Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


«Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары» түсінігінің мағынасын ашыңыз



бет79/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

«Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары» түсінігінің мағынасын ашыңыз.

Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары деп баланың мәселелерін шешуде кешенді бағытты қамтитын, балалар мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған, білім беру процесінің субъектісіне (бала, топ, сынып) жетекшілік жасауға бағытгалған түрлі мамандар мен педагогтардың біріккен іс-әрекеті саналады. Сонымен мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпыға білім беру процесінде педагогикалық қолдау көрсе удегі мамандардың өзара байланыстары психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жүйелі әсер деп қарастырады. Жүйелі әсер түрлі мамандардың (педагогтар, дефектологтар, психологтар, логопедтер) бірігіп жұмыс жасауы арқылы іске асырылады.
Мұндай өзара байланыс түрлі міндеттерді реттеу мен нәтижелі шешуге мүмкіндік береді:

  • мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өткізу және оларды білім беру процесіне қосу жағдайын анықтауға, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын және инклюзивті сыныпқа (топқа) оқу-әдістемелік кешенін таңдауға;

  • оқу құралдары мен дидактикалық материалдарын оқушыларға бейімдеуге;

  • жалпыға білім беру мекемесі мамандарының кәсіби құзыреттілігін жоғарылатуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыруға;

  • біріккен іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыруға (пәнаралық консилиумдар, оқыту және тәжірибелік семинарлар, әдістемелік бірлестіктер және т.б.);

  • жалпыға білім беру мекемелеріндегі инклюзивті тәжірибені бағалауға және мониторинг жүргізуге;

  • барлық, нақты шешімдерді қажет ететін сұрақтар бойынша білім беру процесінің жалпы сапасын жоғарылату үшін (оның барлық қатысушылары үшін: әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналар);

  • үнемі бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасауға;

  • бір-біріне көмек беруге, көмек алуға, кеңес беруге, сыни ескертулер жасауға және тыңдауға;

  • ортақ іске қосатын жеке еңбегі үшін бір-біріне сыйластықпен қарауға;

  • жалпы мақсатқа жету үшін біріккен кәсіби топ ретінде нәтижелі жұмыс жасауға;

  • педагогтар мен мамандар өздерінің, сонымен қатар жаңа педагогтың да кәсіби құзыреттілігін жақсарту үшін олармен үгіттеу жұмысын жүргізуге.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет