Зерттеудің әдістері. Диссертациялық жобаны жaзy бapыcындa, нeгiзiнeн, caлыcтыpмaлы, жинaқтay, тaлдay, қopытy тәciлдepi тиiciншe пaйдaлaнылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
қазақ әдебиетінде алғаш рет кеңестік дәуірдегі Қазақстан әдебиетіндегі бұрын-соңды көпшілікке айтылмай, жасырылып келген шығармалардың кешенді түрде зерттелінуі;
зерттеу барысында, қазақ әдебиетіндегі қазақ ұлтының тарихында орын алған оқиғалардың әр кезеңде берілу сипаты айқындалады;
диссертациялық зерттеуде қарастырылып отырған мәселе бойынша бұрын ғылыми айналымға түспеген тарихи деректердің қолданылуы жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды;
тәуелсіздік алған жылдары қазақ әдебиеті беттерінде орын алған тың көзқарастар мен пікірлер талданады;
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
тарихи шығарма - өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық тұжырымдамасы жатады;
қазақ әдебиетінде тарихи жанр тәуелсіз ел-жұртымыздың ұлттық сана-сезімінің ересен өсуіне байланысты дамыды;
қоғамдық тосын құбылыстарды өздерінше сараптап, көркем ойдың шоғын жаңаша мақаммен қоздатып, шоғын жігерлене үрлеуге жеделдете кіріскен – ақын-жазушылар;
тарихи тақырыпқа бару, яғни өткенге көз салу, сол өткендегі айтпауға болмайтын жайларды айтуға талпыныс – уақыт талабынан туындайтын құбылыс. Өйткені әдебиет – халық өмірінің идеялық-эстетикалық айнасы. Әдебиеттің ілгерілеуі де, өсуі де халықтың өткеніне көркемдік байыптау, қорытындылар жасау арқылы болады.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Теориялық-әдістемелік мәселелерді зерттеуде отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ғылыми тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысында тарихи тақырыптың қазақ прозасында көрініс табу үрдісі әдебиет тарихының кезеңдері бойынша жүйелі, сатылай қарастырылғандықтан, оның ғылым мен білім берудегі теориялық және практикалық маңызы арта түспек. Жұмыстың нәтижелерін қазақ прозасына қатысты оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысы (ОБСӨЖ) және студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) сабақтарындағы жазба жұмыстарына, семинар сабақтарына пайдалануға болады. Сондай-ақ, зерттеудің практикалық құндылығы ретінде диссертациялық еңбекте алынған тұжырымдар мен қорытындыларды, деректеме материалдарды жоғарғы оқу орындарының филология, тарих факультеттерінде білімдерін кеңейту үшін пайдалануға болады.