Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет109/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   174
Наннан жасалған квасты келесіде келтірілгендей дайындайды. 
Жақсылап қуырылған қарабидай кепкен нанын ұсақтап, қайнатылған және 
80°С-қа дейін салқындатылған су құйып, әлсін-әлсін араластырып отырып, 1-
1,5 сағатқа тұндырып қояды. Алынған сыра ашытқысын құйып алып, кепкен 
нанға қайтадан су құяды да екінші мәрте 1-1,5 сағатқа тұндырып қояды. 
Екінші ашытқыны құйып алып, біріншісімен біріктіреді. Қант, бұйраланған 
жалбыз, аз мөлшердегі сыра ашытқысымен езбеленген ашытқы қосады. Бұл 
кезеңдегі ашытқының температурасы 23-25°С болуы тиіс және ашу үдерісі 
болып жатқанда осы дәрежеде 8-12 сағат тұруы керек. Алынған квасты 
құйып алып, салқындатады.
«Петровский» квасын дайындау үшін әдеттегі дайын квасқа сүргіленген 
ақжелкек және бал қосып, салқын жерге 1-12 сағатқа қалдырады. Артынша 
квасты сүзгілеп, салқын түрінде береді. 
Наннан бөлек түрлі жемістер мен жидектерден квастар жасайды.
12.10.
Алкогольді аралас сусындар
12.10.1.
Аралас сусындардың жіктелуі
Аралас деп бірнеше компоненттерден құралған және соңғыларының 
механикалық жалғану жолымен дайындалған (кейде қыздыру және 
тұндыруды қолданады) сусындарды айтады. Олар әдетте барларда
дайындалып, іске асады. Бірақ мейрамханаларда да берілуі мүмкін.
Аралас сусындар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі. Ал халықаралық 
тәжірибеде оларды үлес көлеміне қарай жіктейді. Бұл белгі бойынша оларды 
үлкен үш топқа бөледі: 
коктейльдер — үлес көлемі 50-90 мл (екінші атауы – қысқа сусындар);
сергітетін және салқындататын сусындар — 150-300 мл 
(салқындатқыштарды 
алкгольді 
құрамсыз 
дайындайды, 
олардың 
технологиясы жайлы алдында айтылды) (екінші атауы – ұзын не ұзақ 
сусындар);
үлкен үлестермен дайындалатын сусындар – 500 мл және одан да көп 
(екінші атауы – топтық сусындар). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет