ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, Егемен Қазақстан, 2004. 16
қазан.
2. // Қазақстан мектебі, 2009, №4, Қазақстан мектебі, 2010, №10.
3. Білім: ғылыми-педагогикалық журнал. –Алматы, 2010, №2.
4. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Ақтөбе, 1999.
5. «Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру». Ғаламтор желісі.
РЕЗЮМЕ
Қойшыбаева М.О., ст. преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Пути развития образования по модульной технологии
В статье рассматривается пути развития технологии модульного обучения всей
образовательной системы Казахстана.
Ключевые слова: модуль, знание, наука, стандарт, модульная технология,
кредитная оценка, программа, диалог, дать совет, тест, контроль, стимулирование.
SUMMARY
M.O. Koyshybaeva, senior teacher
(city Almaty, Kazakh state women’s teacher training university)
Lines development technology module educating
This article discusses all the ways of development of modular education of the whole
educational system of Kazakhstan.
Keywords: instantaneousness, knowledge, standard, module technology, credit, to value,
not direct, to meet, dialogue, advice gives, test, to control, to stimulate.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
157
ӘОЖ 371.044.4
К92
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖҮРГІЗУ
А.Б. Құлмағанбетова, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті),
Т.Қ. Оспанбек, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсiпорын мен мемлекет
арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерi қарастырылған.
Түйін сөздер: инвестиция, экспорт, импорт, бақылау, ынталандыру.
Қазақстан нарықтық экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi
бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық
саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы
адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi
пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық
қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық
беделіміздің дағдарыста сыналуы.
Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік
инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ
долларына жетті.
2050 жылға дейінгі дамуының жаңа стратегиясы елімізді қазіргі заманғы сын-
қатерлерге жауап беретін жаһандық және тұжырымдамалық міндеттерді шешуге және
қуатты әрі бәсекеге қабілетті экономика, сенімді әлеуметтік саясат, жоғары
технологиялы индустриялық сектор құрудың алғышарттарын жасауға бағыттайды.
Соңғы міндет өңірлердің тікелей әрі белсенді қатысуын көздейді. Себебі, олар
инвестиция тартудың, инфрақұрылымдарды кеңейту мен жаңғыртудың және жаңа
өндіріс орындарын ашудың орталықтары болады.
«Ең алдымен, мемлекеттік органдардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын
үйлестіруді күшейту қажет. Міндет – мемлекеттік және салалық барлық
бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін
шешумен үйлестіру. Үкімет 2013 жылдың бірінші тоқсанында-ақ өңірлердегі қажетті
және болашағы бар жобалардың тізбесін анықтауы және тарифтендіруі тиіс», – делінген
Ең бастысы, алға қойылып отырған жаңа ұзақмерзімді мақсаттар мен міндеттер
өңірлердегі кәсіпкерлер үшін режім мен еңбек шарттарының кеңейтіліп әрі
оңайлатылуымен қоса жүргізілуде. Мұндай сындарлы тенденция – яғни, мақсат қоя
отырып, ең алдымен оның табысты жүзеге асуына жағдай жасау, тек содан кейін ғана іс
нәтижесін талап ету – мемлекеттің айрықша ерекшелігін білдіреді.
«Өңірлер инвестициялар тартуға мүдделі болуы үшін жер қойнауын пайдалануға
мораторийді жою қажет.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
158
Біз жай ғана шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен аса жаңа
технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшуге тиіспіз. 2025 жылға
қарай біз өз нарығымызды жаңа экологиялылық стандарттарына сай жанар-жағармай
материалдарымен толықтай қамтамасыз етуге тиіспіз», – деп атап айтылған «Қазақстан-
2050» Стратегиясында.
Бұл жағдайда инвестормен қарым-қатынас сипаты да өзгереді. Мұнда тағы да бір
міндет өз рөлін ойнайды, ол – елге ақша ғана емес, технология да тарту. Екіншісі және
маңыздырақ деуге болады, себебі ұлттық экономиканың технологиялық дамуы туралы
айтуға мүмкіндік береді, сөйтіп инновациялық құрылымның негізін қалауға жағдай
жасайды. Енді «шикізатты технологияға айырбастау» формуласы іргетастық сипат
алып, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жылжытуда орталық тезиске
айналады.
«Біз
инвесторларды елімізге ең заманауи өндіру және қайта өңдеу
технологияларын беру шартымен ғана тартуға тиіспіз. Біз инвесторларға еліміздің
аумағында ең жаңа өндірістер құратын болса ғана шикізаттарымызды өндіру мен
пайдалануға рұқсат беруге тиіспіз. Қазақстан инвестиция үшін өңірлік тартылыс күші
болуы тиіс. Біздің еліміз инвестиция үшін және технологиялар трансферті үшін
Еуразиядағы ең тартымды болуға тиіс. Мұның принципті маңызы бар. Біз инвесторларға
қолда бар артықшылықтарымызды көрсетуге тиіспіз», – деп атап өтті Елбасымыз.
Үкімет пен өңірлердің инвестициялық тартымдылықты жылжыту және жаңа
өндіріс құру бағытындағы күш-қуатын жұмылдыру дегеніміз – қаржыландыру көзі мен
перспективалық жобаларды жүзеге асырудағы серіктестерді және Қазақстаннан тыс
жерлерде таныстыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеуді білдіреді. Осы жерде
Экспорт және инвестициялар агенттігінің профильді жұмысының нәтижелеріне көңіл
аудару қажет.
Нарықтық қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-
қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi
және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей
мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықтық экономиканың маңызды
құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi
экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды
дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы
жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн
сезiндi. Бұл дегенiмiз – жалпы өндiрiс шығындарын азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке
қабiлеттiлiгiн жоғарылату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн
барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай
кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарылату
әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар үшiн белгiлi бiр кезеңге қаржылық
нәтижесiн көрсететiн шығыстар мен табыстар арақатынастарын есепке алып, олардың
есептi жылдағы нәтижелерiн бағалап, талдап, тұжырым жасау өзектi мәселе болып
табылады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да
маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Мемлекетiмiздiң өсiп-
дамуының тағдыры қазiргi жас буын мамандарының қолында десек, артық болмайды,
яғни олар келешекте ұлттық экономикамыздағы кәсiпорындардың инвестициялық
тартымдылығын қандай әдiстермен шешедi және қандай іс-шаралар кешенін
қолданатыны өзекті мәселе.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
159
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың
жетiспеушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың
төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың
тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты
тиiмдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда
болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.
Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң
маңызы артуда.
Тақырыбымыздың өзектілігі, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың
1наурызындағы халыққа Жолдауында айтылғандай, «Елдің дамуын бәсекеге қабілетті
экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады [2].
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың
саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы,
технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарының
кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге
сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді
қолданып, өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз – бәсекеге қабілетті елдердің
қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты
сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек [3].
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық
маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық реформалардағы жетістіктер, табиғи
және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді
ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту
стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді.
Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркениетті елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың
әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту
жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік
жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі
таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту
мәселесі алға шығуда. Ол дегеніміз – көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып
табылады. Бұл диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі
кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады, яғни
қазіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп
білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға
жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде
ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине, өзіміз
айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған,
Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы
жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың
барлығын қосатын «жалпы күрделi салымдар» түсiнiгi қолданылады.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
160
Инвестициялық iс-әрекет еліміздің экономикасын дамытудың маңызды
факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан да инвестициялық iс-әрекеттi
жандандыру әрдайым өзекті мәселелердiң бiрi болып табылады.
Елдiң экономикалық өсуiнiң орнықты қарқынына қол жеткiзу үшiн тiкелей
инвестициялардың қуатты құйылуын қалыптастыру қажет. Бұл үшiн мына негiзгi
мiндеттер орындалуы тиiс:
а) Жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту;
ә) Жаңа инвестицияларды тартуды жандандыру;
б) Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың жүйесiн одан әрi жетiлдiру;
Инвестициялық ахуалды жақсарту инвестицияларды шетелдiктердiң ғана емес,
отандық инвесторлардың да экономиканың нақты секторына салуын тиiмдi ететiндей,
шетелдiк капиталдың құйылуына да, сондай-ақ iшкi капиталдың шетелге кетуiн
болдырмауына да жәрдемiн тигiзетiндей iскер ортаны қалыптастыруды талап етедi. Бұл
үшiн нормативтiк құқықтық базаны, салық және кеден режімдерiн, жұмыс күшi
рыногын, жер және жылжымайтын мүлiк рыногын, көлiк және коммуникациялық
қызмет көрсетулер рыногын, банк және қаржы қызмет көрсетулер рыногын одан әрi
дамыту қажет.
Жаңа инвестицияларды тартуды жандандыру мақсатында халықаралық қаржы
және экономикалық ұйымдар мен өзара iс-қимылды күшейту, жарнамалық-ақпараттық
тетiктердi пайдалану, инвестициялардың сыртқы рыногында жарнамалық-ақпараттық
қызметтiң тұрақты жұмыс iстеуi мен жандандырылуы тиiс.
Тiкелей
инвестицияларды
мемлекеттiк
қолдаудың
жүйесiн
жетiлдiру
инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың заңдық базасын жақсартуға, тiкелей
инвестицияларды фискальдық ынталандырудың жүйесiн жетiлдiруге, мемлекеттiң
инвестициялық тәуекелдердi сақтандыру жүйесiн құруға және инвесторлардың
ағымдағы проблемаларын тиiмдi шешуге бағытталуы тиiс.
Инвестициялық тартымдылықты арттыру iс-әрекеті елміздің экономикасын
дамытудың маңызды факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан да
инвестициялық iс-әрекеттi жандандыру әрдайым басымды мәселелердiң бiрi болуы тиiс.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты». – Астана, Ақорда, 2012 .– 130 б.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
«Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу ел қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы
//Казахстанская правда, 2 наурыз, 2008 ж., № 45-46.
РЕЗЮМЕ
Кулмағанбетова А.Б., ст. преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет),
Оспанбек Т.К., ст. преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
В статье рассмотрены вопросы государственной инвестиционной политики,
проблемы привлечения инвестиций в экономику.
Ключевые
слова:
инвестиция,
экспорт,
импорт,
контроль, стимулировать.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
161
SUMMARY
A.B. Kulmaganbetova,
Senior teacher
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
T.K. Ospanbek,
Senior teacher
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
The article tells about theoru of attracting investments into economy. The article also tells
about investment policy of government and research of investment attracting problem.
Keywords: investment, export, import, control, to stimulate.
ӘОЖ 336.2
КЛАСТЕРЛIК ӘДІСТІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН МАҢЫЗЫ
А. Асылханқызы, магистр
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Осы зерттеулерге сүйене отырып, жеке фирмалар кластерге бiрiккен
кезде олардың ұжымдық бәсекеге қабiлеттi басымдықтарын қалыптастыруға қажет
талаптарды шоғырландырады. Қазiргi кезде белсендi дамыған жүйелерді түсiндiруді
Қазақстанда технопарктердi өркендету үшiн пайдалануға болады.
Түйін сөздер: Трансакция, кооперация, оппортунист, фирмааралық, банкрот,
инвестиция, аспект, картель, социум, кластер, иерархия, франчайзинг, феномен, акцент,
интеграция, динамика.
Ғаламдандыру жағдайында елдер арасында да, жекелеген фирмалар арасында да
рынок үшiн бәсекелiк күрес асқына түседi. Соңғылары бәсекеге қабiлеттi
басымдықтарын арттыратын әдiстердi iздестiру жолында бизнес ұйымдастырудың жаңа
үлгiлерiн пайдалануда. Солардың бiрi – фирмааралық кооперацияның жүйелi нысанын
перспективалы деп танылуы.
Фирмааралық кооперация құндылықтардың барлық пайда болатын тiзбегiнде
өркендегенiмен, әрiптестiктiң жылдам бой көтеруi ғылыми зерттеулер мен игерулер
саласына тән. Ал осы кооперация нысандарына келетiн болсақ, бүгiнде бiртiндеп түрлi
келiсiмшарт
нысандары
таңдалынып
отыр.
АҚШ-тың
тiкелей
шетелдiк
инвестицияларына шолу жасағанда, 90-шы жылдары АҚШ компанияларымен берiлген
лицензияларды саудалау өсiмi (жыл сайын деңгейi 11 пайызға артады) сауда мен тiкелей
шетелдiк инвестицияларының өсiмiн қосып есептегеннен де басым болып шықты.
Фирмааралық кооперация кездейсоқ рыноктық деректер категориясынан феноменге
айналып, өзiнiң белсендi дамуы арқылы зерттеушiлер назарын аударды. Фирмалар
қызметiнiң осы бағыты стратегиялық даму және фирманың материалды емес активтерiн
арттыру контекстерiнде талдана бастайды.
«Басқарушы» – зерттеушiлердiң мүдделерi жүйелi фирмааралық ұйымдардың
феноменiн өзгерiске ұшырайтын процестердiң, құрылымдардың, шекаралардың,
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
162
басқарудың қалыптасып жатқан жаңа, сондай-ақ стратегиялық ережелердiң
ұстанымдары негiзiнде жете сипаттап түсiндiруге бағытталған, фирмааралық жүйелердiң
феноменiн түсiндiруде және басқа да теориялық ұстанымдарда түрлi көзқарастар мен
әдiстердi жинақтау қажеттiгiнен туындап отыр. Фирмааралық кооперация туралы
түсiнiктер экономиканың, әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың iргелi
теорияларында берiлген, олардың жекелеген бағыттары фирмааралық кооперацияның
жүйелi нысанымен байланысты мәселелердi зерттеу нәтижесiнде даму импульсын алды.
Бiрiншiден, бұл iргелi және қолданбалы зерттеулердiң негiзгi жетiстiктерiн жинақтау
арқылы фирма теориясының дамыту контексiндегi жаңа жүйелi парадигманың пайда
болу жолдарын түсiндiрсе, екiншiден, осы парадигманың талдау және даму бағыттарын
көрсетедi. Осындай кешендi теориялық негiздiң қажеттiлiгi өсе бередi.
Көптеген зерттеушiлер индустриалды ұйымның динамикалық өзгерiстерiн
индустриясы дамыған елдердегi бизнестiң жүйелi құрылымына қарай басталған өту
кезеңi деп қарастырады.
Агенттiк қатынастар теориясы тұрғысынан қарастыру фирмалар мен олар жалдаған
агенттер арасындағы трансакциялардың тереңiрек талдауына жол ашады. Қатынастар
шығыны немесе агенттiк шығындар мiндеттердi қабылдау және олардың орындалуын
қадағалау механизмiне жұмсалған қаржылардан тұрады, ол оппортунистiк сипаттағы
шығындарды және принципалдар мен агенттер арасындағы шарасыз қақтығыстарды
азайту мақсатында жасақталады. Басқару механизмiне келiсiмшарттың әртүрлi
нысандары енедi. Соңғыларының iшiнде ресми және бейресми, айқын және айқын емес,
мақсатты және пәндiк түрлерi де бар.
Трансакциялық шығындар экономикасы (Transaction Cost Economy - TCE) аясында
фирмааралық кооперацияға түсiнiк беру кейiнгi әдiстердiң қалыптасуына әсер етедi. Осы
әдiс аясында трансакциялық шығындар маңызды фактор ретiнде қарастырылады.
Өйткенi ТСЕ фирмааралық кооперацияға қазiргi заманғы түсiнiктеме беруде iргелi
теориялардың бiрi болып табылады.
Бiр географиялық аймақта шоғырланған агенттер арасындағы жүйелi қатынастар
ұжымда өмiр сүруге қабiлеттi болады, ұйымаралық байланыстар мен қатынастар
есебiнен өсетiн тұрақтылық үлгiлерiн жасайды. Оларды фирманың сыртқы ортасы деп
атайды. Бұл әдiс көптеген зерттеулерде қолданылады. Фирманы қоршаған ортада түсiну
ресурстық әдiстiң (немесе ресурстық тәуелдiлiк теориясының) пайда болуына жол тапты.
Фирмааралық кооперация феноменiнiң теориялық түсiндiрмелерiн бiр жүйеге
түсiру үшiн бейресми коммуникациядан бастап фирмааралық ақпараттық-жоспарлы
жүйелерге (альянстарға), күрделi интеграциялық құрылымдарға, яғни (бiрлескен
кәсiпорындар мен франчайзингтiк қатынастарға) дейiнгi аралықтағы үйлестiру
механизмдерiнiң тұтас спектрiн қамтитын жүйенiң кең ауқымды анықтамасын қолдануға
болады. Жалпылама түсiнiк бойынша фирмааралық жүйелер фирмалар арасындағы
байланысты реттеушi әдiстер деп танылады, оның бiр жағынан, фирмаiшiлiк
(иерархиялық) реттеуден, ал екiншi жағынан, рыноктық үйлестiруден өзгешелiгi бар.
Фирмааралық кооперация, әсiресе оның жүйелi нысаны тәртiптiк және
тәртiпаралық әдiстердi қолдану арқылы түсiнiк беретiн құбылыс болып табылады, бұл өз
кезегiнде одан әрi жалғасын тапқан тәртiпаралық диалогқа негiз болады.
Жүйе феноменiне түсiнiк беретiн тағы бiр нәрсе – оның тиiмдiлiгiн мойындау. Осы
мойындау нәтижесiнде қазiргi уақытта институционалдық теорияда жүйенiң рынок пен
иерархия арасындағы аралық ұстанымы бар оңтайлы қоспалы нысан ретiнде кеңiнен
таралды. Жүйенi пайдалануға қосымша дәйек ретiнде авторлар өзiндiк активтерi жоғары
жағдайларда рыноктық үйлестiру шығындарының өсуiн, трансакциялар дүдәмалдығы
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
163
мен жиiлiгiнiң артуын, сондай-ақ рыноктық тәуекелдiлiктi қайта үлестiрмейтiн
агенттердiң нәтижелiлiгiмен және есебiмен байланысты қиындықтарды атайды.
Эволюциялық теория арқасында жүйелi экономиканың инновациялық аспектiсi
дамиды. Экономикадағы эволюциялық бағыттың бастауы Шумпеттердiң инновацияларға
арналған еңбектерiнен алынған. Ол ұзақ мерзiмде дамиды деген ұстаныммен фирманың
революциялық технологиялық ығысуын және басқа да сипаттарының қайта
қарастырылуын негiзге алады. Бұл сипаттамалар фирма эволюциясына түсiнiк бергенде
қажет. Шумпеттердiң айтуынша, революциялық инновациялардың салдарын болжап
бiлуге болмайды. Кейде жекелеген саланың фирмалары жетекшi позицияда болуы
мүмкiн. Басқа жағдайларда бұндай революциялық инновациялар қазiргi кезде
бәсекелесiп жүрген барлық фирмаларды жойып жiберуi мүмкiн. Бұндай кезде оқу оқып,
бiлiм мен тәжiрибе жинақтау керек, сөйтiп оларды қолдану үшiн қолайлы жағдай туғызу
қажет. Осы қисынға сәйкес жүйенiң феноменiн түсiндiру үшiн технологиялар мен
оқытуға шыққан шығындарды қосу керек.
Институционалдық теория, салалық рыноктар теориясы және шумпеттерлiк даму
түсiнiгi аясында дамитын әдiстер комбинациясы нәтижесiнде саланың өмiрлiк кезең
үлгiсi пайда болады, бұнда Шумпеттердiң айтуындағы революция санақ басы (тiршiлiк
бастауы) болады. Осы революциялық өзгерiстер саланың технологиялық базасын және
стратегиялық құнды ұйымдастыру ресурстарын анықтайды. Солардың негiзiнде
жекелеген фирмалар табысқа жетуi мүмкiн, ендi бiреулерi ресурстық базасын түрлендiру
(модификациялау) керек, ал үшiншiлерi банкроттыққа ұшырауы мүмкiн. Шумпеттердiң
айтуындағы революция жаңа саланың бәсекеге қабiлеттi негiзiн жасақтап бердi де,
салалық бәсекеге қабiлеттiктi ретке келтiрдi. Саланың дамуына дүмпулер (Шумпеттер
бойынша) әсер етсе де, олар белгiлi бiр уақыт iшiнде саланы түбегейлi өзгерте алмайды.
Ресурстық тәуелдiлiк теориясына сәйкес ұйымдар қоршаған ортамен ресурстар алу
мақсатында айырбас жасайды, бұл өз кезегiнде жекелеген ұйымдар мен нарықтың басқа
да ойыншылары арасында тәуелдiлiктi туғызады. Осы салалық зерттеулерге қомақты
үлесiн қосып жүрген жүйелi нысандар спектрi – бiрлескен кәсiпорындар, бiрiккен
басқармалар, қауымдастықтар, картельдер, әлеуметтiк және персонификациялық
жүйелер кеңiнен сипатталып жүр.
Жүйелерге анықтама бергенде институционалдық теория жорамалдары
қолданылады. Институционалдық теория бойынша қоршаған орта ұйымдарға қысым
жасап, соның нәтижесiнде олар әлеуметтiк нормаларға сәйкес келетiн заңды ережелердi
жасақтауға мәжбүр. Бизнестi басқару контексiнде осы теориялық әдiстi қолдану арқылы
фирмалар заңды әрекет етуге бағытталған қызмет белсендiлiгiн арттырып, қоршаған
ортаның негiзгi ережелерiне, талаптары мен нормаларына сай әрекет етедi. Осы
нормаларға сай болудың бiр тәсiлi – ұйымаралық қарым-қатынастарға белсендi түрде
қатысу. Институционалдық әдiс ресурстық тәуелдiлiк теориясы секiлдi «тәуелдiлiкке»
ерекше мән бергенiмен, соңғысынан айырмашылығы әлеуметтiк тәуелдiлiкте болып тұр.
Социумда фирманың бөлек болуынан қорғап қалатын әлеуметтiк байланыстар, жүйелер,
ресми келiсiмдер мен басқа да құралдар фирманың өмiр сүру негiзi болып табылады.
Екiншi жағынан, ортаның нормалары мен заңдарына, яғни институттарына сай
болу үшiн фирмалар белгiлi бiр жүйеге кiруi қажет. Сөйтiп олар өз ерiктерiмен жүйенiң
ережелерiн орындауға келiсiмiн бередi. Сонымен қатар фирмааралық кооперативтi
құрылымдар құрудың тиiмдiлiгi мен қарапайымдылығы көбiнесе жоғары деңгейлi iшкi
орта арқылы анықталады, ал мұнда фирмааралық жүйелер басым болады. Мұндай iшкi
орта факторларына заңнамалық база, банктiк жүйе, еңбек нарығы және т.б. жатады.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
164
Осылайша қарастырылған түрлi тәртiптегi әдiстер жүйе қалыптастырудағы негiзгi
алғышарттарды, яғни ұжымдасып әрекет еткен ұйымдар өзiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн
күшейтетiнiн мойындайды. Зерттеушiлер ресурстық тәуелдiлiк теориясы аясында осы
алғышарт бойынша ұйымдардың кооперативтiк байланыстарын құратынын, кейiн соның
бәрi едәуiр мөлшерде нәтижелiлiгiне әсер ететiнiн байқайды. Институционалдық теория
белгiлi мақсат пен нәтиже күткен «алаң» немесе «сектор» iшiнде әрекет етушi ұйымдар
туралы сипаттама бередi. Салалық нарық экономикасы аясында ұйымдар арасындағы
нарықтық емес қатынастарды сипаттайтын қоспалы нысандар да өмiр сүруi мүмкiн.
Фирмааралық қызметтестiктiң оң және терiс тұстарын ашып көрсететiн
анықтамалар мен талдаулар баршылық. Фирмааралық кооперация туралы, оның
жетiстiктерi мен кемшiлiктерiне түсiнiк беретiн түрлi ғылыми бағыттардың қорытынды
талдауы 1-шi кестеде көрсетiлген.
Жалпы экономикалық әдiстер негiзiнде жүйелердiң пайда болуын әдетте нарық
сәтсiздiгiмен және фирманың тиiмдi қызмет етуiн күшейтуге бағытталған талпыныспен
түсiндiредi. Осындай уақытта ұйымның жүйелiлiгi өндiрiстiк және үйлесiмдiк
шығындарды азайтады. Әлеуметтiк зерттеулердiң пiкiрiнше, жүйе дегенiмiз – әлеуметтiк
бақылаудың және бейресми кооперацияның басты құралы. Жүйелердiң өмiр сүруiне
түрлi түсiнiктемелер берiлiп жүр: нормативтiк-заңнамалық ортаға енгiзу, заңдылық пен
өктем механизмдердi табу үшiн жасалатын үйлесiмдiк шығындармен де, әлеуметтiк
байланыстармен де түсiндiруге болады.
Тәртiпаралық негiздегi түрлi әдiстердiң ықпалдасуы дербес ғылыми бағыт
тұжырымдамасын жасауға көмектесетiнi сөзсiз. Ол, бiр жағынан, фирмааралық
кооперацияның феноменiн жүйелi түрде айтып жеткiзсе, екiншi жағынан, бiрқатар
басқармалық тәртiптердiң дамуы үшiн теориялық негiз болады.
Жеке бiр фирманың шаруашылық субъектiсiн өзара әрекет етушi фирмалардың
жүйесiне өзгерту ұжымның бәсекеге қабiлеттiк, нәтижелiлiк қызметiн бағалау, мүдделерi
мен стратегияларын келiстiру, бiрлескен активтерiн туындатуға және дамуға
ынталандыру және т.б. сондай мәселелердiң күн тәртiбiне қойылуына себеп болады. Осы
бағытты дамыту, бiрiншiден, фирма теориясын дамытудың басты бағытына айналуы
мүмкiн, екiншiден, қарқынды дамыған қазiргi заманғы басқару әдiстерi үшiн теориялық
негiздi қалыптастырады.
Фирма теориясы алуан түрлi фирманың өмiр сүру, шекарасы мен iшкi ұйымдар
проблемаларын зерттейдi. Фирманың шекарасы жөнiнде түсiнiк бергенде зерттеушiлер
көбiнесе жүйелi қарым-қатынас үлгiсiн (моделiн) пайдаланады. Ұйымдар мен басқару
теориялары аясында бұндай анықтамаларға экономика, әлеуметтану, әлеуметтiк
психология және басқа да ғылыми салалардан алынған дәйектер қоса берiледi.
Алайда бәсекеге қабiлеттi басымдықтарының негiзi ретiнде, қоршаған ортаның
жоғары айнымалылық пен технологиялық белгiсiздiк жағдайындағы тұрақты оқудың
қажеттiлiгiн мойындайтын, ресурстар мен бiлiмге жасалған жаңа акцент фирмалар
арасындағы кооперацияның рөлiн қайта бағалауға және жүйелiк феноменiнiң жаңа
түсiнiктемесiн қалыптастыруға көмектеседi.
Қазiргi кезеңгi басқару теориясының орталық алғышарты бойынша фирмалардың
бәсекеге қабiлеттi басымдықтары бiрегей, күрделi ресурстардан пайда болады екен. Егер
де осы алғышартқа сүйенетiн болсақ, онда фирма шекарасын осындай ресурстарды
жинақтап, оларды меншiктеген соң анықтауға болар едi.
Соңғы 20 жыл iшiнде шекараны таңдау туралы алдыңғы теориялық анықтамалар
трансакциялық шығындар экономикасының (ТСЕ) жорамалдарына негiзделген болатын.
ТСЕ әлi де болса стратегиялық альянстарды қалыптастыру процесiн түсiндiретiн
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
165
басқарудағы ең бiр кеңiнен тараған әдiс деген ұстанымды сақтап отыр. Сондай-ақ
кооперация уәждерiн түсiндiретiн трансакциялық шығындарды оңтайландыруға
бағытталған акцент басқа да ғылыми бағыттар аясына да тараған.
Осы теорияның оппоненттерi келiсiм жүйесiмен фирма туралы түсiнiк беру, оның
құзiреттi рөлiн терiске шығарады, ал бұл өз кезегiнде оқыту, заңнамалық жолға түсу
немесе жаңа технологиялық стратегиялық табысқа жету процесiн тұтастай бағынышты
етедi деп дәлелдейдi.
Сонымен қатар фирманы келiсiмдiк деген мағынада түсiндiру стратегиялық
сипатқа ие болады, бұнда фирма кiрiс табуға талпынбайды, оның бағыты өзгеше құзiрет
пен бәсекеге қабiлеттi басымдыққа жетуге жинақталады.
Керiсiнше, құзiреттер ұстанымы бойынша экономикалық ұйым туралы түсiнiк
кiрiс, шығыс және технологиялар кезiндегi үздiксiз өзгерiстер контексiнде қабылданады.
Фирма теориясының ресурстық әдiсi аясында фирманы бәсекеге қабiлеттi
басымдықтарға негiз болатын, сезiмдi және сезiмсiз ресурстар мен құзыреттердiң
«шоғыры» деп түсiндiредi. Түрлi компанияларға қатысы бар, келiсiм арқылы
байланыспаған, оқшау құзыреттер интеграция мен бiрлескен басқаруды қажет етедi.
Фирманың статикасы мен динамикасын екi жақты қарастыру – кеңiнен тараған
әдiс, бұл әсiресе эволюциялық теорияға тән. Бұл әдiстiң ерекшелiгi – бiрiншiден, ол
оқыту процесiн терең талдауды қамтыса, екiншiден, фирманың сыртқы орта атрибуттары
ретiнде статикалық және динамикалық шарттарын қарастырады. Динамикалық орта
фирмаларға, жүйеге қатысушыларға сипаттама берiп, олардың пiшiн үйлесiмдiктерiн
анықтайды.
Компаниялар өз әрiптестерiнiң дағдысы мен тәжiрибесiн үйренген кезде тиiмдiлiк
жағына аса мән бермейтiнi туралы эволюциялық әдiс тұспалдап көрсетедi. Компаниялар
шектеулi бiлiммен де қанағаттанарлық сипатта жұмыс жасайды. Әдебиетте жоғары
технологиялық салалар үлгiсiндегi осындай жағдайлардың эмпирикалық дәлелдерi
кездесiп жүр, мұнда фирмалар өзiнiң қысқа мерзiмдi қызметiнде оңтайлы және тиiмдi
жақтарын көрсете қоймайды. Керiсiнше, ұзақ мерзiмдi перспективада оқуға бағытталған
фирмалардың қызметi жоғары табысқа ие болады.
Жалпы эволюциялық теорияның дәйектемесi технологиялық өзгерiстер мен
нарықтың ашықтығымен, шексiз жүйелiк келiсiмдерден өтiп, үздiксiз оқу процесiмен
сипатталатын динамикалық ортаға негiзделедi.
Жоғары технологиялық салаларға көңiл бөлу арқылы фирмааралық кооперациялар
феноменiн түсiндiруге болатыны сөзсiз, бұл технологиялар мен бiлiмнiң ерекше рөл
атқаратынын көрсетедi. Фирма әдiсi (Knowledge Based View – КВV) бiлiмiне негiзделiп,
бiлiмге ресурс ретiнде тануға баса мән бередi, фирманы технологиялық және
ұйымдастыру бiлiмдерiнiң бастауы (қоймасы) деп таниды. Фирманы өз бiлiмiнiң
негiзiнде оқи алатын және әрi қарай дамитын организм деп қабылдайды.
КВV-ның кей тұжырымдары фирма мен эволюциялық теорияға түсiнiк беретiн
ресурстық әдiстен алынған. КВV зерттеушiлерi альянстар мен жүйелердi зерттей
отырып, трансакциялық шығындармен немесе стратегиялық шешiмдермен де
қарастыруды жоққа шығармайды. Оқыту парадигмасы бойынша қысқа мерзiмдi
перспективада трансакциялық шығындарды үнемдеу мен кiрiстен гөрi технологиялық
әдiстер, коды жоқ (анық емес) бiлiм немесе жылдам өзгеретiн нарық тенденцияларын
түсiну маңызды. Альянстар фирмалар оқыту процесiн жүзеге асыратын нысаны деп
танылады, мұнда олар бiлiм мен дағдыны үйренудiң жаңа жолдарын ашады.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
166
Бiлiм алып, кейiн оны қажетiнше қолдану кооперацияның әртүрлi нысандарында
жүзеге асыруға болады. КВV-ға бойынша бiр «шатыр» астында болмайтын кооперация
ұйымының түрлi нысандары жылдан-жылға көбеюде. Бұл жаңа бiлiм түрлерiне жол
ашады. Әсiресе кооперация зерттеулерiнде идентификация және коды жоқ (анық емес)
бiлiм мәселелерiне көңiл бөлiнiп жүр. «Оқыту» деген термин «бiлiм экономикасы» және
инновациялар табиғатын түсiндiретiн сипаттамада басты мәнге ие. Жоғары оқу орнында
оқығанда немесе кәсiби қайта даярлықтан өткен кезде ғана жаңа бiлiм алынады деп
түсiнбеуiмiз керек. Өйткенi бұл «анық» бiлiм болып есептелiнедi. Жаңа бiлiмге жұмыс
процесi кезiндегi жаңа дағды, жаңа тәжiрибе түрiнде де үйренiп алуға болады. Бұл түр
коды жоқ немесе «анық емес» бiлiм деп аталады және инновациялық қызмет үшiн үлкен
маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |