Әдебиеттер:
1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.
2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.
3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.
4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.
5.Абай. Слова назидания. Алматы.,1995
6..Нурланова К. Человек и мир: казахская национальная идея. Алматы..1996
Аннотация. В этой статье расcматриваются эффективность информационной
технологии в преподовании философии.
Аnnotation. In this article are considered efficiency of information technology in teaching
philosophy.
ӘӚЖ 343:502.47
АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҦРАМЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҦҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Еркебаева А.Қ, Оңғарбаева А.К., Сейтказиева Ш.С.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қоршаған ортаны, оның құрамдас бӛліктері - атмосфералық ауаны, жердің азон
қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен ӛсімдіктер дүниесін, сондай-
ақ климатты қорғау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық қауіпсіз
және тұрақты дамуға келу қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының даму
стратегиясының басты бағыттарының бірі болып отыр. Д.М. Менделеев кестесіндегі
барлық әлементтерді жинақтаған кен орындарының кемуі азаюы, алуан түрлі жан-
жануарлар түрлерінің азаюы, тұтасынан алғанда, экология проблемаларының және
табиғатты пайдалану жайының әркімді де алаңдатып отырған қиын жағдайы белгілі.
Табиғат қазынасы - шексіз-шетсіз жатқан сарқылмас қор емес, оны қоғамның игілігі
үшін, болашақ ұрпақтардың қажеттіліктері үшін тиімді пайдалануды ешқашан естен
шығармауымыз, кӛздің қарашығындай сақтауымыз қажет. XXI ғасырдағы ғылым мен
техниканың жетістіктері адам баласына зор мүмкіндіктерді тудырып, оларды
экономикалық-экологиялық тиімді қолдануға еш шектеу қойылмаған.
51
Бүгінгі таңда экология мәселелері ӛзекті маңызға ие бола отырып, мемлекеттік
реттеудің қатаң түрлерін қолдануды, табиғат пайдаланушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында ғана емес, келешек ұрпақтарға табиғат ресурстарын ұтымды
пайдалануға және молықтыруға байланысты негіздерді қалыптастыру міндеттерін
кӛздеп отыр. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексі
экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтармен тиімді күресу үшін құқықтық
негіз болып табылатын табиғатты қорғау нормаларының кең ауқымды жүйесін қамтиды.
Құқықтық қорғау объектісінің біртектілігі мен маңыздылығына сүйене отырып,
Қазақстанның қылмыстық заңнама тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының
Қылмыстық
кодексінің
ерекше
бӛлімінің
жүйесінде
экологиялық
құқық
бұзушылықтардың құрамын анықтайтын нормалар топталған жеке тарауға бӛлінді.
Алайда, Қылмыстық кодекс «Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық» деген
ұғымның нормативтік анықтамасын бермейді. Ол бұл ұғымның тұжырымы іс жүзінде
жүзеге асырылатын кӛптеген мақсаттарға қол жеткізу үшін ӛте маңызды.
Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы түсінігіне бірқатар белгілерге тән
түрлік мағынасы жатады. Әдебиетте қылмыстық заңда кӛрсетілгендей, қылмыстың
жалпы белгілеріне сәйкес, қол сұғушылықтардың анықтамалары берілген. Әдетте, олар
қылмыстық іс-әрекет объектісінің анықтамасымен байланысты немесе одан туындайды [2].
Әрбір қылмыс әр түрлі жағдайлармен және фактілермен қосарлана жүреді.
Кейбіреулерінде қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болса, басқаларында ол кездеспейді.
Қылмыстық-құқықтық мағынаға қылмыс құрамының сәйкес белгілері бар әрекет
саралауға маңызды. Қылмыстық істің фактілік жағдайларын анықтағаннан кейін
қылмыстық-құқықтық норманы таңдау керек. Бұл салыстыру қылмыс құрамының барлық
элементтері бойынша жүзеге асырылады. Ортақ ереже бойынша саралау процесі
қылмыс объектісін анықтаудан басталады [3].
Табиғатты қорғаудағы қылмыстық қол сұғушылықтар табиғи ресурстарды ұтымды
қолдану (сақтау, ӛндіру, жақсарту) кӛзқарасынан талқыланады. ҚР-нда табиғатты
қорғаудың заң шығаруы белгілі табиғи объектілерді, орман массивтерін, ауа, су,
жануарлар дүниесін сақтау мақсатымен шаруашылық иелерінің және табиғат
ресурстарын басқа тұтынушылардың құқықтарын шектеуден құрылды.
Бүгінгі күнге дейін іс жүзінде қылмыстық құқық теориясында ресурстарды сақтау
басымдылығы туралы кӛзқарас негізгі, басты болып келеді. Бұл кӛзқарас, біздің
ойымызша, бірнеше себептерден дұрыс емес болып саналады:
- біріншіден, табиғи байлықтарды тиімді, ұтымды пайдалану олардың белгілі
шаруашылықтық мүдделерге бағынуын білдіреді. Осылайша табиғатты қорғау іс жүзінде
екінші орынға жылжиды немесе жай ресми мәлімделеді. Мұны экологиялық қылмыстық
құқық бұзушылықтардың ресми статистикасында бірінші орынды «браконьерлік іс»
алатынынан кӛрінеді. Жауапкершілік туралы нормалар табиғи ресурстарды заңсыз
қолданған қылмыстар кезінде пайдаланылады да, табиғи ортаға және экологиялық
қауіпсіздікке нұқсан келтіру үшін жауапкершілік туралы нормалар қоғамдық
қауіпсіздіктің жоғары болғанына қарамастан, кей кездерде ғана қолданылады.
- екіншіден, табиғатты қорғау заң шығарудың бүкіл тарихында табиғи
ресурстарды дұрыс пайдалану нормативтік актілердің тӛмен сапасы, келісімге келмеушілік
себептерінен қамтамасыз етілмеді. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың
мәні туралы соңғы кезде басқа да пікірлер жүр. Дәлірек, талданып жатқан іс -
әрекеттердің объектісі «қызметтің тікелей негізі ретінде қоршаған ортаны пайдалану
және тағы басқа әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша адамның ӛмір
қызметін қамтамасыз ету үшін ұтымды орындалуын қажет ететін фактілік қоғамдық
қатынастардың күрделі, біртұтас кешені, олардың құқықтық формасының және
материалдық субаппараты деп анықталады.
Біздің ойымызша, қолайлы қоршаған табиғи ортаға байланысты құқық мазмұны ӛте
кең ауқымды. Ол адамдардың экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуға,
52
мемлекеттік органдар ӛз шешімдерін негіздейтін және қоршаған ортадағы жағымсыз
ӛзгерістер туралы ақпараттарға қол жеткізу, бұзылған құқықтар мен шаруашылық-
экономикалық шешімдердің тура немесе жанама ықпалынан экологиялық тепе-теңдіктің
бұзылуы нәтижесінде адамның ӛмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды қалпына
келтіру үшін және ӛтемақыға байланысты сотқа жүгіну құқығы және т.б.
Экологиялық қылмыстық-құқықтық нормалар табиғатты қорғауға бағытталуы
тиіс, ал адамды қорғау жанама түрде ӛту керек, себебі біз табиғатты қорғай тұрып,
әрине, адамды да қауіпті қатерлерден қорғаймыз. Заң шығарушы экологиялық баптардың
диспозицияларында жануарлар мен ӛсімдіктер дүниесіне, балық қорларына және т.б.
зиян келтіру салдарын алдын ала біле тұрып, осы жолмен жүрді делінеді, ал адам
денсаулығы мен ӛміріне зиян келтіру күшейтілген және ерекше күшейтілген құрам деп
анықталады [4].
Осылайша,
біздің
пайымдауымызша,
қылмыстық-құқықтық
нормалардың
қорғауында тек қана адамдар емес, барлық табиғи орта болады деп айтуға болады.
Айтылған кӛзқарасты қолдайтын аргумент келесі бола алады: экологиялық қылмыстық
құқық бұушылықтар тарауы заңнама түрінде алдын ала қарастырылды, егер адам
қауіпсіздігі туралы айтылса, бұл нормалар тұлғаға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік
тарауында ӛз орнын таба алушы еді.
Біркелкі жалпылықтың нормативтік массивтен бӛліну негізіне қол сұғушылықтың
объектісі алыну тиіс деген қылмыстық құқық теориясы мен заңнама тәжірибесінде
тұрақталған пікір тектік объект бойынша нормаларды жүйелеудің негізі болып табылады.
Бұл жүйелеу қылмыстың әлеуметтік мәнін анықта йтын бе лгіге негізделед і. Түрлік
объектінің болуы қол сұғушылықтардың объектісі бойынша біркелкі қылмыстардан
маңызы және мәні бойынша жақын мүдделерге қауіп тӛндіретін іс-әрекеттер тобын бӛлуге
жағдай жасайды. Мұндай мүдделерге экологиялық мүдделер жатқызыла алады, бұл
оларды Қылмыстық кодекстің Ерекше бӛлімінің жеке тарауға бӛлінуіне негіз болады.
Топтастыру негізіне қылмыс заты, сапалы қасиетін құрайтын тұрақты белгі және
топтастырылған құбылыстардың ерекшелігі жатқызылады.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, экологиялық қылмыстық
құқық бұзушылық құрамдарының қылмыс заты ретінде қарастырыла алады:
Біз барлық экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың тӛмендегілерге
тікелей қол сұғушылыққа байланысты топтастыруды ұсынамыз:
-
Экологиялық қауіпсіздікке қылмыстық қолсұғушылықтар;
-
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау
ережелеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар;
-
Халықаралық келісімдер және басқа мемлекеттердің табиғи ортасына зиян
келтіру. Біздің кӛзқарасымыз бойынша, табиғатты қорғау саласындағы халықаралық
келісімдерді бұзу ҚР ҚК ауқымынан шығады.
Осы кезеңге дейін ғалымдар нақты қылмыстардың құрамдарын зерттеуге
тоқталмай, осы қылмыстар санаттарын жалпы құбылыс ретінде қарастыруына негізгі
кӛңілді бӛлген. Кӛбінесе экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін
жауапкершілік мәселелері оларды басқа қылмыстармен салыстыру жағынан сипатталған.
Осыған нақты экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік
мәселелерінің теориялық жағынан дамытылуы бірқатар маңызды мәселелермен
ерекшеленеді. Ал ғылыми еңбектерде орын алған ережелер кейде қарама -қайшы
келеді. Осы күнге дейін жүргізілген ғылыми зерттеулердің жарық кӛргені туралы
фактілері соңғы орын алып отырған жоқ және олар, әрине, соңғы жылдардың
ӛзгерістерін ескермейді, яғни: қоғамдық қатынастардың қайта құрылуы, әлеуметтік
құндылықтардың ӛзгелерімен ауыстырылуы, экологиялық жағдайдың нашарлауы және
тағы басқа.
53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 1995.
2.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Барлық Қазақстандықтардың ӛсіп-
ӛркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына
жолдауы // Егемен Қазақстан. - 1997. - 11 қазан.
3.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігі тұжырымдамасы. ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241
Жарлығымен мақұлданған // Егемен Қазақстан 2003. - 10 желтоқсан.
4.Қазахстанская Правда, № 192 (23841). - 2002. - 4 сентября.
5. Қайыржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон. - Алматы,
1973.
Аннотация. В данной статье рассмотрены меры совершенствования уголовной
ответственности за загрязнение атмосферы.
Annotation. In this article is considered the measures of perfect criminal responsibility for
pollution of atmosphere.
ӘӚЖ 343.25
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ
ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҤРЕС ЖОЛДАРЫ
Еркебаева А.Қ., Кажигалиева Б.Г.
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз қ.
Криминологтар кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының құрылымын
зерттеудің ерекше маңыздылығын және күрделілігін атап кӛрсетеді.
Кәмелетке толмаған қылмыскерлерді топтастыру олардың мінез құлықтарының
мынадай ерекшеліктерін қамтиды:
а)қылмысты кездейсоқ жасау;
ә) тұлғаның жеке бағыттылығының жалпы тұрақсыздығы салдарынан қылмыс жасау
ықтималдығы.
Кәмелетке
толмаған
қылмыскердің
жеке
тұлғасын
зерттеу-ӛте
күрделі
психологиялық міндет.
Әсіресе, жасӛспірімнің ішкі жан-дүниесін, оның әдеттерін, қызығушылығын,
қажеттіліктерін зерттеу ӛте күрделі. Бұл күрделілік кем дегенде екі жағдаймен
түсіндіріледі:
1)осындай зерттеу жүргізілуге тиісті шектерді белгілеуге байланысты қиындықтар;
2) алынған ақпараттың әділдігін (объективтілігін) қамтамасыз етуге
байланысты қиындықтар[1].
Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу үшін елеулі мән-жайларды анықтау негізінде
қылмыс құрамының жас және есі дұрыстық сияқты элементтерін айқындау ӛте маңызды
болып табылады, себебі ессіздік жағдайында қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, кәмелетке
толмаған айыпкердің, сезіктінің бойында психикалық ауру немесе даму кемдігі болуы,
оның ӛз іс-әрекеттеріне толықтай немесе жекелей есеп беруге және нақты жағдайда
оларды басқаруға қабілеттілгі туралы мәселелерді шешу үшін кешенді психологиялық-
психиатриялық сараптама тағайындалуы міндетті. Сондай-ақ, жасӛспірім сезікті не
айыкер тұлғасының ақыл-ой, ерік-жігер, психикалық даму деңгейлерін анықтау үшін
психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін.
54
Кәмелетке толмағандар істерін жүргізу қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларымен
реттелетіндігі белгілі. Жасӛспірімге жеке тұлғаның дербестігіне қол сұғылмауы, сот ісін
жүргізу тілі, айыпкердің қорғауға құқығын қамтамасыз ету туралы нормалар толық
кӛлемінде тиесілі.
Қылмыстық іс жүргізу теориясында айыпкердің қорғау алуға құқығы заңда берілген
құқықтардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, олардың кӛмегімен айыпкер ӛзіне айыптан
қорғану, толық немесе ішінара ақталуға қол жеткізу, жауапкершілікті жеңілдету, сондай-
ақ ӛзінің заңды жеке және мүліктік мүдделерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін пайдалана
алады. Қорғау құқығы, айыпкерге заңда берілген басқа да құқық ӛкілеттіктермен бірге,
қорғаушының кӛмегін пайдалану құқығын да қамтиды [2].
Осылайша, айыпкердің қорғау құқығы оның жеке пайдалана алатын құқықтарының
жиынтығын және процесте қорғаушы қызметін пайдаланумен байланысты құқықтардың
жиынтығын қамтиды.
Кәмелетке толмаған айыпкерді қорғау жоғары кәсіптік шеберлікті ғана емес,
сонымен қатар жасӛспірім психологиясын білуді қатынас тәжірбиесін қажет ететін
қиындықтармен сабақтасып жатады. Сондықтан, кәмелетке толмаған айыпкерді қорғауды
мүмкіндігінше, жасӛспірімдерді қорғауға маманданған, балалармен жұмыс тәжірбиесі бар
қорғаушының жүзеге асыруы тиіс.
Егер жасӛспірім сезікті, айыпкер не олардың заңды ӛкілі қорғаушымен келісімге
келмесе, онда тергеуші, прокурор, сот іс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз
етуі тиіс.
Процеске қорғаушының қатысуы - айыпкердің қорғау құқығы қағидасын жүзеге
асырудың бір түрі.
Қорғау құқығын жүзеге асыру - бұл сот әділдігін табысты түрде жүзеге асырудың
қажетті шарты.
Айыпкерге қорғау құқығын қамтамасыз ету осы жағдайдың ерекше маңыздылығына
байланысты конституциялық қағида дәрежесіне кӛтерілген. Ол ҚР Конституциясының 13-
бабында бекітілген.
Айыпкерге қорғау құқығын қамтамасыз ету - қылмыстық іс бойынша ақиқатты
анықтаудың, сот шешімінің, қаулысының, заңды және негізделген үкімнің маңызды
кепілдігі. Бұл қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңдылықтың маңызды кепілдігі.
Айыпкердің кінәсіздік презумпциясы қағидасы - бұл объективті құқықтық ереже,
оған сәйкес заң үкім заңдық күшіне енгенше айыпкерді кінәлі деп есептемейді және әрбір
процеске қатысушыдан іс бойынша жиналған материалдарды жан-жақты және әділ
зерттеудің негізінде осы іске қатысушының бойында айыптаудың заңдылығы мен
негізділігіне берік сенім қалыптасқанға дейін айыпкерді кінәлі деп есептемеуін талап
етеді.
Кінәсіздік презумпциясының мәні одан бірнеше маңызды салдарлар келіп
шығатынында жатыр:
1) айыпкердің кінәлілігін істі қарайтын сотта кім бекітеді, сот дәлелдеуі тиіс,
сотталушыны дәлелдеу міндеті айып тағуға жатады;
2) соттың, прокурордың, тергеушінің дәлелдеу міндетін айыпкерге аударуға құқығы
жоқ;
3) айыпкер ӛзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, егер ол оны дәлелдей алмаса,
онда бұл оны кінәлі деп тануға үшін негіз бола алмайды;
4) шешілуі қиын күдіктер айыпкердің пайдасына шешіледі (оларды шешуге барлық
қажетті шаралар қабылданғаннан кейін ғана);
5) айыпкердің кӛрсетпесіне зорлық, қорқыту және заңсыз шаралар жолымен жетуге
тыйым салынады;
6) дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікпен бірдей;
7) айыптау үкімі шығарылғанға дейін айыпкердің кінәлілігі туралы баспасӛзде,
бұқаралық ақпарат құралдарында түпкілікті пікір айтуға жол берілмейді.
55
Кәмелетке толмағандар ӛздерінің жас шамасына, зияттық деңгейіне байланысты
физикалық, рухани және әлеуметтік даму салаларында, сондай-ақ құқықтық қорғау
саласында ерекше қамқорлық пен кӛмекке зәру екендігін назарға ала отырып, мемлекет
олардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін жүзеге асырудың тәртібін
бекітті. Осылайша объективті себептерге орай, ӛскелең ұрпақтың құқықтық санасын
кӛтеруге, тәрбиесін, білімін жетілдіруге құқықтық ықпал етуді ұйымдастыру қажеттілігі
туындайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі
міндеттеріне сәйкес, сот әділдігі органдары жүзеге асыратын кәмелетке толмағандар істері
бойынша іс жүргізу жасӛспірімдерге құқықтық ықпал ету, олардың сот қорғауы,
құпиялық, жазаны даралау, тең құқықтылық және т.б. құқықтарын іске асыру тәсілдерінің
бірі болып табылады, ӛйткені жасӛспірім-құқық бұзушылардың жеке мінездемелерін
ескере отырып, мемлекет кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы іс жүргізудің
ерекше тәртібін бекітті. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексімен
реттелген бұл тәртіп кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыруға
қатысы бар Жалпыға бірдей адам құқықтарының Декларациясына, балалар құқығы туралы
Конвенцияға, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге, БҰҰ-ның Шағын
стандартты ережелеріне және басқа адам құқықтарын жариялайтын халықаралық
құжаттарға негізделеді[3].
Заңмен бекітілген кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі істі дұрыс шешуге
жәрдемдеседі, сот әділдігін жүзеге асырудың сапалылығына, сот қателерін жоюға,
жасӛспірімдерге тәрбиелік-алдын алушылық әсер етуге оң ықпал жасайды.
Бұл
органдардың
тәрбиелік-алдын
алу
жұмысы,
ең
алдымен,
оның
қылмыстылық пен жастар арасындағы басқа да құқық бұзушылықтың алдын алу
шаралары жүйесінің элементі екендігіне байланысты.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ұсынылған
прогрессивтілік пен адамгершілік, оның мазмұнында бұрынғы заңнамадан ерекше
ережелер жатқандығымен анықталады, олар:
1. Сот әділдігі құралдары арқылы адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
2.Айыптау, қорғау және істі мәні бойынша қарау функцияларының бӛлінуі.
Тараптардың нақты бәсекелестігі мен тең құқықтығын қамтамасыз ету.
3. Сотқа жаңа статус (мәртебе) беру.
Заңда сот билігінің тәуелсіздігі бекітілген. Соттың іс қарауы құқық қорғаушылық
тұрғысына ауыстырылған. Сотқа дейінгі іс жүргізуді сот бақылауын кӛздейтін түбегейлі
жаңа нормалар енгізілген.
Республика соттары тұрақты түрде сот қызметінің деңгейін кӛтеріп отырады, сот ісін
жүргізу сапасын жақсарту және іс-әрекетті саралау, жаза тағайындау кезінде қателік
жібермеу, кінәсіз тұлғаларды қылмыстық қудалауды жою мақсаттарымен кәмелетке
толмағандар істерін профессионалды түрде алдын ала тергеу мен қарауға назарды
күшейтеді.
Бірақ, дегенмен де, жасӛспірімдер қылмыстылығымен күрес, оның алдын алу,
қылмыс жасау үшін жағдай жасайтын себептерді жою, азаматтарды тәрбиелеу тек құқық
қорғау органдарының, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт қызметкерлерінің,
бұқаралық ақпарат құралдарының және т.б. қатысуымен профилактикалық қызметтің
барлық бағыттарының жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады, олар сананы қайта құруға,
республика халқының бойында елдегі қылмыстылық жағдайына әділ баға тудыруға,
азаматтардың құқық бұзушылыққа тӛзбеу сезімін қалыптастыруға, кемелді адамгершілік
кӛзқарас бағдарына және жасӛспірімдер мен жастар бойындағы ӛзіне-ӛзі сын кӛзімен
қарау сезіміне тәрбиелеуге кӛмектесе алады[4].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
56
1. Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак:
Олма-Пресс, 2004.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся
поведением. Киев, 1981.
3. Столяренко А.М. Прикладная юридическая психология. Юнити, 2001.
4. Васильев В.Л. Юридическая психология. Учебник для вузов 5-е изд. Питер, 2003.
5. Ратинов А.Р, Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория
и методол. исслед. Красноярск 1988.
6. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва,
Юнити-дана, Закон и право. 2002.
Аннотация.
В
статье
рассмотрены
пути
борьбы
с
преступностью
несовершеннолетних.
Annotation. In this article is considered the ways of tighting criminal of teenagers.
ӘОЖ 52. 31
ЗАР ЗАМАН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ РУХАНИ – ТАНЫМДЫҚ
ТҦРҒЫДАН САРАЛАНУЫ
Жапарова Ә.Ә.
Біліктілік арттырудың ҧлттық орталығы «Ӛрлеу» АҚ ЖО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ.
Ӛткен ғасырдағы кӛрнекті әдебиет зерттеушілерінің кӛпшілігі ХІХ ғасырда қазақ
даласында қалыптасқан ірі әдеби ағым – «Зар заман» әдебиетін зерттеуге қызығушылық
танытқаны мәлім. Мәселен, Сәкен Сейфуллин 1932 жылы қазақ әдебиетінің тӛңкеріске
дейінгі тарихын «Билер дәуірі» және «Орыс патшасына бағынған дәуір» деп екі дәуірге
бӛліп қарастырса, Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін «Зар заман әдебиеті» деп атады. Бұл
кезеңге қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесіне қатысты зерттеулер жүргізген Е.Ысмайылов,
Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев сияқты белгілі ғалымдарымыз да айрықша
мән береді. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов «Зар заман» әдебиетін сипатына
қарай «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынды.Ал қазақ халқының ұлы
қаламгері Мұхтар Әуезов 1927 жылғы «Әдебиет тарихы» оқулығының «Зар заман» атты
бӛлімінде бұл кезең жайында арнайы зерттеуін жариялады. Бұл кезең әдебиетін зерттеуге
алғашқылардың бірі болып қалам тартқан ұлт кӛсемдерінің бірі, ағартушы-ғалым Ахмет
Байтұрсынұлы. Оның «Зар заман» әдебиетіне қатысын екі түрлі бағытта қарастырамыз.
Бірінші, «Зар заман» әдебиетіндегі азаттық идеясының Алаш идеясымен, оның ішінде
А.Байтұрсынұлы шығармаларындағы ұлттық рухпен ӛзара байланыстылығы, екінші,
«Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі «Зар заман» әдебиеті ӛкілдерінің шығармаларының
кӛрініс табуы тұрғысынан айтуға болады. Әрине, ХХ ғасыр басындағы Әлихан Бӛкейхан,
Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ұлт зиялылары бастаған Алаш идеясының арғы тегі ХІХ
ғасырдағұмыр кешкен Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мӛңкеұлы,
Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы т.б. сияқты «Зар заман»
ақындарының қазақтың азаттығын аңсаған айшықты жырларында жатқандығы анық. Тек
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласының әр тұсында басталған поэзиядағы
отаршылыққа наразылық идеясы мен Кенесары Қасымұлы, Исатай-Махамбет бастаған
ашық күрескерлік ХХ ғасырдың басында пісіп жетіліп, үлкен ұлттық мәдени-саяси
қозғалысқа айналды. ХІХ ғасырда ескіше хат таныған ақындар тығырықтан шығар жол
таппай күңіреніп, жалаң қылыш асынған батырлар мұздай қаруланған жауға қарсы шапса,
57
ХХ ғасырда еуропалық терең біліммен жарақтанған қазақ зиялылары азаттық идеясын
ӛркениетті түрде жаңа сатыға кӛтерді. Олар білек күшімен емес, білімнің мысымен
күресті. «Зар заман» әдебиетін зерттеуші ғалым Бауыржан Омарұлы ХХ ғасыр басындағы
ұлттық оянуға бетбұрысты: «Міне, зар заман поэзиясындағы сарындардың, дәстүрлі
тұжырымдардың біртіндеп жоғала бастайтын тұсы да осы. Алдымен «заман азды, жер
тозды» мотивін ағартушылық идеялар, әрекетшілдік қадамдар ығыстырды. Ӛлең-жыр
ақырзамандық сарыннан арылды. Мағжанның «ӛткен – аяулы» деп жырлағанындай,
кешегі күнді кӛксеу сарыны халықтың кӛшпенді ӛмірін, азат дәуренін сағынудан гӛрі,
адам баласы үшін артта қалған қалған тіршіліктің қадірлі болатынын айту әуеніне қарай
ойысты. Жаңа дүниенің құбылыстарына тосырқай қарау, күдіктене-күмәндана жырлау
үрдісі жойылып, тосын жаңалықты дәріптеп, мұны қазақ үшін керек нәрсе деп бағалау
дәстүрі қалыптаса бастады», –деп жазады. Ұлы мақсатқа жету үшін Ахмет Байтұрсынұлы
бастаған Алаш зиялылары да ӛзінің алдындағы қазақ халқына ойы азық, сӛзі темірқазық
болған ұлт данышпандарының ұлы қайнарынан сусындады. «Олар кімдер еді?» дегенде
әрине, алдымен ұлы Абай Құнанбаевты атар едік. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы
«Қазақ» газетінде жарық кӛрген «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында:«1903-ші жылы
қолыма Абай сӛздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сӛзіндей
емес. Олар сӛзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, кӛпке дейін тосаңсып
отырасың. Сӛзі аз, мағынасы кӛп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң,
түсініп, кӛбінің мағынасына жете алмай қалады. Кӛп сӛздерін ойланып дағдыланған
адамдар болмаса, мың ара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу
баяндап ұқтырғанда ғана біледі.Сондықтан Абай сӛздері жалпы адамның түсінуіне ауыр
тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың
түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда
емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түсіндіріп, тамырын, ішкі сырын,
қасиетін қармай жазады», – деп баға берген ұлы ақынның шығармашылығы Алаш
идеясының негізгі ұстыны болғаны анық. Алаштың астанасы Семей қаласы деп, ӛздері
Абай мектебінің ӛкілдері Шәкәрім Құдайбердіұлы, Кӛкбай Жанатайұлы, Тұрағұл
Абайұлы, Кәкітай Ысқақұлы сияқты сұңғылалардың айналасына топтасуының бір ұшығы
осында жатыр. Абайды жан-жақты таныған Ахмет Байтұрсынұлы ол үлгі тұтқан «Зар
заман» әдебиетінің кӛрнекті ӛкілі Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын зерттеу
нысанына енгізгенімен, ұлы ақынның рухани ұстазы делініп жүрген Дулат Бабатайұлы
туралы пікірін еш жерден кездестіре алмадық. Бір қызығы ХХ ғасыр басындағы ең
кӛрнекті зерттеу еңбектері болып табылатын Ахаңның «Әдебиет танытқышында» да,
М.Әуезовтің 1927 жылы жарық кӛрген «Әдебиет тарихы» еңбегінің «Зар заман» атты
тарауында да Дулат Бабатайұлы аталмайды. 1870 жылы Қазанда «Ӛсиетнама» атты кітабы
жарық кӛрген ақынды қазақ оқығандары білмеді деу негізсіз. Зиялыларымыздың аумалы-
тӛпелі заманда сақтануына себеп болған Дулат шығармаларында орыс отаршылығына
наразылық ашық айтылғандығы болса керек. Қалай дегенмен де, Абайды Дулаттан,
Шортанбайдан бӛліп қарастыра алмаймыз. С.Мұқанов «…қазақтың халық әдебиетінсіз,
Бұхар жыраусыз, Махамбетсіз, Шортанбайсыз Абай да болмас еді.Қазақ әдебиетінің
қайнар бұлағы – Абай емес, Абайды туғызған халық», – десе, академик Р.Бердібай
Абайдың ескі ақындарды сынаған ӛлеңдерін тілге тиек ете келіп, «Бірақ Бұқар,
Шортанбай, Дулат сынды ақындардың сӛз кестесінен, бейнелеу құралдарынан мүлде
тағылым кӛрмеген деген үзілді-кесілді қорытынды тумайды», – деген пікір айтады.
«Зар заман» әдебиеті ӛкілдерінің Абай поэзиясына әсер еткен уытты толғаулары Ахмет
Байтұрсынұлының ӛлеңдеріне әсері аз болған жоқ.Дулат, Шортанбай, Мұраттардың
шығармаларында кӛтерілетін ел мен жер мәселесі, халықтың әлеуметтік тұрмысы, жұртты
еңбекке, білімге, рухани оянуға шақыру идеясы Ахмет Байтұрсынұлының да ӛзегін жарып
шыққан
туындыларының
ӛне
бойынан
кӛрініс
табады.
Шұрайлы жерлердің жат қолына түсуі, айрандай ұйыған ел ішінің нілдей бұзылуын
Дулат, Шортанбай, Мұраттар ел басқарған сатқын, «Жатып ішер жалмауыз, борсық
58
тұмсық қандауыз» қазақ ұлықтарынан кӛрсе, А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары
оның себебін жекелеген адамдардың ашкӛздігінен емес, жалпы халықтың надандығының,
бейғамдығының кесірінен іздейді.
Мәселен, Дулатта,
Әуелгі қазақ деген ғаріп жұрт,
Миығыңды кӛрсетпей,
Ұстарасыз ӛскен мұрт.
Ұйқы басып сезбедің,
Шырмағанын жаудың сырт, – десе,
Шортанбайда,
Қайсы бірін айтайын,
Қазақтың ұлы қамалды.
Қамалмай енді неғып тұр,
Тәубасынан қазақ жаңылды.
Тұс-тұсынан жау шығып,
Дұшпанға жаман табынды.
Кәдесі қалың Арқаңыз
Ақ шӛбін қимай бағынды.
Бағынғанның белгісі:
Билік кетті басыңнан,
Қорлық кӛрдің жасыңнан.
Ұл-қызыңнан үміт кетті,
Айрылдың құда, досыңнан, - деп келетін жолдарда қазақ қоғамының тығырыққа
тірелгені, одан шығатын жолдың жоқтығы, күнбатыстан басқыншылар кіріп,
«ақырзаманның» таянғаны кӛкірегі ояу ақындарды дүниеден түңілдіргенін кӛреміз.
Ал, ХХ ғасыр басында бұл идеяжаңаша сипатта жаңғырып, түлеп Алаш қайраткерлерінен
Міржақып
Дулатұлының,
Мағжан
Жұмабаевтың,
сонымен
қатар
Ахмет
Байтұрсынұлының ӛлеңдерінде де айқын кӛрініс тапты. Мысалы, «Жиған-терген»
ӛлеңіндегі:
Қазағым елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш кӛзіңді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың?! - деген шумақтардан ақынның бейғам қазақтың
надандық дәуіріндегі іс-әрекетіне налыған, оларды рухани оянуға, бірлікке шақырған
жанайқайын кӛреміз.Отаршылдықтың қамытын мықтап киген надан халықты тек білім
мен ӛнерді үйрету арқылы ғана санасын оятуға болатынын жырға қосады.
Байқағанымыздай, бұл ӛлең жолдары зар заманның жалғасы сияқты болғанымен,
бұрынғыдай тығырыққа тірелу, шығар жолды таппау, заман азғанына күйіну сияқты ескі
сарын жоқ. Оғаны негізгі себеп бірінші, Абай, Ыбырайлар, одан кейін Алаш қайраткерлері
бастаған оқу, білімге, жаңалыққа ұмтылу кезеңі, рухани ояну дәуірі халықтың кӛңілін
басқа арнаға бұрды. Ӛткенді аңсап зар айтудан гӛрі жаңа дәуір ақындары елдің сауатын
ашса ғана бодандықтан бостандыққа ұмтылуға болатынын түсінді. Екіншіден, Абайдың
негізін қалаған қазақ классикалық поэзиясы сӛз ӛнерінің ішкі сипатын мүлде ӛзгертті.
Елдің мұңын, жердің қадірін жырлаудың басқаша үлгісі қалыптасты. Ахмет
Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» мақаласында: «Хақиқатты тануға, тереңнен
сӛйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әртүрлі Еуропа білім иесілерінің
кітаптарын оқыған. Тәржіма халін, жазушы Ғалихан Бӛкейхановтың айтуына қарағанда,
Абай Спенсер, Луис, Дрепер деген Еуропаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын
59
оқыған. Ӛлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең пікірлі ақынының ӛлеңдерін
сүйіп оқыған. Сондықтан Абайдың терең пікірлі сӛздерін қарапайым жұрттың кӛбі ұға
алмай, ауырсынады», – деп жазғандай, Абай Фирдоуси, Сағди, Хафиздер бастаған шығыс
шайырларымен қатар Еуропаның үздік философтары мен ақындарының заманды астарлап
жырлау әдісін қазақ ӛлеңіне енгізді. Оны Мағжан Жұмабаев бастаған жаңаша бағыттағы
ақындар ары қарай дамытты. Ал Абайдың осылайша жырлауына, «Зар заман»
ақындарының, әсіресе,Дулат Бабатайұлының да әсері ерекше. Академик Рабиға
Сыздықова «Дулатты танып болдық па?» атты мақаласында: «Қазақ жазба поэзиясының
алғашқы нышандары Дулат ӛлеңдерінен кӛрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны
қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін кӛрсеткен Дулат деп
айтуға әбден болады», – дей келіп: «Дулаттың ӛлеңдері бұрынғы жырауларды былай
қойғанда, тіпті кешегі Бұқар толғауларынан, одан қалды ӛзімен тұстас ақындардың
туындыларынан мүлде ӛзгеше дүниелер»,- деген тұжырым айтады. Әрине, әдебиеттің
қоғамдық құрылыстардың ӛзгеруімен бірге жаңғырып, жаңарып отыруы заңдылық. Алаш
қайракерлерінің жырларында айтылатын елдік, ұлттық мұратттардың жыраулар
поэзиясынан, оның бергі жағында «Зар заман» әдебиеті ӛкілдерінен жалғасып жатқанын
жоққа шығара алмаймыз.
Енді «Әдебиет танытқыш» еңбегінде «Зар заман» әдебиеті ӛкілдерінің шығармалары
талдануына келсек, профессор-ғалым Бауыржан Омарұлы: «А.Байтұрсынов сӛз ӛнерінің
әр түрін талдап-таразылау барысында зар заман үлгілерін мысал ретінде пайдаланды.
Ғалым кӛркейте айқындауды – Мұрат, насихат ӛлеңді Әбубәкір, діндар әдебиет термесін
Шортанбай шығармаларынан алынған үзінді жыр тармақтарымен дәйектеп кӛрсетеді», –
деп жазады. Қазақ ӛлеңін жанрлық жағынан алғаш жіктеп кӛрсеткен Ахмет
Байтұрсынұлының зар заман ақындары жырларының табиғаты бірнеше жанрға сәйкес
келгендіктен мысал ретінде алған. Мәселен, Мұрат Мӛңкеұлының ӛлең жолдарын «Тіл
кӛрнектілігі» тарауының «Кӛріктеу» тараушасында кӛркейте айқындауға, Шортанбай
Қанайұлының шығармаларын «Діндар дәуір» тарауындағы «Насихат» тараушасында,
«Терме» тараушасында, Әбубәкір Кердерінің ӛлеңдерін «Әсірелеу» тарауындағы
«Қайталақтау» тараушасында, «Діндар дәуір» тарауындағы «Насихат» тараушасында,
«Даттау» тараушасында, «Терме» тараушасында пайдаланған. «Зар заман» ақындарының
жырлары кӛбінесе Ахаң жазған «Діндар дәуір» әдебиетіне сәйкес келеді. Себебі, олардың
барлығы діни біліммен сауатын ашқан, Ислам дінінен мол хабары бар ақындар болғанын
шығармаларынан анық байқауға болады. Елге діни насихат айту, жаманшылықтан
сақтандыру, жаны күйзеліске түскенде Құдайдан жәрдем тілеу, Жаратқанға жалбарыну
олардың жырларына тән болып келеді. «Әдебиет танытқыштағы»: «Діндар дәуір мұңды,
зарлы сӛздеріне мінажат деп ат қойған. Әуелгіде мінажат деп ғұламалардың құдайға
айтқан зары, арызы, налысы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңлық мағынасына айналып,
зарлық ӛлең сияқты сӛздер де мінажат деп аталатын болған», – деген сипаттаманың «Зар
заман»
жырларындағы
сарындарға
да
қатысы
бары
анық.
Ахмет Байтұрсынұлы анықтама беретін налыс толғауы, терме, мінажат ӛлеңдердің «Зар
заман»
жырларының
жанрлық
сипатына
сәйкес
келеді.
Жинақтай айтқанда, зерттеу еңбектерінде шығармаларын пайдаланғанын және
жырларыдағы идеялық сабақтастықты ескере отырып, Ахмет Байтұрсынұлы «Зар заман»
ақындарының шығармашылығымен жақсы таныс болған, олардын рухани үлгі алған деген
қорытынды жасауға толық негіз бар. «Зар заман» әдебиеті мен «Алаш ұранды» әдебиеттің
сабақтастығын індете зерттеу келер күндердің де талабы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |