Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет94/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107
Декларацияның басты қағидалары:

  • әр баланың білім алуға құқығы бар және мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиіс;

  • әр баланың өзіне тән ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері мен оқу қажеттіліктері бар;

  • білім беру жүйелерін жобалау және білім беру бағдарламаларын осы сипаттамалар мен қажеттіліктердің алуан түрлілігін ескеретін етіп құрастыру қажет;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ең алдымен балаларға бағытталған осы қажеттіліктерді өтейтін педагогикалық әдістер негізінде жағдай жасайтын жалпы білім беретін мектептерде білім алуының қолжетімді болуы;




  1. Адам құқықтарының Декларациясы (1948 ж.) жөнінде ашып баяндаңыз

Адам құқықтары жөніндегі Жалпы декларация 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданды. Ол құжатта азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтардың кең ауқымы бекітілген. Декларацияда адам құқығының табиғи сипаты көрсетілген, 1-ші бапта былай делінеді: «барлық адамдар өз абыройында және өз құқықтарында еркін және тең болып туылады». Адам құқықтарының Жалпы декларациясы тек ұсыныстық сипатқа ие болып табылады. Халықаралық құқықтың бір қайнар-көзі әдет-ғұрып болып танылады, яғни мемлекеттердің тәжірибесі кейін міндетті бола бастаған және құқықтық норма түрінде рәсімделе бастаған. Сонымен, Декларацияның ережелері қөптеген заманауи мемлекеттер үшін міндетті бола бастады, мемлекеттердің ішкі заңдарында көрініс таба бастады. Көптеген Конституцияларда Декларацияға сілтемелер бар, оның ережелері негізгі заң актілеріне енгізілді. Көп мемлекеттердің соттары Декларацияны танып, пайдаланады.



  1. Білім саласында дискриминациямен күрес туралы Конвенциясының (1960 ж.) маңызын түсіндіріңіз

1960 жылы ЮНЕСКО өзінің білім саласындағы дискриминацияға қарсы күрес туралы Конвенциясын қабылдады. Бұл конвенцияға сәйкес, «дискриминация» түсінігі, білім саласында теңдікті бұзу немесе жою мақсатымен жүргізілетін, кез-келген айырмашылық, шеттету, шектеу немесе өзгерістерді қалау іс-әрекетін қамтиды, мысалы:
а) нақты тұлға немесе топ үшін білім алу кезеңі мен мекеме түрін жабу;
б) нақты тұлғаны немесе бір топ тұлғаларды адам құқықтарымен сай келетін жағдайларға қою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет