ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы,1995.
2. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. 2014.
3. ҚР Неке және Отбасы туралы заңы, 2010.
4. ҚР Қылмыстық кодексі.
5. ҚР Бала құқықтары туралы Заңы, 2007.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
176
РЕЗЮМЕ
Кожабекова А.Д., к.и.н., доцент
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Сейполдаева С.Д., учительница
(г. Павлодар, №14 школа)
Установление опекунства и защиты несовершеннолетних детей
В статье рассматриваются права и обязанности органов опеки и попечительства по
отношению к детям-сиротам, детям-инвалидам и к родителям, лишенным родительских
прав в рамках Конституции РК, закона «О браке и семье», а также Декларации о защите
прав детей.
Ключевые слова: брак, бездействие, опекун, защита, алимент.
SUMMARY
A.D. Kozhabekova, Candidate of historical sciences, Associate Professor
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
S.D. Seipoldeva, teacher(city Pavlodar,№14 school)
Establishment of guardianship of minors and protection
In the article the right and duties organs of guardianship and patronage are examined in
relation to orphans, to invalids and to the parents, deprived paternal rights with in the
framework of Constitution of RK, law "On marriage and family", and also Declaration about
the protection of rights of children.
Keywords: marriage, omissions, guardian, protection, alimony.
ӘОЖ 343.212
М78
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ КӘСІПКЕРЛІККЕ
ТҮСІНІКТЕМЕ
Ж.Б. Мукалдиева, з. ғ. м., аға оқытушы,
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті )
Аңдатпа: Мақалада кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңсыз кәсіпкерлікті реттеу
туралы айтылады. Заңсыз кәсіпкерлік экономикаға тікелей әсер етеді.
Түйін сөздер: заң, кәсіпкер, лицензия, тәуекел, азамат, тауар, мүлік, меншік,
экономика, конституция, валюта, кодекс, кооперация.
Кәсіпкерлік бұл экономикалық және ұйымдастырудың жағдайлары мен жаңа
материалдың қызмет көрсету мақсатында, тапқан пайданың шығындарын қысқарту
бағытына арналған қызмет түрі болып табылады. Кәсіпкерлік ұғымын 1-ші рет ғылыми
айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680–1734). Ол кәсіпкерлікті ерекше
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
177
экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономисі Жан-Батисг Сейн
(1767–1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен тәуекелділік
үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен
тәжірбиесіне жүгінуі тиіс болды. Әйгілі ағылшын экономисі Адам Смиг (1723–1790)
кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жекеменшікке және оның қызметін кәсіпкерлердің
жеке қызығушылығымен байланыстырды. Бұның негізі кәсіпкер өзі жоспарлау, өндірісті
өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөлуі тиіс болды. Ал, ағылшын экономисі
Давид Ричардо (1772–1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.
Дегенмен де, кәсіпкерлік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңдарының
қалыптасуы XX ғасырдың 80 жылдарында «қайта құру» деп аталатын кезеңде басталған
болатын. Яғни, кеңес заманында, кооперациялық қозғалыстың және сыртқы
экономикалық қызметтің пайда болуына 1988 жылы желтоқсанның 2-дегі №1405-ші
«Мемлекеттік кооперациялық және басқадай қоғамдық кәсіпорындардың, бірлестіктер
мен ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін ары қарай дамыту туралы» Қаулысы
ең
маңызды
міндет
ретінде
кәсіпорындардың,
бірлестіктердің,
өндірістік
кооперативтердің және басқадай ұйымдардың валюталық өзін-өзі сақтау, социалистік
іскерлікті дамыту ұсыныстарында сыртқы экономикалық қызметтің әртүрлі
формаларында белсенді қатысуы үшін қажетті шаралар құру міндетін белгіледі. Кеңес
өкіметінің ыдырауы, халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық
қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз
мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды, халықтың
материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің
ішкі көзі болды.
Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың,
тарауларға (жұмысқа қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке
табыс табуға бағытталған, жекеменшікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды
шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет
деп айтатын болсақ, бұл кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы, мүлікті
пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу. Мұнда негізгі рөлді
атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауар өндіруші
арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар – ақша қатынасымен реттеледі.
Азаматтық құқықтың бір бөлігін көпшілік құқықтық әдісімен реттейді. Оған орай құнды
қағаздар эмиссиясын реттеу құқығы орын алады, тауарларды сатып алу, жұмыс, қызмет
көрсету, осының бәрі мемлекеттік келісімшарт арқылы жасалады.
Заңдарда нақтыланғандай, кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтіндей келісім
талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқықтары мен міндеттерінің
ауқымын белгілеуге құқылы. Оған қоса, кәсіпкердің бастамшылығы мен дербестігі оның
жекелей тәуекелінде және ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жоғары деп танылатын
(себебі, кәсіпкердің кінәсіне байланыссыз орын алады) жеке мүліктік жауапкершілігінде
көрініс табады. Кәсіпкердің қызметі заңмен, бірақ мемлекеттің дара құзырына
жатқызылған мәселелер конституциялық құрылыс негіздерін, басқа да адамдардың
адамгершілігін, денсаулығын, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, елдің
қорғанысын және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шектелуі мүмкін.
ҚР Азаматтық кодексінде айқын бекіткен, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе
тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады (33-баптың 1-
тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға,
тиісінше кәсіпкерлік субъектісі деп танылмауына себеп болады. Кәсіпкерлік қызметті іс
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
178
жүзінде асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Тәуекелділік
ұғымы болатын шығын түсінігіне байланысты, оның үстіне кәсіпкерлік қызметте мұндай
шығындардың туу табиғатының ешқандай маңызы жоқ, яғни бұл шығындар кездейсоқ,
абайсызда пайда болды ма, біреудің жауапсыздығынан немесе қасақана әрекетінен туды
ма, оның бәрі есепке алынбайды. Тек келтірілген шығындардың орнын белгіленген
тәртіппен толтыру мүмкіндігі тұрғысынан ғана бұл маңызды бола алады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында
қоғамға, азаматтарға аса зор материалдық нұқсан келтіретін экономикалық
қылмыстардың қауіптілігі ерекше. Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға заңсыз
кәсіпкерлікпен айналысу, жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату,
валюта операцияларының ережелерін бұзу, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді
ұрлау, парақорлық және сыбайластық т.б. толық жатқан заңсыз кәсіпкерлік қызмет
түрлерін атауға болады. Сондықтан да, заңсыз кәсіпкерліктің қоғамдағы қауіптілігі сол,
мемлекеттің экономикасына үлкен шығын әкелумен қатар, экономиканың дамуына зор
зиян тигізеді. Заңсыз кәсіпкерліктің қоғамдық қауіптілігі сондай, оны жасаудың
нәтижесінде мемлекеттің экономикасына елеулі залал келтірілуімен көрінеді. Бұл ҚР
ҚК-тiң 190 және 191-баптарында сомасы бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын
табыс iрi мөлшердегi табыс деп, ал сомасы екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын
табыс – аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан
кәсіпкер болып табылса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ,
кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған
жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып
жүзеге асыру. Сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану. Егер
осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе не ірі мөлшерде
табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және
өткізумен байланысты болса, іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп танылады.
Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін ҚР ҚК-нің 190-бабы
шын мәнінде кәсіпкерлік қызметтің заңсыз салаға, «көлеңкелі» экономикаға айналуының
алдын алады, тиісінше оның мемлекеттің бақылау саласынан тасада қалуы
кәсіпкерліктің мемлекет пен азаматтардың алдындағы заңды міндеттерін орындамауға
жетелейді. Алайда, кәсіпкерлік ҚР АК-нің 10-бабының 1-бөлігіне сәйкес, кәсіпкерлік
меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сұранымды
қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған. Жекеменшікке (жеке
кәсіпкерлікке) не мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық басқару құқығына
(мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет. Сондықтан да кәсіпкерлік қызмет
кәсіпкердің атынан тәуекелге баруымен және мүліктік жауапкершіліктерді мойнына
алумен жүзеге асырылады. Демек, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңсыз
кәсіпкерлікпен айналыспау үшін кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік
тіркеуден өту керектігі көрініп тұр. Яғни, азаматтар мен жеке кәсіпкерлер ретінде
мемлекеттен өткен сәттен бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы деген сөз.
Бұл заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығының негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу ҚР-ның 2006 жылғы 31
қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңның негізінде жүргізіледі. Заңсыз кәсіпкерлік
қылмыс құрамы жөнінен материалдық құрамға жатады. Осыған орай, қылмыс заңда
көрсетілген ірі зиян келтірумен немесе ірі мөлшердегі табыс табумен байланысты
аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің қасақаналық нысаны
арқылы жасалады. Кей жағдайларда қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
179
Қылмыстың істелуіне байланысты, қылмыстың субъектісі жалпы немесе арнаулы болуы
да мүмкін. Соңғы жылдарда осындай қылмыстардың – заңсыз кәсіпкерлік пен жалған
кәсіпкерліктің тұрақты өсуі байқалады. Мұндай жағдай көлеңкелі экономиканың өсуіне,
қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру үшін бір күндік фирмаларды
пайдаланушы ұйымдасқан қылмыстық топ құрумен, коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарын ұрлау, басқа да қауіпті қылмыстар жасаумен айналысуға байланысты
тереңдеп кеткен процестердің көрінуін туындатады. Осындай үрдістер кәсіпкерлердің
қол жеткізген нәтижесіне, олардың қаржы жүйесіне деген сенбеушілігін туғызуға және
шамадан тыс салықтық ауыртпалықтарды алып жүру ықыласына психологиялық әсер
етеді. Осыған байланысты экономиканы қылмыстық қол сұғушылықтан, криминалдық
элементтерден қорғау мемлекет пен қоғамның аса маңызды міндеттерінің бірі болып
табылады.
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей жүзеге асыруына анықтама беретін болсақ,
мынаны айтатын едім. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуден
өткендігі туралы куәландыратын құжаты жоқ жағдайда осы іспен айналысуға тыйым
салу болып танылады. Яғни, кәсіпкерлік қызметті арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз)
жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсатты алу міндетті болған жағдайда, мұндай қызметпен
айналысу үшін лицензия алмайынша лицензиялау туралы заңмен тыйым салынатындығы
орын алады. Заңсыз кәсіпкерлік қызмет саласында қылмыстылықтың болуы оның
қылмыс ұғымымен айқындалады. Бұл қылмыстың ұғымы болуы үшін заңсыз кәсіпкерлік
қызметпен айналысқан азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруіне, не
ірі мөлшерде одан табыс табумен ұштасуға тиіс. Заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыру
кезінде табыс табу үшін тікелей қолданылған заттай дәлелдемелер болып танылған мүлік
пен заттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 212-бабы үшінші
бөлігінің 4-тармағына сәйкес мемлекет кірісіне алынуға жатады, ал олар табылмаған
жағдайларда олардың құны мемлекет кірісіне кінәлі адамның өзінен өндіріліп алынады.
Заттай дәлелдемелер болып танылған ақша мен өзге де құндылықтар, олардың иесі осы
ақшалар мен құндылықтар белгіленгенге дейін одан заңсыз сыйақы алу үшін бопсалау
әрекетінің жасалғаны туралы тиісті органдарға хабарлаған жағдайларда иелеріне
қайтарылады. Соңғы кезде республикамыздағы қылмыстық жағдай ұйымдасқан
қылмыстың өсуімен күрделене түсуде. Бұндай әрекеттердің етек алу, әсіресе, экономика
саласында өзінің неғұрлым қауіпті жолында есірткі бизнесі, қорытып алушылық,
астыртын қару сатумен, сыбайластық, жемқорлық, парақорлық және басқадай
жолдармен жасалуда. Осының негізінде қылмыскерлер бизнестен қыруар ақша ала
отырып, қылмыстары әшкереленіп қалмауға тырысып, әрекеттерін заңдастыруға, яғни
тапқан ақшаларын жуып-шаюға тырысады. Мұндай мәселе жер шарының қайсы
аймағында болмасын орын алып келеді. Осы орайда бұл салада халықаралық
ынтымақтастық және заңнамаларды үйлестірусіз нәтижеге жету мүмкін емес. 1990
жылдың 8 қарашасында Еуропалық кеңеске мүше мемлекеттермен қылмыстық
қызметпен түскен табысты жуып-шаю, әшкерелеу, алу және тәркілеу туралы Еуропалық
Конвенция қабылданған болатын. Осы Конвенцияға сәйкес, мүше мемлекеттер ақшаны
жуып-шаюға қарсы бағытталған тиісті әрекеттерді қылмыс ретінде саралау үшін заң
жүзіндегі шаралар қабылдауға міндетті шешім шығарылып, «мүлік», «табыс»
терминдерін қолдану қарастырылғанды. Жоғарыда аталған Конвенцияға сәйкес, «табыс»
термині қылмыс жасау нәтижесінде алынған кез келген материалдық пайданы білдіреді.
«Мүлік» термині заттық немесе заттық емес, қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүлікті,
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
180
сондай-ақ осындай мүліктерге немесе соған байланысты үлес құқығы куәландыратын
құжаттарды немесе қағаздарды қамтиды.
Қорытындылай келе, мынаны атап өтуге тура келеді, салық төлеушінің жалған
кәсіпорындармен өзара есеп айырысу бойынша заңбұзушылықтарды жоймау фактілері
анықталған жағдайда, сондай-ақ басқа жеткізушіден шот-фактураны ауыстырса, салық
органының тақырыптық тексеру жүргізуге, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі Салық
комитетінің бұйрығы негізінде тексеру мерзіміне кезектен тыс тексеру жүргізуіне,
сондай-ақ материалды басшының қол қойған және мөр басқан уақытын (күнін) анықтау
мақсатында қолтаңбасын тағайындап, техникалық сараптамадан өткізу үшін экономика-
лық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке
жолдауға толық құқы бар. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың жалған екендігі расталса,
онда қылмыстық іс қозғалады, салық органдары осындай заңсыз кәсіпкерлік және
жалған кәсіпкерлік сияқты әлеуметтік-экономикалық қиянат жасаушылармен күресті
одан әрі жалғастырып, күшейте беруі керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Мартьемянов. В.С. Хозяйственное право: общее положение: лек.
курсы. – М.,1994. – 320 с.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы, 2000. – 520 б.
3. Предпринимательское право России: учебник / Под.ред.:
В. Белых С., Берсункаев Г.Э., Вининченко С.И. – М: Проспект, 2002. – С.55.
4. ҚР-ның қылмыстық құқығы:Оқулық ерекше бөлім. 1 том. / Жауап ред.
Рахметов С.М., Алауханов Е.О., Бапанов Т.Ә. Екі томды. – Алматы: Дәнекер, 2000.
– 412 б.
5. Морозов С.П. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық. – Алматы, 2009. – 289,
6. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы, сәуір, 1995.
7. Белых В.С. Правовое регулирование предпринимательской
деятелности в Рооссии. – М., 2005.
8. ҚР-ның Қылмыстық кодексі. Ерекше бөлім. – Алматы, 2010. – 326 б.
РЕЗЮМЕ
Мукалдиева Ж.Б., старший преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Комментарий незаконному предпринимательству в рамках
предпринимательской деятельности
В данной статье расскрывается сущность незаконного предпринимательства в
предпринимательской отрасли и влияние угроз и вреда на экономику. Определение
путей запрета незаконного предпринимательства. Рассмотрение со стороны государства
о неэффективности незаконного предпринимательства.
Ключевые слова: закон, предприниматель, лицензия, гражданин, товар, имущество,
собственность, экономика, конституция, валюта, кодекс, кооперация.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
181
SUMMARY
ZH.B. Mukaldieva,
Master of Laws,
Senior teacher
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Comment illegal business within business
The aim of this article is to show the meaning of the illegalentrepreneurship in the sphere
of entrepreneurship factitive and hazards to the economy. Identification of ways to ban illegal
entrepreneurship. Consideration by state of the ineffectiveness of illegal entrepreneurship.
Keywords: law, entrepreneur, License, citizen, goods, property, ownership, economy,
constitution, currency code, cooperation.
ӘОЖ 371.63.1
М15
НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
М.А.Максутова, магистр,оқытушы,
А.С. Касенова, магистр, аға оқытушы,
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Бұл мақалада мемлекетіміздің аграрлық саласында нарық қатынастарын
дамытудың қазіргі жағдайындағы экономикалық және құқықтық аспектілеріне талдау
жасап, оларды одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау жайында талқыланған.
Түйін сөздер: нарықтық экономика, аграрлық сала, мемлекеттік реттеу, құқықтық
база, өндіріс тиімділігі, өнімдерге бәсекелестік.
Дүниежүзілік экономиканы жаһандандыру жағдайындағы агроөнеркәсіптік
бағдарлама елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, оны қауіпсіздендіруге бағытталған.
Елімізде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігі болу үшін
аграрлық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету кажет. Аграрлық реформаның
алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығындағы қосымша өнімнің біршама бөлігі дұрыс
ойластырылмаған баға, салық және несиелер жүйесі арқылы экономиканың басқа
салаларына қайта бөлініп кеткені белгілі (негізінен банк пен коммерциялық капитал
салаларына). Сондықтан да ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Әрине,
дағдарыстың басқа да себептері болды. Мысалы, ауыл шаруашылығына мемлекеттік
демеу каржыларының қысқаруы, басқа салалар өнімдері мен ауыл шаруашылығы
өнімдері арасындағы баға теңсіздігі, шаруашылықтар ұйымдастыру нысандарын
анықтаудағы кемшіліктер т.б. айтуға болады.
Ауыл шаруашылығы саласы елімізді сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз
етуге және ел экономикасының қуаттылығын арттыруға айрықша маңызды. Осы
тұрғыдан алғанда бәсекелестік қабілетін арттырудың бірден-бір жолы ретінде ауыл
шаруашылығы өндірісін дамыту қажет. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымен заман
талабына сай ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру нарықтық
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
182
экономика мен әлеуметтік саладағы және саяси өмірдегі жаңару тәсілдерін жеделдету –
азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жер
қатынастарын одан әрі дамыту, жер заңнамаларын нарықты экономика талаптарына
сәйкес жетілдіру аса маңызды экономикалық шаралар болып табылады. Өндірістің
жалпылама құлдырауын тоқтату, болашақта әрбір шаруашылықта өнімнің бірнеше түрін
өндіруді қолға алуы тиіс. Бұл ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бәсекелестік
қабілетін арттырудағы негізгі бағытты ғылыми тұрғыда жүргізудің ұйымдық,
агротехникалық басты талабы болып саналатыны баршаға мәлім.
Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту экономиканың басқа салаларына
қарағанда өте күрделі және сан қырлы болып табылады. Ол төмендегідей объективті
жағдайларға байланысты:
-ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерінің негізгі көзі, сондықтан бұл саладағы
келеңсіз жағдайлар халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етеді. Сонымен бірге
ауыл шаруашылық өнімдері ұзақ сақтауға келмейді;
-ауыл шаруашылық өндірісі толығымен адамға тәуелсіз табиғи жағдайларда
жүргізіледі, сондықтан ол тұрақсыздыққа бейім болады;
-материалдық өндіріс саласы ретіндегі ауыл шаруашылығының ерекшелігі, онда
ұдайы өндірістің экономикалық үрдісі биологиялық және тірі организмдермен тығыз
байланыста болады.
Ауыл шаруашылығын және жалпы агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту
проблемалары теория жүзінде толық зерттелмеген. Алайда, баспасөз беттерінде
жарияланған ғылыми еңбектерге сүйене отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты
дамыту ұғымына келесідей анықтама беруге болады: ол сыртқы табиғи және оларға
тәуелді ішкі факторлар әсерлерімен байланысты түрлі жағдайларда, қол жеткен егіншілік
деңгейінде және сұранысқа сәйкес келетін, ауа райының қалыпты жағдайында (орташа
көпжылдық) өндірілген өнім деңгейінен минималды ауытқитын, сапалы және
шығындары төмен өнім өндіруге мүмкіндік беретін экономикалық жүйені сипаттайды.
Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамытудың факторлар жүйесінің негізін ең
алдымен жер ресурстары құрайды. Қазақстан Республикасының байтақ жерінде әр аймақ
өз
жер
ресурстарының
ерекшелігімен
сипатталады.
Осыған
байланысты
ауылшаруашылық дақылдарын аудандастыруға негізделген егіншілік жүйесін енгізіп
қана қоймай, сондай-ақ әр өсімдіктің өзіндік биоклиматтық ерекшелігін ескеріп,
экономикалық микроаймаққа бейімделе алатын түрлерін дамыту қажет. Жер
ресурстарын тиімді пайдалану қалыптасқан жер қатынастарына байланысты. Жер
қатынастары – жерді иемдену, пайдалану және билік ету жағдайында жер құқығы
субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы. Ол көптеген мәселелерді қамтиды:
меншік және шаруашылық нысандары, жер рыногы, жер бағасы, жер ресурстарын
басқару т.б.
Рынокқа өту кезеңінде жерге жекеменшік енгізу мәселесі туындаған болатын. Бір
ғалымдар жерде шаруашылық жүргізудің кепілдігі және ауыл шаруашылық тауар
өндірушілердің экономикалық тұрақтылығы ретінде жерге жекеменшікті енгізуді
ұсынса, басқалалары жерді алыпсатарлық объектісіне айналу қаупінен сақтануға
шақырды. Жерге жекеменшік енгізуді жақтаушылар ауыл шаруашылығы өндірісінің
тиімсіз жүргізілуінің себебі ауыл шаруашылық жерлерінің рыноктық айналымға енбеуі
деп есептейді. Қазақстан Республикасының қазіргі жер заңнамасында жерге меншік
құқығы мен мемлекеттік емес тұлғалардың жер пайдалану құқығы бірдей: субъектінің
оны сыйға беруге, мұраға қалдыруға, сатуға және сатып алуға, айырбастауға, жалға
беруге толықтай құқы бар. Бұл заңнаманың 8, 47, 48, 59-баптарында қаралған [5].
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
183
Әлемдік тәжірибе жерге абсолюттік меншіктің болмайтындығын дәлелдеді.
Құқықтық негіз белгілі деңгейде жер қатынастарының әртүрлі субъектілерінің арасында
әрекет етеді. Ондағы негізгі мақсат меншік түрін өзгерту мен жерді бөліп беру емес,
жерді тиімді пайдалануға кешенді жағдайлар жасау. Оған мысал ретінде, жерге
мемлекеттік меншік негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізіп отырған
Израиль, Австрия, Голландияны алуға болады. Бұл елдерде жерді пайдалану құқығын
сату-сатып алу жүзеге асырылған. Жер рыноктық механизмге жалға беру мен алу
негізінде енгізілген. Жалға алу негізіндегі жерді пайдалану құқығы жерде өздігінен еркін
шаруашылық жүргізуді қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту факторларының бірі – саланы
техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Жаңа аграрлық қатынастардың дамуы оған сай келетін материалдық-техникалық
негізді кажет етеді. Оны қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығына шетелдік
инвестицияны тарту мен «ноу-хау» негізінде прогрессивті технологияны енгізу арқылы
құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру керек. Егер қазіргі кезде ауыл шаруашылық
машиналарының 80%-ы тозу мерзімін өтеді деп есептесек, онда ауыл шаруашылығын
қайта қаруландырудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады. Сондықтан
Республикамыздағы ауыл шаруашылық саласын дамытудың кең мүмкіндігін ескере
отырып ауыл шарушылығын қаруландырудың арнайы бағдарламасын қабылдау қажет.
Аграрлық өндірісті тұрақты дамыту ең алдымен бәсекелесті ортаны
қалыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін әртүрлі аспекте
алып қарау керек. Экономикалық тұрғыдан алсақ, өздері өндірген өнімді өздері қайта
өңдеуден өткізіп, әрі қарай тұтынушыларға жеткенше өздері қадағалаған
шаруашылықтар өз еңбектерінің нәтижесін көріп жатыр десек, артық емес. Ауыл
шаруашылығындағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыруда ауыл
шаруашылығы өнімдерінің сапасы шешуші рөл атқарады. Олардың жоғары
технологиялық және ғылыми сыйымдылық орнығуын (позицияларын) нығайту,
экспортқа бағдарлануын арттыру, АӨК-де азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б.
бәрі өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар болып
табылады. Ол мынандай іс-қимылдардың кажеттілігінен туындайды:
кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
нарықтағы АӨК ішіндегі салаларды басымдық бағыттар негізінде мемлекеттік
реттеу тетіктерінің маңызы мен жауапкершілік атқарымдарын күшейту;
еліміздің дамуына әлем деңгейіндегі халықаралық стандартқа тең келу.
Еліміздегі өндіріліп жатқан өнімдердің бәсекеге қабілеттігін арттыру көп жағдайда
сапа параметрлерін жоғарылатуға алғышарттар қалыптастырумен байланысты жүреді.
Бәсекелестік деңгейін анықтауда бағалық және бағалық емес факторлар анықталды.
Бағалық емес факторлар: өнім сапасы (тауар сапасы), жаңалығы, ғылым және
интеллектік сыйымдылығы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттігінің бағалық көрсеткіші, яғни шеттен әкелу бағасының
(баж салығын қоса) ішкі бағасына қатынасы арқылы анықталады. Мұнда отандық
өнімнің бәсекеге қабілеттік индексіне белгілі бір аймақта (зона) мамандандырылған
өндірістің орналасуы және оның шоғырлануы тікелей әсер ететінін есте сақтау керек.
Мұнда ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндіруде, сатуда және қайта өңдеуде қаражат
үнемдейді. Осы қажеттілікті оңтайлы үйлестіру белгілі бір дәрежеде ауыл шаруашылығы
өнімдерінің жекеленген түрлерінің ұлттық нарықта бәсекелестік қабілеттігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |