Әдебиеттер тізімі:
1.С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың
әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
2.Т.Жұмажанова, С.Дүйсебаев, Ә.Мамырова, З.Кӛпбаева, «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі.
Алматы «Білім», 2003.
3.А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2,
2000
4. Бӛрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.
5. Информационные технологии. – Москва, 2005.
Аннотация.В этой статье расcматриваются эффективность информационной
технологии в преподовании философии.
Аnnotation. In this article are considered efficiency of information technology in teaching
philosophy.
ӘОЖ 796
Н 53
САЛАУАТТЫ ӚМІР СҤРУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДЕНЕ ТӘРБЕСІНІҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Нартбаев Т., Абдикулов М., Абдыхайранов У.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында
«Салауатты
ӛмір
салтын
ынталандыру
әрқайсымыздың
дене
тәрбиесімен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды
қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және Т.С.С. бағытталған»
делінген
(1).
«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз (2). Ата
бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен ӛтіп бізге жетіп отырған
шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін кӛп
күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол
тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей ӛзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру,
ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет,
онсыз
баянды,
әрі
ұзақ
денсаулықты
сақтау
қиын
(3,4).
Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы тӛмен
деңгейде. Тек, бір кӛрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 50 % дене
дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс
күштерінің
қатарында
қызмет
атқаруға
жарамсыз.
(5)
Бұл қауыпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды,
рігерлерді, ғылымдарды шындап толғандыруда. Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің
негізгі жолы салауатты ӛмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл
тұрғыда елбасы « Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында «Жеткілікті құралдар
болмай тұрған ағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жӛніндегі біздің
стратегиямыз –азаматтарымызды салауатты ӛмір салтын әзірлеуден басталады» - деп атап
кӛрсетті.
79
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін
факторлардың 50-60 % ӛмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы
ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік кӛмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер
денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты –салауатты ӛмір салтын қалыптастыруға, оны
насихаттауға
бағытталған
шаралар
екенін
дәлелдейді.
Салауатты ӛмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы ӛте зор. Бұл бағытта
жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін тӛмендетуге, ішімдіктің,
темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға
қарсы
жүргізілетін
үгіт-насихат
жұмыстарына
негіз
салды.
Салауатты ӛмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан-
жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін кӛптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин
мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері;
дұрыс тамақтанбау ( оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс кӛптігі); кӛңіл күйдің
жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың бұзылуы, ауаның, судың бұзылуы; дәрі-
дәрмекті және тұрмысхимиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде
бірінші
қатарда
қимыл-қозғалыстың
аздығы.
Салауатты ӛмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі.
Адам тіршілігіне ауа,су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да
маңызы сонша, оны ӛмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді.
Табиғаттың ӛзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп
отыр, ол – қимыл – қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына,
жігеріне, әркімнің ӛз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан
атаға, бір адамның даму кезеңдеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады. Қимыл –
қозғалыстың
аздығы
(гипокенезия)
денсаулықты
бұзатын
себептердің
бірі.
Біздің зерттеуіміздің мақсаты: 1. Оқушы жастардың дене тәрбиесі сабағы мен салауатты
ӛмір тіршілігіне әртүрлі кӛзқарастардың себебін; 2. Оқушы жастардың дене
шынықтырумен
шұғылдануына
кедергі
келтіретін
факторларды
нықтау.
Арнайы
сұрақтар
тізіміне
берілген
жауаптар
нәтижелері:
1. «Денсаулық дегеніміз не?» - деген сұраққа дұрыс жауапты 65 % білімгерлер берді.
2. «Ішімдік пен есірткенің денсаулыққа әсері» - деген сұраққа -70 % білімгерлер –ол
«Денсаулықты бұзады» - деп жауап берді. Ал, «Ішімдікке қалай қарайсыз? –деген
сұраққа» «Аз мӛлшерде ішемін» - деп 50%, «Ішпеймін» - деп 50% жауап берді. «Ішемін»
деп жауап бергендер оны оқта-текте, тиіп қашып ішетіндер. Салынып ішетіндер қатарына
жатпайды.
3.Гигиена және санитария ережелерін сақтайсыз ба? - деген сұраққа 70 % білімгерлер
«сақтаймыз»,
30
%
-«анда
санда,
әр
қалай»-
деп
жауап
берді.
4.«Салауатты ӛмір тіршілігі туралы не айтасыз?» - деген сұраққа -75 % білімгерлер дұрыс
жауап
берді.
Екінші міндет –оқушы –жастардың дене тәрбиесі сабағына және салауатты ӛмір
салтына әртүрлі кӛзқарастардың себебі. Сұрақтар тізіміне жауап берген оқушыларды дене
шынықтыру сабағына кӛзқарастарына байланысты үш топқа бӛлдік: 1 топқа дене
шынықтыру сабағына кӛзқарастары тӛмен, онымен шұғылдануды қаламайтындар жатты.
Бұл топқа барлық сұраққа жауап бергендердің -36-41 % ; 2-топқа –бейтарап, жақсы да
емес, жаман да емес, сабаққа кӛзқарастары әлі толық қалыптаспаған -45-57 %; 3-топқа –
кӛзқарастары дұрыс, сабаққа ынта қойып қатысатындар жатты, тек олардың саны 2,8-7 %
дейін
ғана
болды.
Сонымен, жіктеу нәтижесінде оқушылардың кӛпшілігінің дене тәрбиесі сабағына
кӛзқарастары тӛмен, қалыптаспаған. Оның себептері:
1.Дене тәрбиесіне қызығушылықтың жоқтығы -38 %;
2.Нашар материалды техникалық база -35 %;
3.Денсаулықтың тӛмен деңгейі -28 %;
80
4.Сабақтың, сауықтыру іс-шаралардың тӛмен деңгейде ӛтуі -47 %;
5.Әдістемелік, спорттық әдебиеттердің жеткіліксіздігі -40 %;
6.Дене тәрбиесі жӛніндегі теориялық білімінің жеткіліксіздігі -45 %.
Бұл деректерден оқушылардың дене тәрбиесі сабағына кӛзқарастары әлі тӛмен
деңгейде екенін, оның себептері: оған қызығушылықтың жоқтығы, спорт жабдықтарының
материалды –техникалық базаларының нашарлығы, сабақтың тӛмен деңгейде ӛтуі т.б.
жатады. Сол себептен, біздің ойымызша, қоғамдық сауықтандыру бағдарламасында
салауатты ӛмір салтын жасӛспірімдердің арасында қалыптастыру мақсатында осы
жайларға баса кӛңіл бӛлу қажет.
«Дене тәрбиесімен шұғылдану сіздің денсаулығыңыздың, жалпы жағдайыңыздың,
кӛңіл-күйіңіздің, жұмыс істеу қабілетіңіздің жақсаруына әсер ете ме?» - деген сұраққа
жауап берген бітімгерлердің:
-44%-денсаулығымызды жақсартады;
-50-54%-жалпы жағдайымызды, кӛңіл күйімізді кӛтереді;
-28%-жұмы істеу қабілетімізді жоғарлатады;
-7% - жауап бермеді.
«Дене жаттығуларымен аптасына неше рет шұғылданғыңыз келеді» - деген сұраққа
берілген жауаптар:
-35%-1рет
-40%-2рет
-11%-3рет
-4,8%-4рет
Бұл жауаптардың 40 % бітімгерлердің аптасына 2 рет міндетті түрде дене тәрбиесі
сабағымен шұғылдануды қалайды. Соған байланысты біз жалпы бітімгерлерге аптасына 4
сағат дене тәрбиесіне бӛлу жӛнінде ұсыныс жасаймыз.
Дене тәрбиесі мен шұғылдануға қай сағаттар ыңғайлы? –деген сұраққа, жауаптар:
-26%-8-10
-11%-10-12
-12%-12-14
-31%-14-16
-9%-16-18
-12%-18-20
-8%-20-22
Оқу ісін ұйымдастырушылардың пікірінше дене тәрбиесі сабағынан кейін
бітімгерлердің назарын келесі пәнге жұмылдыру ӛте ауыр, сұрақтар тізімінде дене
тәрбиесі саған –бірінші сағаттарға (8-10) -26 %, ал ақырғы сағатқа (14-16) қоюды -31 %
қалады.
Білімгерлер сұраққа берген жазбаша жауаптарында дене тәрбиесінің керектігін
мойындайды: 49 % -ол денсаулыққа жақсы әсер етеді, 53 % - жалпы жағдайының
жақсарғанын, 38 % - жұмыс істеу қабілеті жоғарлағанын, 51 % - оның денсаулыққа,
жұмыс істеу қабілетіне, кӛңіл –күйіне жақсы әсер ететінін атап ӛтті.
Біздің зерттеуіміздің нәтижелері Тараз мемлекеттік педагогикалық институтінің
бітімгерлерінің қимыл –қозғалыс деңгейі (қажетті физиологиялық деңгеймен
салыстырғанда) -56-65 %, ал емтихан, демалыс кездерінде -39-46 % екенін кӛрсетті. Бұл
деректер бітімгерлердің жыл бойы гипокинезия жағдайында болатындығын кӛрсетеді. Ол
бітімгерлердің арасында ауру санын кӛбейтуге әсер ететін факторлардың бірі.
Салауатты ӛмір салтының білімгерлер арасында қалыптасуы, оларға дәрігерлік
гигиеналық білім берудің деңгейіне байланысты, біздің институтта бұл мәселе әлі шешім
тапқан жоқ. Гигиеналық тәрбие үзбей жүру керек, әсіресе биология циклінің пәндерінде
және арнайы «валеология» пәнінің оқу бағдарламасына енуі керек.
81
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Дьячков В.М. Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС
2.
ҚР мектепке дейінгі концепциясы Алматы – 1992
3.
«Дене тәрбиесі» Б.Тӛтентай, С.Тайжанов, Алматы «Атамұра»
Аннотация. В данной статье говорится о важности формирования здорового образа
жизни у молодых людей.
Annotation.
In this article talked about importance of forming of healthy way of life
between to the youngs people.
ӘӘЖ 343.5
АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ
КРИМИНОЛГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
Оңғарбаева А.К., Сауыт Қ.Е.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік уневерситеті,Тараз.қ
Адамзат - қоғамның негізі. Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары
қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам ӛмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп
атау мүмкін болмайды. Жеке адам қоғамда ӛмір сүргендіктен және ең бастысы оған
"адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа
лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның
ӛмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге
жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.
Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді
немесе ӛзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған
жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды ӛркениеті қоғамның баласы етіп
тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін кӛптеген салалар ӛз үлестерін қосады. Соның ішіндегі
саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап ӛтуге болады. Жеке адамдарға
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу,
мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып
қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол
үшін жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын,
олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-
әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін
ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын
ойластырып, қарастыруға болады. Менің еңбегім міне осы мәселелерге арналған.
Қазақстан Республикасының ата заңы яғни Конституциямызда Қазақстан
Республикасы ӛзінің қымбат қазынасы-адам қылмыстық заң ӛзінің ең басты міндеті Адам
құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау деп кӛрсетеді. Жаңа
қылмыстық кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық
құқықтың, жалпы жұрт таныған қағидалары мен нормаларына негізделіп қабылданған. [1].
Қылмыссыз қоғам болмайтындығын рас айтқанымыз жӛн себебі оған дәлел ретінде
қылмыстық заңдардың қабылдануын айтып кетсек болады. Қоғамда қылмыс түрлерінің
кӛбеюі, яғни басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, (ҚР Мемлекеттік туын, елтаңбасын
немесе Мемлекеттік гимнін ұрлау, жалған құжаттарды, мӛртаңбаларды, мӛрлерді,
мӛрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, т.б., ӛрістеуіне байланысты,
жаңа қылмыстық кодекстің жалпы және ерекше бӛлімдерінде, ескі кодекске қарағанда
82
кӛптеген қылмыс түрлеріне, қылмыстық-құқықтық түсініктердің, институттардың жаңа
ұғымы берілген.
Еліміз тәуелсіз, демократиялық құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он тӛрт
жыл болды. Осы аралықта құқықтану саласы бойынша, қазіргі кезеңге дейінгі заңдарды
негізделіп, бірнеше авторларымыздың еңбектері мемлекеттік тілінде жарық кӛрді.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі 1997 жылы 16-ші шілдеде
қадылданып 1998 жылдың 1-қантарынан бастап заңды күшіне енді. Жаңа қылмыстық
кодекс қабылданғанға дейін Қазақ ССР-нің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық
кодексіне ӛзгертулерімен, толықтырулар еңгізіліп қолданылып келді. Бұл қылмыстық
кодекстің нормалары қоғамымызды орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық
жағдайлардың ӛзгеруіне және де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін
қабылдауға негіз болды. Жаңа қылмыстық кодекс 1998 жылдың 1-қантарында заңды
күшіне енгеннен кейін, осыған дейін қолданылған Қылмыстық кодекстің заңды күші
жойылды. Қоғамның ӛзгеруіне, дамуына байланысты елімізде Қылмыстық заңда
жетілдіруде.
Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына қабылдауында Заңның
үстемділігін толық орнату және заңға алынған азаматтарды қылмыстан қорғау, сонымен
қатар билік пен заң күштерін құқыққа қарсы жолдармен ӛздерін байлықпен қамтамасыз
еткендермен аяусыз күресу стратегиялық маңызды міндеттің бірі ретінде аталды.
Бұл міндеттер мен құқық қорғау органдарының ғана емес, басқа да барлық
мемлекеттік институттардың күшімен шешілуі тиіс себебі Қазақстандағы криминогендік
жағдай әлі де ауыр күйде қалып отыр және бақылаудан шығып кету қауіп де жоқ емес.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы
қорғалады. Қазақстан Республикасының конституциясының ІІ-бӛлімі осы мәселеге
тікелей арналған. Конституциясының I-бабында "ең қымбат қазына - адам және адамның
ӛмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан
Республикасының барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды
қорғауды ӛзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің
2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау
ең басты міндет ретінде кӛрініс тапқан[2]. Қазақстан Республикасының барлық заңдары
жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта
артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің Ерекше бӛлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстық құқық
бұзушылықтарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі
жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып
табылдаы. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстық
құқық бұзушылықтар мынадай түрлерге бӛлінеді: ӛмірге қарсы қылмыстар; адам ӛлтіру
(99-б.); жаңа туған баланы анасының ӛлтіруі (100-б.);аффект жағдайында жасалған адам
ӛлтіру (101-б.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам ӛлтіру (102-б.);
қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шегінен шығу кезінде жасалған
адам ӛлтіру (103-б.); абайсызда қазаға ұшырату (104-б.); ӛзін-ӛзі ӛлтіруге дейін жеткізу
(105-б.).
Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: Денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру (106-б.); денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру (107-б.);
денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-б.); ұрып-соғу (109-б.); қинау (110-б.);
аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтіру (111-б.); қажетті қорғаныс шегінен шығу
кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-б.); қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезінде
денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113-б.); денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114-б.);
қорқыту (115-б.); адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз
алып қою (116-б.); соз ауруын жұқтыру (319-б.); адамның иммун тапшылығы вирусын
(АИТВ/ЖИТС) жұқтыру (320-б.); қауіпті жағдайда қалдыру(119-б.);
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: Адамды ұрлау (125-б.); бас
83
бостандығынан заңсыз айыру (126-б.); психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
(127-б.); адам саудасы (128-б.).
Жеке адамның ар-намысын және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: Жала жабу (130-
б.); қорлау (131-б.).
Жыныстық қылмыстар: Зорлау (120-б.); сексуалдық сипаттағы зорлық –зомбылық
әрекеттері(121-б.); он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе
сексуалдық сипаттағы ӛзге де әрекеттер жасау (122-б.); жыныстық қатынас жасауға, еркек
пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас
жасауына немесе сексуалдық сипаттағы ӛзге де әрекеттерге мәжбүр ету (123-б.); жас
балаларды азғындық жолға түсіру (124-б.)
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет
адам ӛлтірудің заңдылық түсінігі берілген. "Адам ӛлтіру, яғни басқа адамға құқыққа
қарсы қаза келтіру" деп ҚК-тің 99-бабында тура кӛрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі
ӛлтіру заң бойынша адам ӛлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект
белгісіне сәйкес бұл қылымыс құрамы (абайсызда кісі ӛлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс
үшін жауаптылық кӛзделген тарауда орналасқан. Ӛмірге қарсы қалмыстың, соның ішінде
адам ӛлтірудің де тікелей объектісі адамның ӛмірі болып табылады[3].Заң жасына және
ден және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның ӛмірін бірдей қорғайды.
Адам ӛмірі баланы туған сәтінен, яғни анасының денесінен бӛлініп шығып, алғаш тыныс
алуы арқылы оның ӛкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс баланың
алғашқы айқайнынан, дыбыс беруінен басталады. Ӛлім адам ӛмірінің соңғы сәті болып
танылады. Ӛлім клиникалық және биологиялық болып екіге белінеді. Тыныс алуы мен
қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық ӛлім сатысы
басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезеңі биологиялық ӛлім,
орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың ӛлуі басталады.
Адамның басқа органдары мен тіндерінің ӛміршендік белгілері біразға жалқасғанымен,
мидың ӛлуі адам ӛмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам ӛмірінің соңғы сәті -
биологиялық ӛлім.
Адам ӛлтірудің объективтік жағы басқа адамды ӛмірінен заңсыз айырумен кӛрінеді.
Қылмыстың аяқталуы үшін адамды ӛмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және
соның зардабынан адам ӛлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау
қажет.
Адам ӛлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам ӛлтірудің кӛпшілігі
осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қаурыдың, ӛзге де заттарды
пайдалануымен, улаңдыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам
ӛмірінен айрылады. Адам ӛлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету
нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап
шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен ӛмірінен айыру әдебиеттерде
мысал ретінде келтіру жиі ксздеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйесіне әсер ету нысандары
мен әдістерінің кӛбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам ӛлтіру
мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам ӛлтіру сондай-ақ әрекетсіздік насанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен
мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді ӛмірден айыру мақсатымен ӛлімге
араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да
әрекетсіздік жолымен оған ӛлім қаупін туғызады және ӛлімге жол береді.
Кінәлінің ӛлімнің жолын кесу жӛніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан
туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары ӛздерінің жаңа туған нәрестелерін немесе жас
балаларды ӛлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың ӛмірін сақтап қалу
үшін ӛзге де шараларды қолданбайды). Ӛздігінен жүріп-тұра алмайтын және ӛздерінің
табиғи қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын
олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы
мүмкін[4].
84
Адам ӛлтірудің объективті жағынан екінші белгісі қалмыстың зардабы
жәбірленушінің ӛлімі болып табылды. Ӛмірден айрыуға тікелей қасақаналық болғанымен
қылмыстық зардаптың - ӛлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам
ӛлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам ӛлтіру кезінде, ӛлім әрекет
жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт ӛткенен кейін жүзеге асуы мүмкін.
Келтірген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған ӛлім мен субъектінің әрекеті немесе
әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен
зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана
жауапты болады. Ӛлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде ӛлтіру үшін оқталғандық
жасалған болып табылады, ал ӛлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам нақты
келтірген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін).
Адам ӛлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам ӛлтірудің субъективті жағы ҚК-тің 99-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен
жүзеге асырылды. Адам ӛлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама
болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі ӛзінің басқа адамның ӛміріне қол
сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде ӛлімге соқтыруы мүмкін екендігіне
немесе қалай да ӛлімге әкелетіндігін біледі және ӛлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды.
Жанама қасақаналықпен адам ӛлтіру кезінде кінәлі ӛзінің әрекеті арқылы адам ӛміріне
қатер тӛндендігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның ӛлуі мүмкін екендігін
біледі, ӛлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не ӛлімнің болу-
болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам
ӛлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бӛгде
адамдар да ӛледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам ӛлтіруде тікелей
ниетте, ал бӛгде адамдарды ӛмірінен айрыуға қатысты - жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс
жүзінде үлкен маңызы бар. Адам ӛлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол ӛлімнің
болатынын сезетін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша
ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей
қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық
барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қарауын, денеге
салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның ӛмірлік
маңызды органын жарақттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтау себебін, сондай-ақ
кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тіртібін), оның
жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |