Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
149 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1.  Назарбаев  Н.А.  «Стратегия  становления и развития Казахстана  как  суверенного 
государства». – Алматы, 1992. 
2. Назарбаев Н.А. «Послание Президента РК Назарбаева Н.А. народу Казахстана за 
2002–2014 годы». – Астана. 
3.Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному 
развитию Республики Казахстан на 2010–2014 г. Указ Президента Республики Казахстан 
от 19 марта 2010 года № 958. 
4.  Есполов Т.И., Керимова  У.К.,  Нигай  Б.Н. Экономика и  менеджмент  в  аграрном 
секторе Республики Казахстан. – Алматы, 2007. 
5.  Мадиев  Г.Р.,  Керимова  У.К.,  Нигай  Б.Н.  и  др.  Рекомендации  по  стратегии 
диверсификации 
сельскохозяйственного 
производства 
в 
целях 
устойчивого 
продовольственного обеспечения населения Республики Казахстан. – Алматы, 2007.  
6.  Заманбеков  Ш.З.  Современное  состояние  технических  средств  в  АПК 
Республики  Казахстан  в  условиях  рыночного  хозяйства.  Проблемы  формирования 
рыночных отношений в Республике Казахстан. Сб. научн. Трудов / Под общ. ред. д.э.н., 
проф. Сапарбаева А.Д. – Алматы: Фараб, 2000. – С.169-172. 
7.  Заманбеков  Ш.З.  Оптимизация  структуры  АПК  РК.  Актуальные  направления 
развития экономики Республики Казахстан. Сб. научн. трудов. – Алматы: АЭУ, 2001. 
8. Сабденова  Ж.О.  Формирование и развитие малого предпринимательства в  АПК 
РК. – Алматы, 2002. 
9.  Тынысбеков  Р.И.  Проблемы  эффективного  развития  агропромышленного 
производства Казахстана. – Алматы, 2010. 
10. Сайт газеты «Капитал», 28.11.2007. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Заманбеков Ш.З., э. ғ. к., доцент, 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) 
Нигай Б.Н., э. ғ .к., доцент, 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) 
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік комплексін модернизациялау 
мен индустриалды-инновациялық дамытудың мәселелері 
Ғылыми  мақалада  Қазақстан  Республикасының  агроөнеркәсіптік  кешенінің  өзекті 
мәселесі  ретінде  индустриалды-инновациялық  дамуы  мен  жаңғыруы  қарастырылады. 
2016–2019  жылдары  агроөнеркәсіптік  кешеннің  индустриалды-инновациялық  бағытпен 
дамуына  толық  көшіру  туралы  ұсыныс  берілген.  ХХI  ғасырдағы  Қазақстанның  басты 
индустриалды-инновациялық  және  әлеуметтік  жаңғыртуы  ретінде  шағын  және  орта 
бизнестің дамуына көңіл бөлінген. 
Түйін сөздер: индустриалды-инновациялық дамыту, әлеуметтік модернизациялау, 
ғылымға  бағытталған  экономика,  урбанизация,  өндіріс,  өндіріс  пен  өнімнің  бәсекеге 
қабілеттілігі, орта және ұсақ бизнесті мамандандыру және диверсификациялау, АӨК.  
 
 
 
 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
150 
SUMMARY 
 
Sh.Z. Zamanbekov, candidate of economic sciences, associate professor 
(Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
B.N. Nigai, 
 candidate of economic sciences, associate professor  
(Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
Problems of industrial innovation development and modernization of agriculture of 
Kazakhstan 
 Actual  problems  of  industrial  and  innovative  development  and  modernization  of  agro-
industrial  complex  (agrarian  and  industrial  complex)  of  the  Republic  of  Kazakhstan  are 
considered  in  the  scientific  article.  Development  of  infrastructure  of  agrarian  and  industrial 
complex by ensuring its transfer to industrial and innovative rails for 2016-2019. Problems of 
developing  small  and  medlle-sized  business,  as  main  instrument  of  industrial-innovative  and 
social modernization of Kazakhstan in XXI century. 
Keywords:  industrial-innovative  development,  social  modernization,  knowledge-based 
economy, urbanization, manufacturing, production and product competitiveness, specialization 
and diversification of SME, agriculture. 
 
 
 
ӘОЖ 7896.50 
 
ҚАЗАҚСТАНДА СПЕЛЕОТУРИЗМНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
А.Қ. Зиявдинова, аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті ) 
М.С. Баймурзаева, оқытушы  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Туризм  –  мемлекеттің  жарнамасы.  Сол  себепті  туризм  саласын 
дамытуды  қолға  ала  отырып,  Қазақстанда  белсенді  туризм  түрлерін  дамытудың 
мүмкіндігі зор. Спелеотуризм – мүмкіндігі мол туризм түрі.  
Түйін сөздер: Спелео, мамонт үңгірі, әктас, гипс, доломит. 
Туризмнің  белсенді  бағыты  туристерді  көп  қызықтырады.  Туризмнің  ерекше  бір 
түрі ол – спелеотуризм немесе қазақша айтқанда – үңгір туризмі. 
Үңгір  —  жерасты  суларының  әрекеті  нәтижесінде  утас,  доломит,  тас  тұзы,  гипс 
сияқты  тез  еритін  шөгінді  жыныстардың  тараған  ауданында  пайда  болатын  көлемі 
әртүрлі  жерасты  қуыстары:  гипспен,  әсіресе,  тас  тұздары  кездесетін  жерлерде  пайда 
болған үңгірлер көбінесе кішкене болып келеді де, мәңгілік сақталып тұрмайды, себебі 
төбесі әлсіз болып құлап қалады.  
Спелеотуризм  –  үңгірлерде,  әртүрлі  жер  бедерінің  күрделі  лабиринттер 
жағдайында  өтетін,  үңгірлердегі  төменгі  температура  мен  жоғары  салыстырмалы 
ылғалдылық  жағдайындағы  табиғи  жорықтың  болуымен  сипатталатын  жұмыстарды 
ұйымдастыру.  Өз  бойында  тау  және  су  туризмі  техникасы  элементтері  мен  құрал-
жабдықтарын біріктіреді [1]. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
151 
 
Ең ірі үңгірлер утастар мен доломиттер тараған жерлерде пайда болады. Олардың 
қатарына, мысалы, АҚШ-тың Кентукки штатындағы жер жүзіндегі ең ірі Мамонт үңгірі 
жатады; ол бірнеше сталактитті залдар мен коридорлардан тұрады. Оның жалпы жүруге 
болатын  бөлігінің  ұзындығы  200  км-ге  жетеді.  Үңгірлердің  дамуы  өсу  және  толу 
кезеңіне  бөлінеді.  Өсу  кезеңінде  ол  пайда  болған  жыныстардың  еру  процесі  ұлғайып, 
үңгірдің  көлемі  үлкейеді,  ал  толу  кезеңінде  үңгір  төбесіндегі  жыныстың  еруі  мен 
тамшылауы нәтижесінде сталактиттер мен сталагмиттер қарама-қарсы өсіп, түйіседі де, 
үңгір  іші  бағаналармен  толып  бітеліп  қалады.  Бұл  жағдай  көбінесе  утасты  үңгірлерде 
кездеседі.  Кейбірінде  қыстыгүні  қырау  мен  мұздақ  пайда  болады.  Ондай  мұзды  үңгір 
Қырым мен Оралда кездеседі. Олардың ішіндегі көптеген ірілі-ұсақты тарамдары да бар. 
Мысалы,  Оралдағы  Сальва  өзені  жағасындағы  Күңгір  қаласынан  5  км  қашықтықтағы 
Күңгір  үңгірі.  Қазіргі  уақытта  үңгірлерді  зерттеу  ісімен  спелеология  ғылымы 
айналысады. 
Үңгір  –  тау  жыныстары  қабаттарындағы  әртүрлі  пішінді  қуыстар.  Олар  көбінесе 
әктас, гипс, доломитте пайда болып, жер бетімен кіретін тесіктер арқылы байланысады. 
Үңгірде жерасты және атмосфера суы әкелген әкті туф немесе басқа материал түзіледі, 
қуыстар  әдетте  жартылай  немесе  толық  суға  толады.  Көп  таралғаны  және  өлшемдері 
бойынша  ең  үлкендері  –  карстық  Үңгірлер.  Көптеген  үңгірлер  әдетте  алма-кезек 
орналасқан тар және кең бөлмелерден тұрады. Жарылымдар бойында түзілген  үңгірлер 
иір пішінді келеді. Табиғатта үңгірлердің ашық (екі жағы да ашық, кесіп өтуге болады) 
және тұйық (қап сияқты бір жағы ғана ашық) түрлері кездеседі. Қалыптасу сатысындағы 
үңгір  қабырғалары  ашық  болса,  ал  қалыптасуы  аяқталғандарда  әртүрлі  сауыстар 
(сталактит,  сталагмит,  сталагнат  т.б.)  түзіліп,  қуыстарды  толтыра  береді.  Үңгірлердің 
өлшемдері  әртүрлі.  Мәселен,  Солтүстік  Америкадағы  Мамонт  үңгірі  жалпы  ұзындығы 
300 км-ге жуық тарамдалған күрделі дәліздер торабынан тұрады. Ірі үңгірлер Қара теңіз 
жағалауында, Орал тауларында кең таралған. 
Спелеотуризм  өзге  мемлекеттерде  дамығанымен,  бірақ  Қазақстанда  кенже  дамып 
келе  жатқан  туризм  саласы.  Мысалы,  «Қызықты  мың  үңгірлі»  атанған  Израильді 
спелеотуризмнің  дамыған  ортасы  деп  айтуымызға  болады.  Қазақстанда  спелеотуризм 
ресурстары, яғни үңгірлер саны көп болғанымен, дамыған спелеотуризм ошақтарын табу 
қиын. Дегенмен де, бұл саланың дамуының экономикалық маңыздылығы зор болар еді. 
Бұл  сала  зерттелмеген  үңгірлерді  ашуға,  дамытуға  және  де  жаңа  жұмыс  орындарын 
ашуға мүмкіндік береді 
Қазығұрт тауының географиялық орналасу орны, климаты, туристік ресурстардың 
көптігімен  ерекшеленеді.  Соның  бірі,  спелеотуризмнің  негізі  –  Үңгір  әулие  немесе 
Қазығұрт  үңгірлері.  Қазығұрт  тауының  Алмалық  деп  аталатын  солтүстік  шығыс 
өркешінде Үңгір әулиесі бар. Бұл киелі үңгір бөлме-бөлме болып кете береді. Оның ақыр 
соңы кәрі Сайраммен жалғасатын жерасты жолымен ұласады. Мұндағы үңгірлердің саны 
да, құпиясы да, тарихы да көп. Сонымен қатар, бұл үңгірлер жайлы «Тіршілік бастауы –
Қазығұрт»,  «Наурыз –Қазығұрттан басталады»,  «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол 
әулие болмаса неге қалған» деген  аңыз-әңгіме, шежірелер бар. Және де Қазығұрт тауы 
маңынан  Динозавр  сүйегінің  табылуы  да  туристерді  қызықтыруы  мүмкін.  Сондай-ақ, 
Қазығұрт киелі үңгірлердің көптігімен қатар, түрлі емдік қасиетімен де белгілі. «Айдаһар 
ұясы» аталатын үңгірге кіруге көп адамдардың жүрегі дауаламайтын көрінеді. Ал мұнда 
кірген  адам  түрлі  ауруларынан,  айталық,  қан  қысымы,  буын  ауруларынан  айығатын 
көрінеді. Дүниежүзіндегі ең танымал Флинт-Мамонтова (Аппалачи тауы, АҚШ, 563 км); 
Оптимистикалық  (Подольская  возвышенность,  Украина,  207  км)  және  Еуропадағы  ең 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
152 
үлкен  «Красная  пещера»  (17  км)  сияқты  үңгірлер  өзінің  әдемілігімен,  тұздылығымен, 
мәрмәрлығымен  ерекшеленсе,  Қазығұрт  тауы  үңгірлері  шипалы  суымен  ерекшеленеді. 
Үңгір  ішіндегі  «Тамшы  су»  соған  куә  бола  алады.  Сонымен  қатар,  Қазығұрт  тауының 
«Ұлы Жібек жолы» бойында орналасуы туризмнің дамуына негіз бола алады.  
Қазақстанда  140-тан  астам  үңгір  бар.  Қаратау  жоталарының  карбонат  қат-
қабаттарында  80-нен  астам  үңгір  кездеседі.  Олардан  басқа  Талас  Алатауы,  Өгем 
жоталарында – 20, Үстірт пен Маңғыстауда – 11, Каспий ойпаты, Солтүстік Аралда – 4, 
Сарыарқада  –  12,  Алтай,  Қалба,  Тарбағатайда  –  5,  Жетісу  Алатауында  –  2,  Іле 
Алатауында – 6 үңгір есепке алынған. Үңгірлер алғашқы адамдардың тұруына қолайлы 
баспана  болған.  Мұндай  Үңгірде  алғашқы  адамдардың  мәдени  ескерткіштері  (әртүрлі 
қарулар  мен  еңбек  құралдары,  тұрмыс  заттары,  қабырғадағы  суреттер  мен  бейнелер) 
және  жануарлардың  қаңқа  сүйектері  кездеседі.  Көптеген  үңгірлер  туризм  нысаны. 
Үңгірді зерттейтін ғылым саласы үңгіртану (спелеология) деп аталады.  
Спелеотуризмді  дамыту  арқылы  табиғи  объектілерімізді  (үңгірлерімізді)  зерттеп, 
ондағы  ландшафты  қорғауға  мүмкіндік  аламыз.  Сондай-ақ,  Қазығұрт  туралы  жоғарғы 
тиімділікті  жарнама  жасап,  географиялық  карталар,  жақсы  орындардың  фотосуреттері, 
аңыз-әңгіме,  шежіреге  байланысты  видеофильмдер  түсіру,  буклеттер  мен  брошюралар 
жасап,  шоулар  ұйымдастырып,  Қазығұрттағы  спелеотуризмді  дамытуға  және 
бәсекелестіктің  күшеюіне  мүмкіндік  аламыз.  Сонымен  қатар,  көшпелілер  дәуірі, 
мәдениеті  қайта  жаңғырып,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпымыз  сабақтасып  жатса,  шетел 
туристерінің қызығушылығын арттырары сөзсіз [4]. 
Шетел  зерттеушілерінің  айтуынша,  спелеотуризм  адамдарды  сабырлылық, 
тәубешілік,  сергектік  қасиеттеріне  баулитын  көрінеді.  Сонымен  қатар,  спорттық 
туризмнің  бір  саласы  болып  табылатын  спелеотуризм  экстрималды  жаны  қалайтын 
жастардың  сұранысын  арттырары  сөзсіз  еді.  Соңғы  уақытта  спелеотуризм  спортшылар 
және туристер арасында танымал туризм түрі болып табылады. 
Қазақстан  ерекше  табиғи  мүмкіндіктер  мен  мәдени-тарихи  нысандар  мұрасына 
иелік етеді. Қазақстанның 14 облысының әрқайсысы қонақтарды көрікті көріністерімен, 
халқымыздың  бай  мәдениетінен  хабардар  ететін  ежелгі  ескерткіштерімен  таңғалдыра 
алады.  Туристер  700-ден  астам  бағыт-бағдарды  таңдай  алады.  Қазақстанның  солтүстік, 
оңтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтары туризмнің қолданыста бар – танымдық, 
ойын-сауықтық,  этникалық,  экологиялық,  сауықтыру,  балалар,  спорттық,  аңшылық, 
атты, шым-шытырық оқиғалы, тағы басқа да түрлерін ұсынуға мүмкіндігі зор. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – СПБ.: «Герда», 2000. – 192 с. 
2. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. /Пер. с англ. – 
М.: Аспект Пресс, 1995. – 360 с. 
3. Вуколов В.Н. Халықаралық туризмнің тарихы және теориясы. – Астана, 2005. 
4. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – 
Алматы, 2000. – 336 с. 
 
РЕЗЮМЕ 
Зиявдинова А.Қ., ст. преподаватель, 
Баймурзаева М.С., преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Возможности спелеотуризма В Казахстане 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
153 
 
В  данной  статье  рассматривается  возможности  развития  спелеотуризма  в 
Казахстане. 
Ключевые слова: Спелео, пещера мамонт, известняк, гипс, доломит. 
 
SUMMARY 
A.K. Ziyavdinova, M.S. Baymurzaeva, senior teachers 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University

 
SPELEO TOURISM OPPORTUNITIES IN KAZAKHSTAN 
This article examines the possibilities of development in Kazakhstan speleo tourism. 
Keywords: speleo, mammoth cave, limestone, gipseous, dolomite. 
 
 
 
ӘОЖ371.044.4 
К92 
 
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
М.О. Қойшыбаева, аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Бүгінгі  күн  талабына  сай  жоғары  оқу  орындарында  нақты,  терең  білім 
беруде жаңа модульдік технологиямен оқыту мәселелері қарастырылған.  
Түйін  сөздер:  модуль,  білім,  ғылым,  стандарт,  модульдік  технология,  кредиттік, 
бағалау, бағдарлама, сұхбаттасу, диалог, кеңес беру, тест, бақылау, ынталандыру. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  оқыту  формасын,  әдістерін, 
технологияларын  таңдауда  көпнұсқалық  қағида  атап  көрсетілген.  Бұл  білім  беру 
мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті 
кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің 
ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды 
қолданысқа алуы. 
Білім алу — адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін 
қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі 
байқалады.  Қабілет,  бір  жағынан,  адамның  білім,  дағды,  іскерлікті  қалыптастырудағы 
саналы  әрекетінің  нәтижесі  болса,  екінші  жағынан,  адамның  табиғи-генетикалық 
ерекшелігімен  тікелей  байланысты.  Осыған  орай,  қазіргі  білім  беру  парадигмасында 
білім  алушыға  тұлғалық-әрекеттік  тұрғыдан  қарауға  үлкен  мән  беріп  отыр.  Өйткені, 
әрекет дегеніміз – саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы 
білім  беруші  мен  білім  алушының  бірлескен  іс-әрекеті  болып  табылады.  Осыған  орай 
оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру. 
Білім  мен  ғылымды  сөз  етер  болсақ,  халықаралық  стандарттарға  сәйкестендіру 
үшін оның құқықтық негізін жетілдіру маңызды іс болып табылады. Осыған байланысты 
мемлекет  білім  беру  кредиттеріне,  білім  беру  ұйымдарын  жан  басына  шаққанда 
қаржыландыруға,  сонымен  бірге  білім  беру  саласында  мемлекеттік-жекеменшік 
серіктестікті дамытуға кепіл болу міндеттерін өз жауапкершілігіне алып отыр.  

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
154 
Еліміздің 2011–2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының маңызды 
бөлігі – білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы. Бағдарлама 
бүкіл  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  жаңа  мазмұндық  және  сапалы  деңгейге 
шығуының нақты тетігі болып табылады.  
Министрлік  кредиттік  оқыту  технологиясын  ары  қарай  дамытуға  бағытталған 
саясатын  дұрыс  жүргізіп  келеді.  Кредиттік  оқыту  технологиясы  оқыту  үрдісінде 
кредиттерді жинақтау мен трансферттеуде еуропалық жүйені пайдалануды, ECTS үлгісі 
бойынша  кредиттерді  қайта  есептеудің  қазақстандық  моделі  шеңберінде  академиялық 
ұтқырлықты  ұйымдастыруды,  Қазақстандағы  кредиттік  технологияны  бағалау  шкаласы 
мен  ECTS  және  білім  беру  бағдарламаларын  сәйкестендіруді,  білім  беру 
бағдарламаларын модульдік құрастыруды көздейді.  
Жаңа  білім  беру  технологиясын,  сондай-ақ  педагогтың  мәртебесі  мен  оның 
шеберлігін  арттырмай  оқыту  сапасына  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Мұғалімдер  үшін  тек 
ҰБТ-ның  көрсеткіші  емес,  оқуға  ынтасы  бар  оқушы,  білімге  деген  құштарлығы  және 
оқытудың  нәтижесі  маңызды.  Осылайша  жаңа  стандарттар  педагог  пен  оқушының 
рөліне, тұтас білім беру мақсатына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жаңа 
стандарттар  бойынша  оқытушы  өзін-өзі  жетілдіруге  мол  мүмкіндік  алады.  Сонымен 
қатар  студенттердің  өз  бетімен  жұмыс  жасау  үрдісін  тиімді  ұйымдастыру  арқылы 
олардың білім сапасын арттырады.  
Білім  және  ғылым  министрі  А.Сәрінжіпов  білім  беру  жүйесінің  баршаға  ашық 
екендігін  көрсете  отырып,  БАҚ  беттерінде  халыққа  білім  мен  ғылымдағы  жаңа 
бағыттарын көрсетіп, Елбасының алға қойған мақсатын айқын түсіндіруде. 
Бүгінгі  таңда  отандық  білім  берудің  ұлттық  моделін  құруға  байланысты  қыруар 
шаруалар  атқарылу  үстінде.  Ал  бұл  мәселе  төңірегінде  іргелі  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының жүргізіліп жатқанына оншақты жыл болып қалды. Бүгінде осыған орай 
республикамызда заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қайтадан құрылды.  
Қазіргі  уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл 
сынның  процесс  білім  парадигмасының  өзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім  берудегі  ескі 
мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А. Каменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі объект-
субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі 
ретінде,  өзін-өзі  өзектілендіруге,  өзін  тануға  және  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  ұмтылатын 
жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды 
құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара 
әрекеті болып табылады. 
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, 
оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. 
Қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымының  бір  ерекшелігі  –  баланың  тұлғалық 
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. 
Бүгінгі  таңда  П.М.  Эрдниевтің  дидактикалық  бірліктері  шоғырландыру 
технологиясы, Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, 
В.Ф.  Шаталовтың  оқу  материалдарының  белгі  және  сызба  үлгілері  негізінде 
қарқынды  оқыту  технологиясы,  М.  Чошановтың  проблемалық  модульді  оқыту 
технологиясы,  П.И.Третьяковтың,  К.  Вазинаның  модульды  оқыту  технологиясы,  В.М. 
Монаховтың,  
В.П. Беспальконың және басқа көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. 
Қазақстанда  Ж.А.  Қараевтың,  Ә.  Жүнісбектің  және  т.б.  ғалымдардың  оқыту 
технологиялары белсенді түрде қолданылуда. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
155 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту  формасын,  әдістерін 
технологиялар  таңдауда  көпнұсқалық  қағидасы  бекітілген,  бұл  білім  мекемелерінің 
мұғалімдеріне,  педагогтардың  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  қолдануға,  педагогикалық 
процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. 
Модуль  дегеніміз  –  қандайда  бір  жүйенің,  ұйымның  нықталатын,  біршама  дербес 
бөлігі. 
Модульдік  технологиялардың  ерекшелігі:  тек  білімді  меңгерту  емес,  студенттің 
танымдық  қабілетін  және  танымдық  процестерді  жадының  алуан  түрлерін:  есту,  көру, 
қимыл,  ойлауды,  ынтаны  қабылдау  қабілетін  дамытып,  оны  бекіту,  шығармашылық 
деңгейін арттыру.  
Модуль арқылы оқыту технологиясының тиімді белгілерінің бірі  – студенттің оқу 
белсенділігі.  Бұл  технологияның  бір  ерекшелігі  –сабақтың  негізгі  кезеңдерінің  бәрінде 
оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.  
Жоғары  мектептерде  оқытуды  ұйымдастырудың  әр  алуан  түрлері  бар:  лекциялар, 
практикалық оқулар және оның түрлері – семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз 
бетінше  жұмыс,  студенттердің  оқу-зерттеу  жұмыстары,  өндірістік  және  педагогикалық 
практика  және  басқалар.  Дидактикада  олар  студенттердің  белгілі  бір  дидактикалық 
міндеттерді  шешуі  үшін  танымдық  қызметтік  басқару  тәсілдері  ретінде  түсіндіріледі. 
Сонымен  қатар  лекция,  семинар,  өз  бетінше  жұмыс,  оқытуды  ұйымдастыру  түрлері 
ретінде  болады,  өйткені  олар  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін  жүзеге  асыру 
шеңберіндегі  студенттер  мен  оқытушылардың  өзара  іс-әрекетін  жүзеге  асыратын  тәсіл 
болып саналады. 
Жоғары  мектептерде  оқытуды  ұйымдастыру  дәрісханалық  және  дәрісханадан  тыс 
жолдармен  іске  асырылады,  олардың  әрқайсысында  студенттермен  оқу  жұмысын 
ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады.  
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:  
- кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу);  
-сөйлесу бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалог қарым-қатынас арқылы студенттердің 
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру);  
-қорытынды бөлімі (бақылау, тест).  
Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол 
тақырыпқа бөлінген сағат санына байланысты. 
Модуль  құрамы:  әрекеттің  мақсаттық  жоспары,  ақпарат  қоры,  дидактикалық 
мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.  
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген 
ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, 
әдістері  мен  олардың  игерілу  деңгейін  де  көрсететін  дидактикалық  мақсатқа  сәйкес 
меңгеріледі.  
Модульдік  оқуда  өзіндік  жұмыстарға  аса  көп  уақыт  бөлінеді.  Бұл  оқушыға  оқу 
әрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, 
өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жәрдемдеседі.  
Модульдік оқу дәстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. 
Модульдер  оқу  жүйесінің  қалаған  ұйымдастырылу  формасында  орын  тауып,  оның 
сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.  
Еліміздің  болашақ  мамандары  қоғам  талабына  сай  жан-жақты  қарулануы  үшін 
төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет: 
1. Әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
156 
2.  Студенттің  актуальды  және  іргелес  даму  деңгейін  дәл  анықтауға  бағыт  беріп, 
келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру. 
3.  Студенттің  әрбір  пәннің  мамандыққа  қатысты  мәселелерін  ынтымақтастықпен 
шешу қабілеттерін дамыту. 
4.  Студенттің  кәсіби  білікті,  білімді  шебер  тұлға  қасиеттерін  санасына  құйып, 
дүниетанымын кеңейту. 
Қорытындылай келсек, Елбасының тапсырмасына орай халықаралық стандарттарға 
сәйкестендірілген  қазақстандық  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  жұмыс  істей 
бастады.  
Сөз  соңында,  бүгінгі  күн  талабына  сай  нақты,  терең  білім  беруде  жаңа 
технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегіміз келеді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет