Нықтаулық үстеу.
Басқа сөздердің мағанасын нығыздау үшін айтылатұн сөздерді нықтаулық үстеу дейміз; мыйсалы: ең жақсы, бек нашар, әбден қанды, тым шабан, өте тығыз, тібті қысқа, таб өзі, нақ сол, нағыз арзан, дәл тійді, дөб келді, дәлме-дәл он кісі, қас-жаман, қасақана айтты, әдейі айтбады, жүдә шаршады, тікелей қойа берді, әсіресе мақтағаны, көбінесе қараб отырғаны. Осындай ірі әрібтермен харіфтермен11 жазылған сөздер нықтаулық үстеу болады. Бұлардан басқа да сөздердің мағанасын күшейтетүн, нықтайтұн сөздер нықтаулық үстеу болады.
Дағдыландырыу. Осындағы нықтаулық үстеулердің қасындағы сөздердің орнына ылайық басқа сөздерді қойғызыб айтқызыу, жазғызыу.
2) Сынаулық үстеу.
Істің сынын көрсететүн сөздерді сынаулық үстеу дейміз. Сынаулық үстеу болатұн зат-есім, сын-есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу екен-еместігін – сұраудан айырамыз.
Сынаулық үстеу сұрауы: қалай? қалайша? Осы сұрауға жауаб болмаған сөз үстеу болмайды.
Жақсы оқыйды, жаман жазады, сыбай қонады, жайау жүреді дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деб, сұрағанға жауаб болыб тұр (оқыйды қалай? – жақсы; жазады қалай? – жаман; қонады қалай? – сыбай; жүреді қалай? – жайау). Бұлар үстеу орнына жүретүн сын-есімдері.
Шалқасынан түсті; етбетінен құлады; орысша айтты; адамша сөйледі –дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деб сұрағанға жауаб болыб тұр. (түсті қалай? шалқасынан; құлады қалай? етбетінен; сөйледі қалай? адамша). Бұлар үстеу орнына жүретүн зат-есімдер.
Екі-екіден бөлді, үш-үштен алды, төрт-төрттен қойды, он-оннан санады, жыйырмадан үлестірді дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деб сұрағанға жауаб болыб тұр. (бөлді қалай? екі-екіден, алды қалай? – үш-үштен, қойды қалай? төрт-төрттен, санады қалай? – жыйырмадан). Бұлар үстеу орнына жүретүн сан есімдер.
Олай айтбады, солай сөйледі, бұлайша етбелік, сеніңше болсын, біздерше ойламайды дегенде ірі жазылған сөздер қалай? қалайша? деб сұрағанға жауаб болыб тұр. (Айтбады қалай? – олай, сөйледі қалай? – солай. Етбелік қалайша? бұлайша. Болсын қалайша? сеніңше. Ойламайды қалайша? – біздерше) Бұлар үстеу орнына жүретүн есімдіктер.
Саулаб жанды, жантайыб жатты, еңкейіб қарады, еңіреб жылады дегенде, ірі жазылған сөздер қалай? деб сұрағанға жауаб болыб тұр. (Жанды қалай? – саулаб. Жатты қалай? – жантайыб. Қарады қалай? – еңкейіб. Жылады қалай? – еңіреб.) Бұлар үстеу орнына жүретүн етістіктің көсемше түрлері.
Көрсетілгеннен басқа сынаулық үстеу орнына жүретүн атауыш сөздер табқызыб жаздыртыу.
Достарыңызбен бөлісу: |