Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Білім беру нәтижелерін бағалау инструменттеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз



бет91/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107
Білім беру нәтижелерін бағалау инструменттеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.

Бағалау жүйесі — оқудағы негізгі мәселелерді анықтаудың және кері байланысты жүзеге асырудың негізгі құралы болып, сонымен қатар тұтас алғанда білім беру процесінің негізіне салынған қағидаттарды анағұрлым анық бейнелейді.
Білім берудің жаңа стандарттары әзірлеу ісі білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесімен де байланысты ғылыми және әдіснамалық мәселелерді анықтады.
Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы тиіс. Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білімділік жетістіктерінің сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы негізіндегі қадағалау және бағалау өзекті болып отыр. Критериалды-бағдарлы көзқарастың қолданылуы білімділік жетістіктерін бағалаудың объективтілік және сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда бағалау жүйесі осындай балалардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бағалау жүйесі білім беру процесінің сапасын нықтауға, оқудағы стратегия және тактика бойынша түбегейлі шешімдері қабылдауға, білім беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларын да жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиындықтарын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда алған нәтижелердің және ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жоспарланған мақсаттардың ара-қатынасы мәнді болады.



  1. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу нәтижелерін анықтауға қойылатын талаптарды талдаңыз.

Критериалды бағалау жүйесі мектеп бітіруші түлектің тұлғасына қойылатын қазіргі заманғы білім беру парадигмасының талаптары бойынша, балалардың әртүрлі мүмкіндіктерінің, соның ішінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады. Сондықтан, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мектептегі құзыретті білім беру шарттарында келесі қағидаттарды ескеру арқылы әзірлену қажет:

  • меңгеру деңгейін саралау;

  • критериалды бағалау;

  • бағалаудың объективтілігі;

  • бағалауды дараландыру;

  • бағалауды жариялау

Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын басты талаптардың бірі, олардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы оқу мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бағалау критерийлерін, жалпы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қабылданған принциптеріне сүйене отырып әзірлеу қажет және ол білу деңгейінен бастап, нәтижені бағалау деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды. Оқушы:

  • өтілген оқу материалын білетінін және түсінетінін көрсете алады;

  • алған білімін стандартты және өзгеше жағдайларда қолдануға қабілетті;

  • тиісті тәсілдерді қолдана отырып, қандай да бір тапсырмаларды зерделей алады, заңдылықтарын таба алады, олардың арасындағы байланысты анықтай алады;

  • шартты белгілер мен тиісті сәйкес терминологияларды қолдана отырып, ақпаратты түсінікті жеткізуге қабілетті;

  • оқу міндеттерін шешу мақсатында таңдалған тәсілдердің дұрыстығы мен тиімділігін зерделеп, ойын айта алады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет