4.1.4. Еттің сапасына қойылатын талаптар
1. «Еттің сапасына қойылатын талаптар»
материалын оқып шығып, 4.4.
кестесін толтырыңыз.
4.4. кесте. Ет сапасын анықтау
Сапа көрсеткіштері
Балғын ет
Балғындағы күмəнді
ет
Ескі ет
Сыртқы түрі
Бұлшық
еттердің
ахуалы мен түсі
Консистенциясы
Иісі
Майының ахуалы
Сіңірлерінің ахуалы
Сүйек
майының
ахуалы
Сорпасының сапасы
2. Балғын еттің сапалылығын анықтау бойынша тəжірибе жұмысын
орындаңыз (үй жұмысы түрінде орындалуы мүмкін).
Құрал-жабдықтар: өткір пышақ, сағат, сүзгі қағаз, сүлгі,
етті зерттеу
əдісінің стандарты.
Материалдар: ыстық су, суытылған еттің үлгілері
Жұмысты орындау жүйесі
1) Суытылған ет үлгілерінің балғындығын анықтап алу үшін, кепкен
қабыршақ қабатының бар-жоғын, оның ахуалын (құрғақ немесе жабысқақ), түсі
мен түсінің ашықтылығын анықтаңыз.
2) Ет үлгісін өткір пышақпен тіліңіз, сүзгілі қағазды тілікке басыңыз да,
қағаз жабыса ма немесе ылғалдана ма, сонымен бірге қан жұқты ма – анықтаңыз.
3) Бас бармағыңызбен тілінген жерді басыңыз да,
содан пайда болған
ойықтың қаншалықты жылдам теңелетінін байқаңыз. Ойықтың жай теңелуі (1
минуттан астам) күдікті етке тəн.
4) Ет бетінің иісін анықтап алған соң, терең тілік жасаңыз да, тіліктің иісін
анықтаңыз.
58
5) Іш жəне сырт майы түсінің ашықтығын жəне оның консистенциясын
анықтаңыз. Ол үшін аздап алынған іш майын саусақтарыңызбен басыңыз да, оның
ұсақталуын немесе езіліп жағылғанын анықтаңыз.
6) Майды саусақтарыңызбен уқалап, оның иісін анықтаңыз.
7) Алынған нəтижелерді пайдалана отырып, келесі параметрлер бойынша
зерттелетін өнімнің сапасын анықтаңыз.
Еттің сырт пішіні (түсі, бет жағының пішіні) _________________________
______________________________________________________________________
Майдың көрсеткіштері (түсі,консистенциясы, иісі) ____________________
______________________________________________________________________
Ойықтың теңесуі ________________________________________________
Иісі ____________________________________________________________
______________________________________________________________________
Қорытынды: _____________________________________________________
______________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: