Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

ҚҰРКЕЛЕС, ә л с е й і т с а й – сырдария ала-
бындағы  өзен.  Оңт.  Қазақстан  обл.  сарыағаш, 
Шардара аудандары жерімен ағады. Ұз. 98 км, су 
жиналатын алабы 1711 км
2
. Жалпы ұз. 73 км бо-
латын  28  саласы  бар.  Ірі  салалары:  сарыжылға, 
Жылға,  таңқашқанжота,  тасқұдықсай,  Ащысай, 
т.б. Бастауын сарыағаш қ-ның оңт.-батысындағы 
белесті  қырат  бұлақтарынан  алып,  сырдария  өз. 
бойындағы Шардара бөгеніне құяды. Арнасы тік 
жарлы. Аңғары кең. Жер асты, жауын-шашын су-
ларымен толығады. суы бау-бақша суғаруға пай-
даланылады.
ҚҰРҚЫЛТАЙ  (Remiz)  –  торғай  отрядының  бір 
туысы. дене тұрқы 7,3–10 см, салм. 8–13 гАрқа 
жағы  қоңыр,  басы  сұр,  қоңыр  немесе  қара,  қара 
түсті  қанаты  мен  құйрығының  ақ  жолақтары 
бар,  құрсақ  тұсы  ақ.  тұмсығынан  бастап  көзінің 
тұсынан құлағына дейін өтетін  қара  жолағы  бар. 
Қанатының  ұз.  5,4  см,  жайған  кезде  16–18  см-ге 
жетеді. Ұясын қыл, жүн, өсімдік талшықтарынан 
тоқып, сілекейімен желімдеп, екі бүйірінен кіріп-
шығатын тесік қалдырып,  екі  бұтақтың  түйіскен 
жеріне не жуан бұтаққа қоразы салады. 6–7, кей-
де  8–10  жұмыртқа  салып,  оны  мекиені  басады. 
12–14 күнде балапан шығарады. Көбіне өзен және 
көл  жағалауында  өскен  тоғайларды  мекендейді. 
дауысы  –  нәзік  ысқырық  тәрізді.  Қазақстанда  3 
түрі  кездеседі,  жыл  құсы.  Кәдімгі Қ. Еділ-Жайық 
алабында, Елек өз. бойында орман, тоғайлы жерде 
көп, талас-Шу өзендері бойында, Балқаш–Алакөл 
алабында өте сирек кездеседі.Қамыс Қ-ы Арал т.,  
Құркелес өзені

430
ҚҰРМАНАҚА, н ұ р м а н а қ а – сарысу алабын-
дағы  өзен.  Қарағанды  обл.  Шет  және  Жаңаарқа 
аудандары  жерімен  ағады.  Бастауын  Ортау  та-
уының  батыс  беткейіндегі  бұлақтар  суынан 
алып, Атасу кентіне таяу жерде Жаман сарысу өз-
не құяды. Ұз. 73 км, су жиналатын алабы 1270 км
2

Жағалауы жайпақ, арнасы ирелең. Көктемгі еріген 
қар және жер асты суларымен толығады. сәуірде 
тасиды,  жазда  қарасуларға  бөлініп  қалады.  өзен 
суы  ауыз  суға,  мал  суаруға  пайдаланылады,  аң-
ғарында  жайылымдық  және  шабындық  жерлер, 
қыстаулар бар.
ҚҰРМАНҒАЗЫ  АУДАНЫ  –  Атырау  обл-ның 
солт.-батысындағы әкімш. бөлініс. Аум. 20,8 мың 
км
2
. тұрғыны 59,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-
ге шаққанда 2,8 адамнан келеді (2010). Құрамында 
15 ауылдық округ, 1 кент, 52 ауылдық елді мекен 
бар. Орт. – Ганюшкино а. Қ. а. батысында ресейдің 
Астрахан  обл-мен,  солт-нде  Батыс  Қазақстан 
обл-ның  Бөкей  ордасы  және  Жаңақала  ауданда-
рымен, шығысында Атырау обл-ның исатай ауд-
мен  шектеседі;  оңт-н  Каспий  т-нің  суы  шайып 
жатыр.  Жер  бедері,  негізінен,  жазық,  құмды 
және  Каспий  т-не  қарай  еңіс  келеді.  Ауданның 
солт.  теңіз  деңгейінен  3  м  биіктікте  болса,  оңт. 
теңіз  деңгейінен  25–27  м  төменде  жатыр.  нарын 
құмына қарасты Қосдәулет, Батбайсары, Бозанай 
және Ментеке атты құмдардың бөліктері аудан же-
рінің басым бөлігін қамтиды. Кен байлықтарынан 
мұнай мен газ, құрылыс тастары, қиыршықтас,  әк-
тас, кірпіш құятын саз балшық бар. Климаты тым 
континенттік,  қаңтардың  орташа  темп-расы  –8°с, 
шілдеде +21°с. Жауын-шашынның жылдық орта-
ша мөлш. 100–150 мм. Шаруашылыққа пайдаланы-
латын сулары Каспий т-нің солт.-батыс бөлігінен, 
оған келіп құятын Еділ өз-нің Қиғаш және басқа 
тармақтарынан,  нұрман,  Манаш,  Шектай  және 
басқа  көлдерден  тұрады.  топырағы  құмайтты-
сұр,  сұр,  шалғынды  қоңыр  топырақты.  өсімдік 
жамылғысына еркек шөп, ақ жүзгін, боз, изен, ебе-
лек, теріскен, қоңырбас кіреді. Жануарлар дүние-
сінен  қарақұйрық,  ақ  бөкен,  түлкі,  қасқыр,  қоян, 
сарышұнақ, қосаяқ, тышқандардың көптеген түрі 
бар. Аудан бойынша а. ш. жерінің аум. 1,87 млн. 
мың га, оның 4 мың га-ға жуығы егістік, 50 мың 
га-сы  шабындық,  1,8  млн.  мың  га-сы  жайылым-
Құрлық
сырдария,  Шыршық  өзендері,  Балқаш–Алакөл 
алабында жиегіне қамыс өскен өзен, көлдерде ұя-
лайды. Қарабас Қ. сырдария, Шу, талас өзендерінің 
тоғайлы, тораңғылы алқабында өте көп. Іле, талас 
Алатауларында  1500–1700  м  биіктікке  дейін  ме-
кендейді. түрлі жәндіктерді жеп орман мен баққа 
пайда келтіреді.
ҚҰРЛЫҚ ТАСБАҚАЛАРЫ, д а л а  т а с б а қ а- 
с  ы,  Қазақстан  шөлдеріндегі  тасбақалар  отряды- 
ның  жалғыз  өкілі.  Ортаазиялық  тасбақа  деп  те  
атайды. Аналығының ұз. 20 см, салм. 2,5 кг, ата-
лықтары  кішілеу.  сүйекті  сауыты  қауіп  төнген 
кезде басы мен аяқтарын жинап жасырынуға ың-
ғайлы. Ол Қ. т-н жыртқыштардан жақсы қорғай- 
ды. Бірақ кейбір қырандар тасбақаны биіктен тас- 
қа лақтырып, сауытын жаруға машықтанған. са- 
уыты қатпаған кезде, жас Қ. т-н қарғалар да шо- 
қып тастайды. Жағындағы мүйізді қаптары өсім-
діктермен  қоректенуге  мүмкіндік  береді.  Қ.  т. 
не бары 3–4 ай, наурыздың соңынан маусымның 
соңына  дейін,  көбіне  күндіз  белсенді,  қал-
ған  уақыттарында  құмға  2  м  тереңдікке  дейін 
көміледі  де,  ұйқыға  кетеді.  сәуірде  шағылысады. 
Аналығы  сәуір–мамыр  айлары  аралығында  екі 
рет  1–4  жұмыртқасын  жердегі  шұңқырларға  са- 
лады.  Олар  көбіне  құстар  мен  жыртқыштар-
дың  қорегіне  айналады,  сондықтан  шөлде  тасбақа 
жұмыртқасының  қабығын  көптеп  кездестіру-
ге  болады.  Жұмыртқаны  жарып  шыққан  жас 
тасбақалар өз бетінше тіршілік етеді. 
ҚҰРМА ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қарағанды обл. 
Абай ауд. Құрма а. маңында орналасқан. Кен орны 
девон  кезеңінің  жанартаутекті-шөгінді  және  фа-
мен-турней  жасындағы  жарықшақты  әктастарда 
және  жарықшақты-карсты  шөгінділерінде шоғыр-
ланған. түпкі жыныстар үсті қалыңд. 2–8 м болатын 
төрттік  кезеңнің  саздақ,  саз,  қиыршықтасты-
қиыршықты  түзілімдерден  тұратын  борпылдақ 
шөгінділермен  жабылған.  Жарықшақты тау жы-
ныстары  60–70  м  тереңдікке  дейін  тараған.  Жер 
асты  суы  арынсыз,  оның  жер  астындағы  деңгейі 
1,2–16,2 м тереңдікте. Ұңғымалардың дебиті 1-ден 
5 л/с-қа дейін өзгереді. суы тұщы, минералд. 0,3–1,5 
г/л, құрамы гидрокарбонатты-сульфатты натрийлі. 
сутіректің  жиынтық  шығымы  23  л/с.  Кен  орны 
1972 жылдан пайдаланылуда.
Астрахан қорығының қазақстандық бөлігіндегі лотос
алқабы
Құрлық тасбақасы

431
Құсбек
дық  жер  (2008).  Аудан  арқылы  Атырау–Астрахан 
автомоб. және т. ж. өтеді.
ҚҰРМАНҚҰМ  АРТЕЗИАН  АЛАБЫ,  Бетпақ- 
дала  шөлінің  батысында,  сарысу  өз.  алабында 
жатыр.  Алап  Қарағанды  обл-ның  Ұлытау,  Оңт. 
Қазақстан обл-ның созақ және Жамбыл обл-ның 
сарысу аудандары жерін қамтыған. Аум. 13,5 мың 
км
2
.  Алапта  Қарақойын  көлі,  құмы,  Жетіқоңыр 
және  Мойынқұм  құмды  алқаптары  жатыр.  су 
қабаты  бор  кезеңінің  альб-сеноман  қабатында 
шоғырланған.  тау  жыныстары  түрлі  түйіршікті 
құмнан,  құмтастардан  тұрады.  Мульда  тәрізді 
синклинальды  құрылымы  кейде  кең  аумақты 
депрессия  құрайды.  Жер  асты  суының  қоры  205 
млрд. м
3
, сондай-ақ минералдылығы әр түрлі суы-
ның қоры 190 млрд. м
3
. Ашқылтым суының (жал-
пы қордың 15%-ы) минералд. 3–5 г/л. Жалпы, Қ. а. 
а-ның  суы  тұщы,  сәл  кермек  татиды.  Минералд.  
3 г/л-ге дейін.
ҚҰРОЙЫЛ – Ойыл алабындағы өзен. Атырау обл. 
Қызылқоға  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  130  км,  жал-
пы ұз. 18 км болатын 3 саласы бар. Ірісі – тіксай. 
Қоныстану  а-нан  төменде  (сырым  қыстауы  ма-
ңында) Ойыл өз-нен бөлініп шығып, тоғыс көліне 
құяды.  Арнасында  жыл  бойы  дерлік  су  болады. 
Қ-дың сол жағалауынан (Ақши қыстауы маңында) 
Шеткөл тармағы бөлініп шығып, Қарабау а-на жет-
пей  сорға  сіңіп  кетеді.  Орта  және  төм.  ағысында 
көптеген сорлар, шағын көлдер жатыр. өзен арна-
сы төбелі құмдар, жазық сортаң жерлермен өтеді. 
Осыған  байланысты  суы  біршама  ашқылтым  ке-
леді. өзен бойында бірнеше елді мекендер орналас-
қан.  Алабы  мал  жайылымына  және  шабындыққа 
пайдаланылады.
ҚҰРСАЙ, Қ ұ р у с а й,  т а ш а н а қ – сырдария 
алабындағы  өзен.  Оңт.  Қазақстан  обл.  түркістан 
қалалық әкімдігі аумағында. Ұз. 67 км, су жинала-
тын алабы 325 км
2
. Бастауын Қаратау жотасының 
оңт. беткейінен алып, сырдария өз-не 6–8 км жет-
пей ежелгі Отырар  қ.  тұсында  тартылып  қалады. 
Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты сула-
рымен толығады. суына бау-бақша суғарылады.
ҚҰРТАШЫ, Ш ө л т а у – солт. Үстірттің Қайдақ 
сорына қараған бөлігіндегі қырат. Маңғыстау обл. 
Бейнеу ауд. сайөтес т. ж. ст-ның батысында орна-
ласқан.  Үстірттің  биік  жерлерінің  бірі  саналады. 
Оңт-нен  өтес  сайы,  солт-нен  өрмелі  жолы  өтеді. 
Баурайында  бірнеше  жылымшы  бұлақтары  бар. 
негізгі су көзі Қ. атымен аталатын құдық. суы мол 
жылдары ернеуінен асып ағып жатады. Құдық жа-
нынан кемер шыңды бойлап өтетін байырғы көш 
жолы бар. 
ҚҰРТҚАШАШ  (Іrіs)  –  құртқашаштар  тұқым-
дасына  жататын  өсімдік.  Қоңыржай,  субтропик-
тік аймақтар мен солт. жарты шарда 250-ден аса 
түрі белгілі. Қазақстанда құмды, шөлді және шө-
лейтті  жерлерде,  құрғақ  далада,  тау  бөктерінде, 
ормандарда  өсетін  8  түрі  бар.  Биікт.  20–200  см. 
Жапырағы  сүйір,  гүлдері  қос  жынысты,  ірі  бо-
лады.  Гүлсерігі  ұзын  түтікшелі  және  иіліңкі  6 
бөлікті (оның 3-еуі ірі, сыртын жұмсақ түк басқан). 
Аталығы  3,  сыртқы  бөлігінің  түбінде  тұратын 
ұзынша  тозаңқаптары  таспа  пішінді.  Жатыны  –  
2  ұялы.  Бал  арасымен  тозаңданады.  сәуірден 
шілдеге дейін гүлдеп, жеміс береді. Жемісі – көп 
тұқымды  қауашақ.  тұқымы  жел  арқылы  тара-
лады.  сары  Қ.  (І.  flavіssіma)  –  дәрілік  өсімдік, 
жоңғар  Қ-ының  (І.  songarіca)  жапырағынан  щет-
ка жасау үшін ірі талшық алынады.Альберт Қ-ы 
және Людвиг Қ-ы (І.Ludwіgіі) өте сирек кездесе-
тін  эндемиктер  болғандықтан  қорғауға  алынып, 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 
ҚҰРТТЫӨЗЕК  –  Ащысу  алабындағы  өзен.  Пав- 
лодар обл. Баянауыл ауд-нда. Ұз. 59 км. Бастауын 
ауданның батысындағы Қосқамбай тауының етегін-
дегі бұлақтардан алып, Ащысу өз-не сол жағынан 
құяды.  су  жиналатын  алабы  870  км
2
,  орташа  те-
реңд. 0,7 м. Бастауындағы алабының жер бедерінде 
30–60 м-лік төбелер мен шоқылар кездеседі. Жазық 
жерлеріндегі өзен аңғарының топырағы негізінен 
карбонатты  қызғылт  қоңыр,  төм.  ағысында  сор-
таңды қоңыр топырақ қалыптасқан. өзен алабын-
да түгелімен дерлік құрғақ даланың шөптесіндері 
(бетеге,  боз,  селеу,  т.б.)  қалыптасқан.  Аңғарының 
жоғ. ағысындағы ені 0,4 км, төменде 3–4 км. суы 
кермек татиды, мал суаруға жарамайды.
ҚҰРТҰРМАС,  Қ  ұ  р  ы  т  ұ  р  м  а  с  –  Маңғыстау 
тауларының  орта  бөлігіндегі  қоныс.  Маңғыстау 
обл.  Маңғыстау  ауд.  Шайыр  а-ның  солт.-шығы-
сында  18  км  жерде,  тауаралық  аңғарда  орналас-
қан.  Батыстан  шығысқа  қарай  ендік  бағытта  13 
км-ге  созылған,  енді  жері  7  км.  Қоныс  бойында 
Молалы, т.б. қыстауы бар. солт-нде Бесшоқы, оңт-
нде Жайрақты, батысында Жалған, шығысында Күш  
таулары орналасқан.
ҚҰРЫҚ МИНЕРАЛДЫ СУЫ – Маңғыстау обл. 
Қарақия  ауд-ндағы  Құрық  а-нда  орналасқан  су 
көзі. 1961 ж. ұңғыма бұрғылау кезінде табылған. 
темп-расы  69,7°с,  тәулігіне  1235  м
3
  су  шығатын 
бұл шипалы су қоры 966–1031 м тереңдіктегі құм 
қабатында  жиналған.  Құрамы  сульфатты-хлор-
лы-натрийлі, аздап сілтілі, минералд. 8,1–8,8 г/л. 
Азоты басым болып келетін газ құрамында литрі-
не  11  мг-ға  дейін  күкіртті  сутегі,  микроэлемент-
терден марганец, темір, т.б. бар. су қоры негізінде 
1972 жылдан «Қарақия» санаторийі жұмыс істей-
ді. Шипалы суды ішуге, шомылу үшін де пайда-
ланады.
ҚҰСБЕК  Есіл алабындағы көл. солт. Қазақстан 
обл.  Айыртау  ауд.  Құсбек  а-ның  солт-нде,  теңіз 
деңгейінен  354  м  биіктікте  орналасқан.  Аум.  7,8 
км
2
, ұз. 3,3 км, енді жері 3 км, жағалау бойының 
ұз.  10,2  м.  Көл  шұңқыры  дөңгелек  пішінді,  түбі 
сазды,  жағалауы  жайпақ.  су  жиналатын  алабы 
Құрттыөзек өзені

432
аумағының  15%-ы  жыртылған,  қалған  бөлігінде 
бетеге, боз, т.б. табиғи шөптесіндер өседі.
ҚҰСЖЕТПЕС  –  Арал  т-нің  шығыс  бөлігіндегі 
арал. Жыңғылдытөбе және Қосарал аралығында. 
теңіз суы тартылғанға дейін ол теңіз жағасынан 
батысқа  қарай  19  км  жерде,  ауд.  3  км
2
,  ұз.  7  км, 
ені 0,8 км, теңіз деңгейінен 3–6 м көтеріңкі  бол-
ған.  Құмайтты  топырағында  бұта,  түйетайлы 
жағалауында  шалғынды  сораң  өседі.  Қазір  арал 
құрлықпен бірігіп кеткен.
ҚҰСМҰРЫН  –  тобыл  алабындағы  көл.  Қостанай 
обл-ның  Қарасу,  әулиекөл  аудандарында,  теңіз 
деңгейінен  102,9  м  биіктікте  жатыр.  Құсмұрын 
кентінің солт-нде 9 км жерде. Ауд. 400–465 км
2
, су 
жиналатын алабы 10,5 мың км
2
. Көл қазаншұңқыры 
оңт.-батыстан солт.-шығысқа  қарай  60  км-ге  созы-
лып  жатыр,  енді  жері  15  км-ге  жетеді,  жағалау 
бойының ұз. 225 км. Ең терең жері 3,5 м. Көл түбі 
тегіс, оны құмтас, лай шөгінділері жапқан. Көлге 
Қайып, Үшқарасу, Ащықарасу, т.б. өзендер құяды. 
Орта  тұсының  жағалаулары  жарқабақты  (5–7  м) 
келген. Көлді Обаған өз. жарып ағады. Қ-ның оңт.-
батысында Аманқарағай шоқ орманы орналасқан. 
суы жасыл сарғыш түсті, минералд. 1–25 г/л. Алабы 
негізінен жыртылған. Көлде құстар ұя салады. 
ҚҰСМҰРЫН  ЖЕР  АСТЫ  СУ  КЕНІ,  Қостанай 
обл.  әулиекөл  ауд.  Құсмұрын  кентінің  оңт.-ба-
тысында  Обаған  және  Ащыбай  өзендерінің  құйы-
лысында  орналасқан.  Кен  орны  жоғ.  бар  шөгін-
ділерінің  сулы  қабатында  шоғырланған.  Қабат 
табанындағы  ежелгі  мору  (үгілу)  қабатында  саз 
жатыр. Оның үстін миоценнің опока жынысы жап-
қан.  су  сыйыстырғыш  тау  жыныстары  қалыңд. 
10–40  м  болатын  әр  түрлі  құмдардан  тұрады. 
суы  арынды,  сулы  қабаттың  тереңд.  20–50  м.  
Арын  су  Обаған  өз.  аңғарында  10–15  м,  қалған 
жерлерде 25–35 м. Ұңғымалар дебиті 1-ден 15,6 л/с. 
Жер асты суы тұщы және сәл ашқылтым, минералд. 
0,3–3 г/л. тұщы суы гидрокарбонатты және гидро-
карбонатты-сульфатты  натрийлі  және  кальцийлі-
натрийлі. сәл ашқылтым суы хлоридті-сульфатты 
және  сульфатты-хлоридті-натрийлі.  Құрамында 
аммиак пен нитрит жоғары, ал фтордың мөлшері 
төмен. сутіректің есептік сұлбасы тереңд. 75 м 8 
ұңғымадан тұрады. әр ұңғыма дебиті 4,3–15,7 л/с. 
Кен орны 1965 жылдан пайдаланылуда.
ҚҰС  ТҰМСЫҚТЫ  АСТРАГАЛ  (Astragalus  or- 
nithorrhinchus)  –  бұршақ  тұқымдасына  жататын 
көп жылдық өсімдік. сыртын ұзын әрі қалың түк 
басқан. Қазақстанда Жетісу Алатауында, Алакөл 
көлінің батыс жағалауында кездеседі. Биікт. 2–14 
см. Екі жағын ақ сұр түк басқан эллипс тәрізді 6–8 
жұп жапырақтары сабағында кезектесіп орналас-
қан. Гүлшоғыры қысқа 3–10 гүл шоғынан тұрады. 
тостағаншасы қалың түкті, тісшелері жіп тәрізді. 
Күлтесінің  ұз.  25  мм,  сары  түсті.  Бұршаққабы 
орнықты,  ұз.  5  см-дей,  тұмсығы  үшкір  цилиндр 
біз тәрізді. сыртын түк жапқан, піскен кезде аздап 
иіліп тұрады. тұқымынан көбейеді. Мамыр–мау-
сым  айларында  гүлдеп,  маусым–шілдеде  жеміс 
салады.  таудың  тасты  баурайларында,  тау  ете-
гінде дала өсімдігінің арасында өседі. сирек кез-
десетін эндемик, саны азайып бара жатқандықтан 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚҰТАН  (Ardeіdae)  –  дегелектәрізділер  отряды- 
ның бір тұқымдасы. Ежелгі түрлері – олигоцен дә-
уірінен, ал осы күнгілері – орта миоценнен белгілі. 
дүние жүзінде (Антарктидадан басқа) барлық құр-
лықта таралған 32 туысы, 66 түрі бар. Қазақстанда 
7 туысқа бірігетін 9 түрі кездеседі. Қ-дардың тұм-
сығы ұзын, ұшы сүйірленіп келеді. тұмсығының 
жиектерінде ұсақ «тісшелері» болады, сол арқылы 
су  түбіндегі  ұсақ  омыртқасыздарды  сүзіп  алып 
қоректенеді. Құйымшақ бездері (қауырсындарын 
судан қорғайды), ұсақ мамықтары және кеуде мен 
арқа тұсында өте майда мамықты қауырсындары 
болады.  топталып  тіршілік  етеді.  Қазақстанда 
Каспий  т-нің  солт.  жағалауында,  Еділ  мен  Жа- 
йық  өзендерінің  бойында,  Маңғыстау  өңірінің 
сулы-батпақты жерлерінде кіші ақ құтан (Egretta 
garzetta) мен сары Қ. (А. ralloіdes) кеңінен тарал-
ған. Бұлардың қанаттарының ұз. 23–30 см, салм. 
345–500 г-дай. Кіші аққұтанның түсі ақ, ал сары 
Қ-ның басы мен мойны сары, бауыры ақ түсті, ба-
сында ұзын қауырсындардан тұратын айдаршасы 
болады. Қ. – жыл құсы. наурыздың аяғында ұшып 
келіп, ұяларына 4–6 жұмыртқа салып, оны мекиені 
мен қоразы кезектесіп 20–22 күндей басады. Ұсақ 
балық  шабақтарымен,  ұлулармен,  су  жәндіктері 
және ұсақ кемірушілермен қоректенеді. соңғы мә-
лімет бойынша кіші аққұтанның саны 500, ал сары 
Қ. мыңға жуық. Қазақстанның «Қызыл кітабына» 
енгізілген.  Ал  Корей  мен  Қытайда  ғана  кездесе-
тін, тіршілігі әлі толық зерттелмеген сарытұмсық  
Қ.  –  Халықар.  табиғат  қорғау  одағының  «Қызыл 
кітабына» енгізілген.
ҚҰТАНСОР – сарысу алабындағы сор. Қарағанды 
обл.  Ұлытау  ауд.  жерінде,  сарысу  өз.  мен  Жеті- 
қоңыр құмды алқабының аралығында Мибұлақ а-
нан солт-ке қарай 12 км жерде жатыр. Аум. 75 км
2

дөңгелек пішінді Қ-дың ұзындығы мен ені шама-
мен 8 км-дей. Көктем айларында аумағы ұлғайып 
85  км
2
-ге  дейін  жетеді  және  осы  кезде  аумақта 
шалшықты  көл  пайда  болады.  Жылдың  басқа 
мезгілінде сор басып жатады. сор, сортаңды сұр 
Құсжетпес
Кіші ақ құтан

433
топырақ жамылғысында бұта шоғырлары аралас 
галофитті-астық  тұқымдас  шалғындармен  бірге 
сораңды-сарсазанды, көкпекті өсімдік қауымдас- 
тығы қалыптасқан.
ҚҰТТЫҢ ҚЫЗЫ, Қ ұ т ұ ң ғ ы з – Жыланды өз-нің 
оң  саласы.  Ақмола  обл.  сандықтау  ауд.  жерімен 
ағады.  Ұз.  52  км,  су  жиналатын  алабы  702  км
2

Бастауын Каховка а-нан солт-ке қарай 8 км жер-
дегі  бұлақтардан  алып,  новоселовка  а.  тұсында 
Жыланды  өз-не  оң  жағынан  құяды.  өзеннің  ша-
ғын 34 саласы бар. Ең бастысы – Балапан (19 км). 
суайрығының  жер  бедері  жонды  белесті  келген 
шөгінді  денудац.  қыратты  жазық.  топырағы  кә-
дімгі карбонатты қара топырақты құрайды. Онда 
әр түрлі шөптесіндер аралас қызғылт қаулы өсім-
діктер өседі. негізінен қар және жер асты сулары-
мен толығады. суы қараша айында қатып, сәуірде 
ериді (140–160 күн мұз құрсауында болады).
ҚҰТЫРҒАН  –  Күнгей  Алатау  жотасының  орта 
бөлігіндегі асу. Алматы обл. райымбек ауд. және 
Қырғызстанмен шекаралас жерде орналасқан. Ең 
биік жері шамамен 3800 м. Мамыр–қазан айлар-
ында салт атты адам өте алады. Қ. асуының биік 
белдеуіндегі мореналық көлден өзімен аттас өзен 
бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары 
мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар 
аңғар,  құлама  беткейлі  шатқалдарға  ұласады. 
солт-нің биік беткейінде шырша, қарағай өскен.
ҚЫЗБЕЛТАУ, Қ ы з ы л б е л т а у – торғай қо-
латы  мен  торғай  үстірті  аралығындағы  дөңес 
таулар  тізбегі.  Қостанай  обл.  наурызым  және 
Жангелдин  аудандары  жерінде,  бойлық  бағытта 
60  км-ге  созылып  жатыр,  енді  жері  15  км-ге  же-
теді. Абс. биікт. 232 м, салыстырмалы биікт. 60–
80  м.  Қ.  жоғ.  олигоценмен  миоцен  дәуірлерінің 
сазды,  қарбонатты  жыныстарынан  түзілген;  дөң 
бетін  палеогеннің  теңіздік  шөгінділері  жапқан. 
Беткейлері  жыра-сайлармен  қатты  тілімденген. 
Онда  бұлақтар,  қайнар  көздер  көптеп  кездеседі. 
Шығыс  және  оңт.  етектері  құлама  жарқабақта-
нып,  торғай  қақпасына  тіреледі.  тау  беткейле-
рінде бетеге, жусан, селеу өседі. Мал жайылымы-
на қолайлы. солт-нде жазық келген Қарт қонысы, 
оңт-нде сарықопа көлдері жатыр.
ҚЫЗҒАЛДАҚ  (Tulіpa)  –  лалагүлділер  тұқым- 
дасына  жататын  көп  жылдық  шөптесін  пияз- 
шықты  өсімдіктер.  Қазақстанның  далалық  ай-
мақтарында  жиі  кездеседі,  32  түрі  бар,  оның  11 
түрі  –  Қазақстанның  эндемигі  болып  саналады. 
Бұлардың биікт. 3–50 см. сабағы жұмыр, тік өседі. 
тамырымен  жалғасқан  буынында  пиязшығы  бо-
лады.  Гүл  қоршауы  ақ,  қызыл  не  сары.  Жемісі  – 
қауашақ. Қ-тың пиязшығын күзде гүлі түскеннен 
кейін  жинап  алып,  оны  құрғақ,  салқын  жерде 
сақтап,  көктемде  егеді.  Қ.  әсемдік  және  гүлінен 
хош иісті заталу үшін өсіріледі. Қ-тың өте сирек 
кездесетін  13  түрі  (Альберт  Қ-ы,  Борщов  Қ-ы, 
Грейг  Қ-ы,  Кауфман  Қ-ы,  Шренк  Қ-ы,  т.б.)  қор-
ғауға  алынып,  Қазақстанның  «Қызыл  кітабына» 
енгізілген.
ҚЫЗҒЫЛТ  БІРҚАЗАН  (Pelecanus  onocrotalus)  –  
бірқазандар  отрядына  жататын  ірі  ақшыл  құс. 
Қызғылт  өңезі  мен  кеудесінде  сары  дағы  бар, 
салм. 13 кг-ға дейін жетеді. Қазақстанда Каспий 
т-нде,  Жайық,  Жем  өзендерінде  ұя  салады.  Бал- 
қаш–Алакөл  қазаншұңқырында,  торғай  жазығын- 
да,  наурызым  қорығында  кездеседі.  Үлкен  қы-
зыл  тұмсығының  ұз.  45  см,  ортасында  көкшіл 
сұр жолағы бар, төм. жағы өте қатты созылатын 
тері  қапшықтан  тұрады.  төбесінде  үшкір  әрі 
қысқа  қауырсындар  шоғыры,  сары  түсті  алқым 
қапшығының  қызыл  өзегі  болады.  Қызғылт  аяқ- 
тарындағы саусақ жарғақтары сары түсті.  Қанатын 
созғанда  ұз.  3  м-ге  дейін  жетеді.  Аналығы  ата- 
члығынан  әлде  қайда  кіші.  Бұйра  бірқазандардан 
дене  тұрқының  кішілігі  және  қауырсындарының 
түсі арқылы ажыратуға болады. Қ. б. – жыл құсы, 
көктемде  бұйра  бірқазандардан  10  күндей  кейін 
ұшып келеді. Ұясын қамыс арасында, кейде кіші-
леу  аралдың  ашық  жеріне  салады.  Ұясының  пі-
шіні мен сыртқы түрі әр түрлі, шамамен аум. 1,5 м  
және биікт. 1–1,5 м болады. 2–6, көбіне 2–4 ақ жұ-
мыртқаларын екеуі кезектесіп 33–39 күндей баса-
ды.  Балапандарын  ұзақ  уақыт  алқым  қапшығына 
салынған  жартылай  қорытылған,  кейін  бүтін 
балықпен қоректендіреді. Балапандары екі жарым 
айдан кейін ұшады. содан кейін топқа қосылып, 
қорек іздеп басқа суқоймаларына қоныс аударады. 
Қызғылт
Құттың қызы өзенінің жарлауытты жағалауы
Шренк қызғалдағы

434
Қазақстанда наурыз айынан қарашаға дейін бола-
ды.  санының  азаюына  байланысты  қорғауға  алы-
нып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет