ақылы өседі. Еске сақтау үрдісі қыйсапсыз көп мөлшерде артады. Адамның көңіл күйі арта түседі. «Қыста суық суға түсуге мені алып келген ағзамдағы ауру»-деп баяндайды С.А.Назарбаева.
Монша. Бу шығарар қайнау көзіне ие болған бу шығарып алу әдістеріне орай,моншаның сан алуан сипатындағы монша түрін айырады. Рим,араб,түрік,фин-саунасы,орыс буландырылған /ғажап көрініс/ сонымен қатар Жапониядағы Сэнино ж/е офуро. Моншаның т.рлі бөлімдеріндей температураның алмасуы қан тамырлары үшін гимнастика сияқты,мүмкін одан да артық әсер етуі сөзсіз. Біресе кеңейіп,біресе тартылуы,олардың майысқақтық икемділігі айтарлықтай түлетіп оңайтады. Су мен адам арасындағы байланыс көне заманнан бері қарай қалыптасып келе жатқан жағдай. Сондықтан табиғаттың өзі жаратқан суына жан-жақты тоқтатылып өткенді біз жөн көрдік.

СУ – ТІРШІЛІК ТІРЕГІ


Әйтседе де,сыртқы ортаны,суды,ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті,теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу ж/е қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісім жасалған. Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді,себебі ауаның,судың,топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. әсіресе бұл, мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен,теңіз ағыстары ж/е жел арқылы мыңдаған км алшақ орналасқан аймақтарға тарап,жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудырады. Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді. Судың ластануына әсері өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті.Қалдықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес,олардың тигізер әсеріде қауіпті. Мысалы,мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып,оттектің алмасуықиындатады. Үй тұрмысында ж/е өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас. Сондай-ақ ол оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді ж/е органикалық заттары бактерияларды құртып,балықтарды ұлайды. өндеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары,мысалы,мырыш,мыс,қорғасынның әр түрлі тұздары мен көмірді кокестеу кезінде пайда болатын фенол,цианидтер нағыз ретінде әсер етеді. Енді біреулері /қышқылдар мен негіздер/судың электролиттік қасиетімен пайдалы ж/е зиянды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бүрын болмаған /немесе аз мөлшерде ғана кездесетін/ бейтаныс қосындылар. Сондықтан олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмге қауіпті.
2/.Суға тұскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық /оттекпен тыныс алатын/микроорганизмдердің қатысуымен жүреді. Бұл ретте көбіне зиянсыз қарапайым заттар түзіледі. Әрине бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі.
Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады ж/е сондай-ақ,ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан,аминдер,күкірт ж/е фосфор улы қосындылары пайда болып,су сасибастайды. Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына,онан кейін су өсімдіктердің көбейуіне әкеп соғады. Сөйтіп,бұл тіршілік ортада су біртіндеп таязданады.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі ж/е оның шаруашылық қажеттері тартады. әзірде тұшы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал,оларды органикалық ж/е минералдық қоспалардан тазарту өте қиын ж/е қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына,химия,қағаз жасау ж/е тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан мұндай сулар алдымен қосымша өңдеуден өтіп,өнеркәсіпке пайдаланылады да,артынан оған тағы бірнеше улы заттар /жаңа технология негізінде/қосылып,өзенге жіберіледі.
Тұшы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе. Оның зардаптарының тіршілік үшін ж/е адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан қазірде барлық елдерде суды тазарту мәселесі бірінші орында тұр. Ал,қазақ жеріндегі суларды тазарту үлкен мәселе. өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. әрине теңізге түсетін заттардың көлемінен теңіздердің көлемі әлде неше есе артық,онда жүретін физикалық ж/е биохимиялық процестердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының,әсіресе,құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкен зиян келтіретіні белгілі. Мысалы,Солтұстік Америка мен Еуропаның әйгілі жаға-жайлары жағалауға жақын орналасқан қалалардың қоқыстарымен ластанатыны белгілі болды.
Теғіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара қатынастарын бұзып,зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұшы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне кедергі жасайды.
Егербасқа химиялық заттар тегіз суларында біраздан кейін тазаланады деуге болады,ал басқа қалдықтардың биологиялық жолмен тазалануы мүмкін емес. өйткені ластанған суларға қосындыларды ыдырататын микроорганизмдер қырылып қалады. Жоғарыда ескерткендей мұнай су бетін үлпек қабықпен жауып,ауа жібермейді ж/е өте жай ыдырайды. Осы себепті ол барлық мемлекеттерді де ойландыратын ірі мәселеге айналды. Сол үшін танкерлерді жууға жуындыны жағалаудан 50 миль жақынға төгуге тиым салынған. Әйтседе жағалаулардың ластануы жылдан-жылға артып келеді,себебі мұнай көбіршіктері әдетте толқындармен жағалауға жиналады ж/е кейінгі уақытта мұнай тасымалдау қисапсыз көп мөлшерде өсіп кетті.
Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рольді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда құйылады,әсіресе, ірі танкерлердің күйреуі аса қаупті. Бұл уақытта суға 200-300 мың тоннадай мұнай өнімдерді теңіз суларына ақтарылып,орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті.
Мұнай қалтықтардан әсірісе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға құстар қонғанда, олардың қауырсындары майланып,жылу үстайтын ж/е су жүқтырмайтын қасиетін жоғалтады. Осының нәтижесінде тері астына қан ұйиды да өліп қалады. Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама құстар қырылатынын есептеп шығу мүмкін емес. себебі олардың көбі ашық теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан көруге болады. Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа 11 түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе,бұл сан бірнеше есе өскен болар еді. Осындай жағдай Атлантика мұхитының екі жағалауында жиі кездеседі,себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Теңіз суының мұнай қалдықтарымен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсер еді. Әсіресе,бұл теңіз қамшатының өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жерінде бұл аң көп мөлшерде кездеседі. Бірақ оны қалай болса,солай аулауға тиым салынған.
Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің тіршілік негізін,күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады.
Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы,асқа пайдаланатын устрица ж/е моллюскалар денелерінде рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ,жорамал ретінде оның моллюскалардың денесіне бензприннің жиналу себебі көректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы,су түбіндегі түнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін.
Мұнай қалдықтарының зиянды әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар 1954 жылы Лондонда кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салған халықаралық

9. Тақырып: ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТАҒАМ.


1.Тамақтанудың денсаулық үшін маңызы
2.Ұтымды тамақтану /рационалды тамақтану/
3.Үйлестірген /сбалансирленген/тамақтармен қоректену
4. Органикалық ж/е минералды заттардың физиологиялық нормалары.
Тамақтану - өмірді, өсіп-өнұді,денсаулық пен адамның қызметіне деген сақтау тәсілі. Ағза, тамақ ж/е сыртқы орта бірімен-бірі біте байланысқан. Тамақтану арқылы әрбір адам өзінің денсаулығын сақтап, ғұмырын ұзартады. Жүйелі түрде тамақтанудың принциптерін толық білу керек. өзінің қалыпты массаңды біліп,оны бір қалыпта тұрғылықты сақтай білу керек. Қажетті тағам компоненттері 6-кестеде көрсетілген.
1 АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ
ішкен тағамдар ас қорыту органдарында механикалық ж/е химиялық өңдеуден өткеннен кейін,ол сулы сұйықтыққа айналып,ішекке өтеді. Ішекте тағам ар қарай қорытылады,ішектен сору қасиетіне байланысты қанға ж/е лимфаға түседі. Тамақ қанға ж/е лимфаға түскен соң-белоктардан-амин қышқылдары,майлардан-глицерин ж/е май қышқылдары,гликогеннен-қанттар бөлініп шығып отырғанда ағзада қажетті пластикалық ж/е энергетикалық заттар синтезделіп отырады. Тағамның құрамында 650 әр түрлі қосылыстар бар. Олардың ең бастысы белок,май,көмірсу,микро – ж/е макроэлементтер фосфор,кальций,натрий,йод,кобальт,қалайы,марганец,калий ж/е т.б. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамында витаминдер, органикалық қышқылдар, фитонциттер, крахмал бар, клетчаткалар болады.
2/.Ұтымды тамақтану- ол клеткалар /жасушылар/ қазақша құрамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл ж/е тағы тағамдарды пайдалану. Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:
1/ төулік қоректік заттардың ара қатынасының үйлесімді балансын сақтау
2/ дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды /теңестірілген тамақ/ тамақтану – ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын,қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарынің тұрақтылығын қортылуын ж/е гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді.Сондай-ақ,тамақтану режимін,сапалық шамасына химиялық құрамын анықтауды керек етеді.
Академик А.А.Покровский жасаған классификациясы бойынша теңестірілген дегеніміз – энергетикалық жағынан бағалы,тағамдағы энергия адам ағзасының жұмсаған энергиясына сайма-сай келуі. Тәуліктің тағам құрамында қоректік заттар /нутрценттер/ теңестірілген түрде болуы керек. Тағам құрамындағы белоктардың, майлардың ж/е көмірсулардың арақатынасы /1:1:4/ болуы керек. Айырбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілгені жөн. Тағам ішіндегі компоненттердің арақатынасы тамақ ішу режиміне байланысты болуы керек. Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына ж/е массасына сай келуі керек. Балалардың массасын төменгі кестеден байқауға болады /6-кесте/.
Егер біз дұрыс түрде тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып,денеміз сауығып, көңіл-күйіміз көтеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын,біз олардың алдын алар едік.
Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді деп, жазады Дж.Глассөзінің әлемге әйгілі еңбектерінің бірінде /1999/.
ТАҒАМДАРДАҒЫ ҚОРЕКТІК ЗАТТАР
Тағамдардың негізгі құрлысын жасайтын химиялық қосылыстар –белоктар,амин-қышқылдары,майлар,көмірсулар,витаминдер,минералды элементтердің тұздары ж/е су.
Белоктар –тіршілік өмірге ең бір қажетті тағамдық қосылыстардың бірі. Оларды ағзалар жасуша,цитоплазма,жасуша аралық заттар құрау ұшін ағза ұнемі пайдаланады. Онсыз тіршілік иелері биосферада өмір сүре алмайды. Белоктарды аз ж/е көп болуына байланысты ағзалар өсіп-дамып отырады. Белоктар болмаған жерде тіршілік иелері кездеспейді. Белоктардан жасушылар ж/е түрлі ұлпалар /тканьдар/ құралады. Белоктар жетіспеген шақта ағзалар өспей қалады. Ағзалар айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының қолайсыз әсеріне шыдай алмай тіршілігін жояды. Неше түрлі жұқпалы дерттерге ағзаға қарсы тұра алмайды. Бір сөзбен айтқанда ағзалардың қарсы тұратын қасиеті төмендеп кетеді. Белоктардың ағзалардағы биологиялық рөлі осындай. Жыныс ж/е жас ерекшіліктеріне қарай адам белоктарды қажет етеді. Сондай-ақ жұмыстың ауыр ж/е жеңілдігіне қарай белоктардың қажетті мөлшері өзгеріп отырады. Ауыр жұмыс істейтін адамдарға құрамында белогі мол тамақтар беріледі. Ал,ой еңбегін атқаратындарға әлсіз тағамдар –көкіністер беріледі. Тағам денсаулық кепілі. Белоктың физиологиялық мөлшері ер адамдар үшін күніне 82-118 г.,әйелдер үшін –72-87 г., физикалық ауыр жұмыс істейтіндерге –6-8 г белок артық беріледі.

10. Тақырып: ТАҒАМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАЙЛАНЫ


1. Тағам құрамындағы майлардың, көмірсулардың сиппатамасы
2. Тағамдырдың химиялық құрамы
Майлар. Тағам құрамындағы майларды энергияның қайнар көзі деп ғалым-биологтар /физиологтар/ есептейді. 1 г май ыдырағанда немесе тотытқанда 9,3 ккал энергия бөлініп шығады,ал осындай мөлшерде алынған белоктар – 4,1 ккал, көмірсулардан 4,1 ккал энергия бөлініп шығатыныңн биохимиктер толығымен дәл анықтаған болатын. Бұл энергияны әрқашанда есте сақтап жүрген дұрыс. Ер ж/е әйел адам,балалар, оқушылар қаншама тамақпен қоректену керек, бәрін күнделікті есептеп шығарып отырған жөн. сонда ғана адамның денсаулығы артып отырады. Адам ағзасында май көп жиналады. Әсіресе нерв жүйелерін тканьдарда май өте көп мөлшерде болады. Нерв жүйелеріне жүктеме өте көп түседі. Ағзада майлар жетіспейтін болса, онда ағзадағы иммунитет жойылады,нерв жүйелерінің қызметі нашарлап,адам ауруларға шалдығады, ішкі органдардың қыхметі бұзылады. Мал майлары ағзаға көп келетін болса жақсы нәтиже бермейді. Зат алмасу үрдісі бұзылады,адам ағзасында бірнеше қатерлі склероз дерті пайда болады. Бірақ мал майларын өсімдік майларымен айырбастауға болмайды,атеросклерозды өршітіп жіберуі мүмкін. өсімдік майларын мөлшерден көп пайдаланған кезде жасушаның биологиялық мембрандары бұзылып кетеді де адам тез қартаяды, бетте әжімдер қаптап кетеді.
Көмірсулар- тағамдардың ең негізгі бөлігін құрайды.Ең алдымен энергияның ең бір қайнар көзі ретінде бағаланады. Олар жасушылар мен тканьдардың құрылуына қажетті құрылыс материалдары ретінде бағаланады. Көмірсулар адам өмірінде айрықша тіршілік ролін атқарады. Көмірсуларсыз жер бетінде тіршілік иелері пайда болмайды,дамымайды. Адам ағзасының физиологиялық мөлшері /нормасы/ болады-247-602 Дене шынықтырумен айналысқан немесе өте ауыр физикалық жұмыс істеген адамдар көмірсуларды көп пайдаланады. Ағзаға ауыр жүктеме түскенде көмірсулар биологиялық жолмен жанып кетіп отырады. Адамдар ағзасында көмірсулар өте аз болады,олар бұлшық еттердің қызмет жасауына жұмсалып кетіп отырады. Көмірсулар тотыға келе майға айналады, ағзадағы майлардың қорын толықтырып отырады. Әйел адамдар ерлерге қарағанда 15 % көмірсуларды аз пайдаланады. Ағзаға көмірсулар өсімдіктен өндірілетін азық-түлік арқылы келіп түседі. Олардың ішінде ең маңыздысы крахмалдар. Олар астық дәндерінде ж/е картопта көп болады. Қанттардан адам ағзасында гликоген /мал крахмалы/ түзеледі. Гликоген орталық нерв жүйесін реттеп тұратын органикалық қосылыс. Ол ағзаға –бауырда жиналады,мөлшері үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Жас кезде күніне 100г қант жеуге болады,ал 40 –тан асқаннан кейңн күніне 50-60 г жеген дұрыс. Көмірсу тәулігіне –400-500 г керек,оның ішінде крахмал-70,қант-20,пектин заттар-3,клетчатка /жасушақ/-2, ішіп-жейтін тамақтың калориялық қуатын есептеп отыру керек. Ағзада энергиялық ж/е валеологиялық тепе-тендік /баланс/ жасалынуы тиіс. Яғни, ағзаға тамақпен түскен энергия ағзаның энергиялық ж/е биологиялық шығындарына сай теңестіріліп тұруы керек. Тамақты мөлшерден артық ішу ағзалардағы май қорын көбейтіп жіберіп,денсаулыққа зиянын тигізеді. Ағзаның массасы жоғарлайды-ағзада артық май қоры жиналады. Қалыпты ағза массасына сақтаудың /Х.Қ.Сәтпаева ж/е т.б. бойынша,1999/ 7 принципі бар екенін көрсетеді:
3/. Тағамның түр-түрін пайдалану

  1. массаны тұрақты бір қалыпта сақтаудың қажеттілігі

  2. тағам мөлшерінде /рационында/холестерин мен майы көп заттар болмауы керек

  3. қантты аз пайдалану

  4. ас тұзы көп тағамдарды көп ішіп-жемеу,сәл ғана жеп,дәмін тату

  5. жеміске,көк көніске бай ж/е дәмді өсімдіктерден дайындалған өнімдерден тұратын тағамдарды көбірек пайдалану

  6. арақ-шарап,сыраны шамалап қана ішуге болады ж/е қалыпты массаны сақтап тұру қажет.

І-амал. Қимыл белсенділігін үнемі жақсартып,арттырып отыру керек. Майлы тамақ ішпеу керек,үнемі жаяу жүріп,лифтермен қабаттарға көтерілмеу.
ІІ-амал. Экологиялық таза деген суды ғана ішу керек /артезиан,мұздың,мәңгілік қар суын/. Қантты,тұзды тамақтарды ішуді тию керек. Тамақты әбден шайнап жеу, көп тамақтан,ағза массасының мөлшеріне көп көңіл бөлу /тыс артпауына/.
АҒЗА САЛМАҒЫН ҚАЛЫПТЫ ТҮРДЕ САҚТАУ
1.мал майын тежеу немесе жемеу.
2.крахмалы бар тағамдарды көп пайдалану,көкіністерді көп мөлшерде жеген дұрыс,қара нан,арпа нан,күріш,жүгері,картоптан жасалган тағамдарды ішу керек,тамақтың ас тұзы аз мөлшерде болғаны ағзаға дұрыс.
3.қантты аз мөлшерде пайдалану керек,тәтті тоқаштарды,пирожное,торт,печенье т.б. тәтті тамақтармен әуестенбеу керек.
4.белсенді қимыл жасап,көп жүру керек,спорт ойындары ойнауға болады /шаңғы тебу,велосипед тебу/
Ағза массасын өлшеп отырған жөн. Кейінгі кезде ағза массасын анықтауға Брок индексін пайдаланып келеді.
. ТАҒАМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС.
Дерттердің көпшілігі қант диабеті,қан қысымы жоғарлауы,жүрек аурулары,тіс ауруы,қатерлі ісік,ми соқпасы /инсульт ж/е толып кету/семіру/ дұрыс тамақтанбаудан пайда болады. Теңестірілмеген тағамдарды ішуден ауруларды өзіңе таратып алуың мүмкін.

  1. тиімді тамақтану ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әсеріне қарсы тұрарлық қасиетін дамытатын маңызды тәсілдерінің бірі.

  2. Теңестірілген тағамдардың рөлі.

  3. Тағам мөлшерінде /рационында,қалаулы өнімдерде қант,ас тұзы ж/е майлар өте аз болуы керек.

  4. Мектепте болсын,жоғары оқу орындарында оқыған кезде жақсы дем беретін тағамдар ішу керек.

  5. Ішетін тамақ жас ерекшелігіне,істейтін жұмыстың категорияларына қарай сәйкестелінуі тиіс. Сонда ғана денсаулық зор байлыққа айналады.

2/.Тағамның химиялық құрамының адам денсаулығының ең басты кепілі. өйткені олар адам ағзасын қажетті биологиялық белсенді заттармен /витаминдермен/А,С,Д,Е,В1,В2,В6,В12,В15,В5,В3,
/РР-никотин қышқылы/, инозин,холин, параминобензой қышқылы/туберкулезді емдейді/ қамтамасыз етеді. Адам ағзасына минералды элементтер-кальций,фосфор,темір,кобальт,Zn,Cu,As J,Si өте үлкен физиологиялық-биохимиялық рөл атқарады.
Адамның тез қартаюы адам ағзасына тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне,немесе олардың жетіспейіне байланысты. Витаминдер ағзаның ішкі физиологиялық-биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады. Тағам құрамында минералды элементтер аз болса мысалы: йод жетіспесе ж/е вит.С аз болса щитовид безі өсіп кетеді-Базед ауруға шалдығады,сүйек опырылғыш келеді ж/е өспей қалады,тез шаршағыш,тез қажығыш келеді,ақыл-ой нашарлайды.
Натрий- оны адам ас тұзынан қабылдайды. Ол осмос қысымын реттеп тұрады.
Калий-нерв жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті. Ол негізінен ағзаға жеген картоп арқылы келеді ж/е жеміс-жидектермен.
Кальций- сүйектің жақсы өсіп жетілуіне қажетті элемент. Ол адам денесінен тер арқылы бөлініп шығып отырады.Са сүтте,сүттен жасалған тағамдарда өте көп болады.
Фосфор- сүйек пен тіс құраудың негізгі құрлыс материалы ретінде саналады. Ол сүтте,сүтті тағамдарда,бұршақ,соя,фасольдарда т.б. көкіністерде өте көп болады.
Темір-қан түзеу үрдісіне қатысады/эритроциттерді/. Ол сиыр,жылқы,қой,шошқа еттерінде ж/е алма,алмұрт,шие,т.б.көкіністер мен жемістерде көп.
Йод- ең қажет ететін щитовид безі/жетіспесе көз шарасынан шығып кетеді/. ол теңіз өсімдіктерінде, тағамдарында көп болады.
Фтор- тістің эмальын түзеуге ж/е сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Тіс жолақ-жолақ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады,тістерді кариес қаптап кетеді.

11.Тақырып:ВИТАМИНДЕР –ДЕНСАУЛЫҚ ТІРЕГІ.


1.Витаминлдердің жалпы сиппатамасы
2. Майда еритін витаминдер
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп,зат алмасуға,организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді,қорғаныштық қабылетін арттырады. Пайдаланылатын тағамдарымызда жеткіліксіз болса организм әлсіреп, әр түрлі ауруларға шалдығады,өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Организмге келіп түсетін белоктардың,майлардың,углеводтардың,минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын ж/е реттейтін витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:
1/ алифатикалық витаминдер қатары /аскорб.қышқ/.
2/ алициклды витаминдер қатары
3/ароматикалық витаминдер қатары
4/ гетероциклды витаминдер қатары
осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып,жие кездесетін,әрі өмірімізде көп пайдаланатын,су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды жөн көрдік.
Суда еритін витаминдер:
В1, В2, В3, В5, В6, В12, В15, РР, С, Н, Р
Майда еритін витаминдер:
А, Д, Е, К, филлохинон, убихинон ж/е т.б.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің активтілігін жоғарылатады ж/е керісіншеде әсер етеді. Бұлардың адам организміне қабылдану мөлшері де түрліше болады. Ал көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі.
Суда еритін витаминдер:
В1-тиамин /аневрин/. Тамақ құрамында жоқ болса Бери-бери немесе полиневрит деген ауыру ға шалдығады.Нерв жүйелері қабынады,жүректің қызметі бұзылады,ас қорыту сөленең секрециясы төмендейді,судың алмасуы бұзылады,ісік пайда бола бастайды.
В2 – рибофлавин /лактофлавин/ тотығу ж/е қайтадан келтіру реакцияларына қатысады. Жеткіліксіздігі адамдардың,әсіресе балалардың бойының өсу қабілетін төмендетеді, әсіресе витамин А мен бірге көру процесінде де үлкен мәні бар /көзден жас ағып,жарыққа қара алмайды көз ашып қызарады/,ауыз уылып, екі езудің кілегей қабығы мен терісі жарылып,қабынуы мүмкін, терінің сыртқы қабаты қабыршықтанып кетеді, адам жүдеп,шаршағыш келеді. Ол дәрі ретінде де қолданылады,әсіресе жараның тез жазылуына ж/е көздің көру қабілетін арттыруға. Бұл витамин картопта,капустада,қара нанда,ашытқыда,
помидорда,сәбізде,жұмыртқада,бауырда,сүтте ж/е
сүттен жасалған тағамдарда көп кездеседі.
РР –витамині /никотинамид/ пеллагра ауруына қарсы витамин. Организмде жетіспесе адамның терісі /дерматит/, ауыз кілегейлі қабаты /стоматит/, ал тіл /глоссит/ сияқты дертпен ауырады. Терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып,одан кейін қарайып кетеді. Қарындағы сөлдің бөлінуін реттеуде,ұйқы безінің жұмысына,бауыр қызметіне, эритроциттердің түзілуіне әсерін тигізеді. Қорегі тек жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алып тараған Пеллагра ауырудың себебі жүгері белоктарында триптофанамин қышқылы өте аз кездесетіндіктен адам организмінде РР витамині аз түзіледі. Оның негізгі провитамині никотин қышқылы ашытқыда,бауырда,саңырауқулақта,түрлі жармаларда көп кездеседі.
В6 – пиридоксин 1937-1939 жылдары ашытқылардан бөліп алынған. Ол зат алмасудың,қан түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады,фермен тердің құрамына енеді,нерв жүйелерінің қызметін реттеп,бала көтеру мен босанудың бірқалыпты өтуіне көмектеседі,ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді. Сутегінің асқын тотығы мен перманганат әсерінен пиридоксин үйдің температурасында бұзыла бастайды, қышқылдармен В6 тұз түзеді. Пиридоксиннің 3 түрі белгілі: пиридоскол,пиридоксаль,пиридоксамин,бұлар бір-біріне ауыса алады ж/е биологиялық активті келеді.
Бұл витаминді төменгі ж/е жоғарғы сатыдағы өсімдіктер биосинтездей алады,ашытқы клеткалары да синтездейді. Ол жеткіліксіздігінен көптеген амин қышқылдарының айналасы бұзылады. Сондықтан организмде белокты,майлы,углеводты айналыстардың қызметі бұзылғанда оны В6 витаминін беру арқылы жақсартады. Ересек адамдарға В6 витамині орта есеппен күніне 2 мг шамасында керек болады.
В12- кобаламин. Бүл антианемиялық витамин. 1948 жылы бауырдан кристалдық түрде бөлініп алынған өте күрделі қосылыс-цианкобаламин болатын. Ол денісау адамның асқазан сөлінде кездесетін,құрамында 11-12 % гексамині бар мукопротеин белогі екен.
В15 – пангам қышқылы /ол гректің –барлық жерде кездеседі деген сөзінен алынған/. Бұл витамин түрі табиғатта кеңінен таратылған,1950 жылы ірі қараның бауырынан, ал 1951 жылы жылқының бауырынан,күріштің кебегінен,сыра ашытқысынан, өріктің сүйегінің құрамынан,көптеген өсімдіктер мен жануарлар тканьдері құрамынан табылады.
С –аскорбин қышқылы .Бұдан бізге ХХ ғасырдың басына дейін бүкіл дүние жүзінде құрқұлақ /цинга/ ауыруының етек алып келгені белгілі болып отыр. Кейіннен бұл аурудың себебі организмде С витаминінің жеткіліксіз екені анықталды. 1921 жылы Н.Бессонов капустаның шырынынан тотығу-тотықсыздандыру қасиетіне ие ж/е цингадан қоргайтын препарат алды. 1927-1928 жылдары венгр оқымыстысы Сент-Дьерди малдың бүйрек үсті безінен жаңа зат бөліп,оның күшті тотықсыздандырғыш қасиеті барлығын ж/е химиялық табиғаты жағынан гексурон қышқылы екендігін анықтады. Оның цинга ауруынан қорғайтындығын аша отырып,оны аскорбин қышқылы / С витамині/ деп атады.
Р –витамині / флавон,цитрин,рутин/. Тағамдар құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген жағдайда адам организміндегі ұқсас әрі өте жіңішке қан тамырлары –капиллярлардың өткізгіштігі артып,денеге зиянды қан құйылуы байқалады. Ол цитрус өсімдіктері өкілдерінің шырынында,қызыл бұрышта т.б. өсімдіктерде кездеседі.
Биотин / Н витамині / 1942 жылы Дю Винью деген зерттеуші биотиннің құрылысын тапты. Оның молекуласына көміртегі,сутегі,оттегі,азот ж/е олармен қоса күкіртте енеді. Бұл витамин жетіспесе адам мен жануарлардың тері ауруы –дерматит, экзема,себорея/латынша: сербум-тері, рео-бөлу,ағу деген мағынаны білдіреді/ дертіне шалдықтырады.
Инозит-витамині 1928 жылдан бастап зерттеліп келеді. Мысалы,тышқандарды жасанды тамақпен белгілі барлық витаминдерді қосып бергенде жануарлардың жүні түлеп түсіп,бойларының өсуі тоқталған.
Фолий қышқылы. 1926 жылы В. Ефремов деген зерттеуші екі қабат әйелдердің макроцитарлы анемия дертімен ауыратынын анықтады. Олар бұл аурудан жануарлар бауырын бергенде жазылатын. Мүндай зеттеулер құс балапандарына жүргізілетін тәжірибелер арқылы дәлелденді,сондықтан бұл витамин Вс деген атқа ие болды/ағылшын-chicken балапан деген мағынаны білдіреді/. Соңынан бұл витаминді өсімдіктердің жасыл желектерінде кездесетіндігі,әсіресе шпинаттың жапырақтарында көп болатындығы анықталды,сондықтан ол фолий қышқыл /polium- жапырақ/деп аталды. Құстардың организмінде жеткіліксіз болғанда олардың қсуі мен дамуы,қауырсындарының пайда болуы бұзылады,ал жануарларда қатерлі анемия байқалады.
Холин. Соңғы жылдары холинді де витаминдерге жатқызады,оның организмде майлардың тотыңуына тікелей қатысы бар. Оны 1862 жылы өттен,ал 1867 жылы жұмыртқаның сары уызынан бөліп алған. Кейіннен ми ұлпаларындағы лецитиннің құрамынан да табылды.
Парааминобензой қышқылы. 1940 жылы Вуде сульфаниламидті препараттардың гемолитикалық стрептококкаларға бактериостатикалы әсер ететіндігін анықтады. Организмде жеткіліксіз болса шаштің, жүннің, қауырсынның пигментациясы қалыпты жағдайдағыдай жүрмейтіндігі дәлелденді.
2/..МАЙДА ЕРИТІН ВИТАМИНДЕР.
А –витамині /ретинол/. Химиялық структурасы тұрғысынан каротинге жақын. Жетіспегенде организмдегі зат алмасу бұзылады,оның салдарынан өсу кешеуілдеп,салмақ азаяды. Көздің мүйіз қабығы бүлінуімен қатар,әлсіз жарық жағдайда адамның көру қаблеті де нашарлайды, оны халық арасында «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді. Ретинол әсіресе бауырда,бүйректен жасалған тағамдарда,сары майда,жұмыртқада, балқтардың майларында көп кездеседі.
Д-витамині /кальциферол/ тағамда жетіспеущілігі салдарынан сүйектер, әсіресе жас балалардың арасында кездесетін ауыру – сүйіктер деформацияланатындығы анықталды,кейіннен оны мешел /рахит/ ауруы екені белгілі болды.
Е-витамині /токоферол/ ды 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты /грек тілінде токос – ұрпақ, phtro- алып жүру,жалғастыру деген мағнаны білдіреді/.
Оны 1936 жылы Тванс бидай тұқымы ұрығынан бөліп алды. Организмде жетіспегенде өсіп-өнуі тоқтатылып,малдың төлдемейтіндігі анықталды.
К-витамині /филлохион/ өсімдіктердің жасыл бөліктерінде,әсіресе беде мен жонышқа жапырақтарында көп кездеседі,шіріген балық ұны құрамынан да табады, оны К2 витамині деп атайды
Ол жетіспегенде ет пен тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға ж/е ішектерге қан құйылуы байқалады.
Ғ –витамині /қанықпаған май қышқылдары/. Егер тағамның құрамында өсімдіктер майы болмаса,онда адам организмінде липидтер алмасуы бұзылып,қан тамырлары қабырғаларында холестерин заты көп мөлшерде жиналады екен. Бұл витамин әсіресе холестериннің алмасуына өте қажет.
Q - витамині/убихинон/ 1955 жылы жануарлар майынан бөлініп алынды. Ол биологиялық тотығу процестерінде үлкен роль атқарады. Оның молекуласында карбонильды топтар болатындықтан,протондар мен электрондарды тасымалдау процестеріне тікелей ат салысады. Q – витамині әсіресе жүректің бұлшық еттерінде көп кездеседі.
АКТИВИТАМИНДЕР
Клетканың витаминмен қоректенуіне әр түрлі әдістермен бөгет жасайтын заттарды – антивитаминдер деп атайды.Оларды 2 топқа бөледі
1 топ- витамин молекулаларын бұзатын немесе олардың активсіздендіретін,яғни инактивтендіретін заттар.
2 топ- витаминдердің структурасына ұқсас ж/е олардың биологиялық активтік заттардың ығыстырып,активсіздендіретін заттар.
Мысалы, К витаминіне гепарин мен дикумарин жатады. Олар протромбиннің тромбинге айналуына бөгет жасайды,сонымен бірге қан айналу процесін баяулатады. Жұмыртқа белогі –авидин-биотинді байланыстыруға қабілетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет