(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)
Артикуляциялық жаттығу. Аюдың тапсырмасы артикуляциялық жаттығу жасау.
1) Ян - ян - секеңдеген ақ қоян,
Ю - ю - ю - қорбаңдаған аю.
Кі - кі - кі – бұл айлакер түлкі,
Қыр - қыр - қыр - бұл көкжал қасқыр.
2) Ыр - ыр - ыр - ырылдайды қасқыр,
Р а- ра - ра - бал жинайды ара,
Мір - мір - мір - қап-қара көмір.
(қарым-қатынас іс-әрекеті)
«Дәл осындай пішінді тап». Мақсат-міндеттерІ.
Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атау, ажырату, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары.
Бала санына сәйкес құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны.
Алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)
Бала тілін жаттықтыру. Әртүрлі өлеңдер мен тақпақтарды айтқызу.
Ескен Елубаев "Күзде".
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп?
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп?
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Арба қауын алдық біз!
(қарым-қатынас іс-әрекеті)
Серуенге дайындық
Мақсат-міндеттері:
- киімді дұрыс бүктеп жинауды, орнына ілуді, аяқкиімді түзу қоюды әдетке айналдыру;
- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуге дағдыландыру;
- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, сырт киім, аяққиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауға тәрбиелеу;
- ауа райына сай киінуді, киімді, аяқкиімді таза ұстауға баулу;
- басқаларға көмек көрсетуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.