(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
Серуен
|
Түскі серуенді бақылауды жалғастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
|
Серуеннен оралу
|
Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
|
Кешкі ас
|
Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар)
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, қазақ тілі)
Музыкалық аспаптармен ойындар. Ертеңгілікке дайындық. Музыкалық-дидактикалық ойындар. (музыка)
Өнер бұрышында алтын күз тақырыбында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу. (шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті)
Логикалық, танымдық ойындар, басқатырғыш ойындар. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті)
Еркін ойындар.
"Не қандай болады?" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Заттарды түсі, пішіні, сапасы, материалы бойынша жіктеуді үйрету; салыстыру, анықтамаға сәйкес элементтерді таңдау.
Педагог:
- Жасыл түстің не екенін айтайық. Қияр, қолтырауын, жапырақ, алма, көйлек, ағаш ...
Кең - өзен, жол, таспа, көше ... тағы басқа. Ең көп сөзді атаған бала жеңімпаз болады, әр дұрыс айтылған сөз үшін бала таңбалауыш алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |