Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет123/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

138 
14.2.
Диеталардың сипаттамасы
14.2.1.
№1 диета
 
Жалпы сипаттама. Бұл диета асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара 
ауруы кезінде, асқазан сөлінің қалыпты және жоғары секрециясымен 
созылмалы гастритте, сонымен қатар, асақазанға жасалған отадан кейін (№ 
1а және 1б диеталарын қолдану кезеңінен кейін). Диетаның емдік 
тағайындалуы – асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығын 
механикалық, химиялық және термалық тітіркендіргіштерді шектеу, асқа-
занның сөл бөлу және қозғалтқыш қызметін қалыптандыруды қамтамасыз 
ету жолымен орынды есіркеу.
Механикалық есіркеу өсімдік жасұнығының мөлшері жоғары өнімдерге 
шектеу қойып және шикі өсімдікті тағамдарды, қатқыл қуырылған 
қабықшалар, пісірілген тағамдарды (қатқыл қабықшамен), қиын қорытыла-
тын өнімдерді және тағамдарды алып тастау жолымен іске асады. Тамақты, 
негізінде, үгіп дайындайды.
Химиялық іріктеу өте қышқыл, ащы өнімдерді, дәмдеуіштерді, қуырыл-
ған тағамдарды, сығып алынған заттектерге бай сорпаларды алып тастауды 
қамтамасыз етеді. Тамақ, негізінде, суда немесе буда қайнатылады. 
Термалық іріктеу өте ыстық (65°С-тан жоғары) және өте салқын (15°С-
тан төмен) тағамдарды алып тастауды қамтамасыз етеді.
Калориялығы және химиялық құрамы бойынша диета толыққанды (14.1-
кестесі). 
К е с т е 14.1. Жеке диеталардың тағамдық және энергетикалық
құндылығы (орташа) 
Диетелар № 
Тағамдық заттектер құрамы, г 
Калориялығы, 
ккал 
Ақуыздар 
Майлар 
Көмірсулар 

100 
100 
400…450 
2 900...3100 

90...100 
90...100 
400...500 
2 900...3 000 

85...100 
80...100 
400…450 
2 900...3100 

80 
80...90 
400…450 
2 700...2900 

100...110 
80...90 
150…200 
1700...1900 

100...110 
75...80 
300…320 
2 400...2 500 
10 
80...90 
70...75 
350…400 
2 400...2 700 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет