Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Ұйымдастыру-мазмұндық жəне бағалау компонеттерін(мониторинг) сызба арқылы бейнелеңіз



бет93/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107
Ұйымдастыру-мазмұндық жəне бағалау компонеттерін(мониторинг) сызба арқылы бейнелеңіз.





  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формаларының қайсысы аса тиімдірек деп санайсыз. Жауабыңызды дәлелдер келтіріп нақтылаңыз

Еліміздегі МШБ-ға білім беруді жүзеге асырудың басқа да бағыттарын
қарастыратын болсақ

  • арнайы мектепте бала тәрбиеcінде отбасыларға қолдау көрсету, олардың өздігінен өмір сүру дағдыларының дамуы, оларды әлеуметтік қорғауды қамту және балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты ашуға бағытталған білім беру мекемелері.

  • жалпы білім беретін мекемелердегі арнайы сыныптар мен түзету сыныптары – МШБ-ға өз уақытында көмек беруді, қажетті оқыту мен білім беру түрлерін саралау. Оқытудың бұл формасының оң факторы МШ балалардың басқа сыныптардағы құрдастарымен қатар көптеген мектепте өтетін іс-шараларға қатысуға мүмкіндіктердің болуы, сонымен қоса балалардың үйіне жақын орналасқан мектепте оқып, отбасында тәрбиеленуі.

  • үйде оқыту мүгедек балаларды оқыту нұсқасы, онда білім беру мекемесінің оқытушылары балаға кестеге сәйкес тұрғылықты мекен-жай бойынша барып, онымен сабақ өткізеді. Үйде оқыту оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған жалпы немесе көмекші бағдарлама бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқу аяқталғаннан кейін балаға өзі оқыған бағдарламасы көрсетілген жалпы үлгідегі мектепті бітіргені туралы аттестат беріледі.

  • қашықтықтан оқыту қашықтықтан оқу ақпарат алмасу құралдарына негізделген мамандандырылған ақпараттық-білім беру ортасының көмегімен жүргізілетін білім беру қызметтерінің кешені болып табылады.




  1. Саламан Декларациясының инклюзивті білім беру саясатын жүзеге асырудағы маңызын ашып көрсетіңіз

1994 жылдың маусым айында 92 Үкіметтің және 25 халықаралық ұйымдардың қатысуымен Испания елінің Саламанка қаласында болған бүкіләлемдік конференция. Мұнда «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына негізделген мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді дамытуға бағытталған «Саламанка декларациясы» қабылданды. Испания Үкіметі ЮНЕСКО-мен бірлесіп ұйымдастырған Конференцияға білім берудің жоғары деңгейлі қызметкерлері, әкімшілері, менеджерлері мен мамандары, сонымен қатар БҰҰ мен мамандандырылған мекемелердің, басқа халықаралық үкіметтік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен донорлық агенттіктердің өкілдері жиналды. Конференцияда арнайы қажеттіліктері бар жақтарға арналған білім берудің қағидалары, саясаты мен практикасы туралы Саламанка декларациясы және соның аясында іс-қимыл шеңбері анықталып қабылданды. Бұл құжаттар «Барлығына арналған мектептер» барлығын біріктіретін, айырмашылықтарды ескеретін, оқуды жеңілдететін және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын институттарды құру бағытында әрекет ету қажеттілігін мойындай отырып, енгізу принципіне негізделген. Бұл мектептер «Баршаға білім» бадарламасының мақсаттарына жетуге және мектептердің оқыту тиімділігін арттыруға маңызды үлес қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет