Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет37/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Дағдыландырыу. Тырна, қыр, тайа, ес жана басқа сондай етістік түбірлерін алыб, әлгі жұрнақтарды жалғатыу.
Ескертіу. «қ» («к») жұрнақ басқа мағанада да жалғанады, мыйсалы, аш ашық, тес тесік, ұш ұшық, кет кетік жана басқа сондай.
5) «қын» («ғын»), «ма» («ба», «бе», «ме»), «мал», «мақыл» («бақыл», «мекіл», «бекіл») жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғаныб, сол етістік көрсететүн істің түрін атайды: тас – тасқын, қыр қырғын, сал салма, тарт тартба, өр өрме, кес кесбе, тасы тасымал, айны айнымал, таста тастамақыл, ат атбақыл, шерт шертбекіл, ійір ійірмекіл.
Дағдыландырыу. Қаш, шал, сана, орама, бас, тер, сөз басқа сондай етістік түрлерін алыб, әлгі жұрнақтарды жалғатыу.
6) «ақ» («ек»), «н» жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғаныб, сол етістік көрсететүн істерден өнген затты атайды. Мыйсалы, қаш қашақ, кес кесек, шаб шабын, ек егін.
Дағдыландырыу. Құш, қойын, шат, бұл, ақ, жек, шық басқа сондай түбірлерін алыб жалғатыу.
7) «лық» («лік») жұрнақ етістік түріне жалғаныб, сол етістік көрсететүн істі істеуге тұрарлық күйін атайды: мыйсалы, барар барарлық, көрер көрерлік.
Дағдыландырыу. Келер шақ түрдегі етістіктерді алыб, «лық» («лік») жұрнағын жалғатыу.
8) «уыл» («уіл») жұрнақ етістік түбіріне жалғаныб, сол етістік көрсететүн істі істеушіні атайды. Мыйсалы, жаса жасауыл, жорт жортыуыл, бөге бөгеуіл.
Сол мағанада етістіктің келер шақ түріне «ман» («мен») жұрнақ жалғанады, мыйсалы, алар – аларман, берер – берермен.
Дағдыландырыу. Етістіктің түбірлерін, келер шақ түрлерін алыб, «уыл» («уіл») мен «ман» («мен») жұрнақтарды жалғатыу.


Үстеу.

Сын-есім, сан-есім, есімдік, етістік сөздерді толықтырыу, күшейтіу үшін айтылатұн сөздерді үстеу дейміз. Мыйсалы, «тым жақсы», «он есе», «таб өзі», «әрең келдім» жана басқа сондай.


«Қалай?» «тым жақсы», «қанша?»«он есе», «қайсысы?»«таб өзі» «қайттің?»«әрең келдім».
Қазақ тілінде түбкі үстеу сөздер тібті аз. Көбінесе үстеу мағанасында басқа есімдерден, есімдіктен, етістіктен шыққан сөздер жүреді. Әуелі түбкі үстеу сөздерден алыб қарайық:
Сан-есім һәм есімдікті күшейтіуші үстеулерді жай үстеу дейміз. Олар мынау: әбдан, тым, тібті, қас, сірә, есе, таб, нақ, нағыз, әрең, дәл, дөб, дәйім, әрі, бері, әдейі, бұрын, енді, мана, әні, міні, ең, ылғый, таман, сайын, әлі, жорта, жорыйа.
Дағдыландырыу. Осы үстеулерге жалғас айтарлық сан-есім, сын-есім, есімдік, етістік сөздер табқызыб айтқызыу.
Үстеу бес түрлі: 1) нықтаулық, 2) сынаулық, 3) өлшеулік, 4) мезгілдік, 5) мекендік.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет