Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет40/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

Дағдыландырыу. Мұндағы көрсетілгеннен басқа мезгілдік үстеу орнына жүретүн атауыш сөздер табқызыб жаздыртыу.


5) Мекендік үстеу.

Істің мекенін көрсететүн сөздерді мекендік үстеу дейміз. Мекендік үстеу болатұн зат-есім, сын-есім, сан-емес, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың мекендік үстеу екен-емесін сұраудан айырамыз. Мекендік үстеу сұраулары: қайда? қайдан? Бұл сұрауларға жауаб болмаған сөздер мекендік үстеу болмайды.


Тыста жатыр; қалаға барды; жайлаудан қайтты дейміз. «Тыста», «қалаға», «жайлаудан» деген сөздер қайда? қайдан? деб сұрағанға жауаб болады. (жатыр қайда? – тыста; барды қайда? – қалаға; қайтты қайдан? –жайлаудан). Бұлар үстеу орнындағы зат-есім сөздер.
Онда бармады; мұнда келді дейміз. «Онда», «мұнда» деген сөздер қайда? қайдан? деб сұрағанға жауаб болады. (бармады қайда? онда; келді қайда? мұнда) Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер.
Дағдыландырыу. Мұндағы көрсетілгеннен басқа мекендік үстеу орнына жүретүн атауыш сөздер табқызыб жаздыртыу.


Демеу.

Сөздің йа сөйлемдердің арасын үйлестіріуге демеу болатұн сөздерді демеу дейміз. Қазақ тілінде түбір демеу сөздер тібті – жоқ қасында. Мыйсалы, сұрау демеу: ма ( ба, ме, бе) құрау-демеу: да; жай демеу: ғой, ақ, әше, бәсе, әлде, та, тағы, бәлкім. Көбінесе демеу орнына басқа сөздер жүреді. Басқа сөздер дегенде демеу орнына есімдік бен етістік екеуінің біте қайнаған сыйақты қосылған түрлері әсіресе көб жүреді.


Мыйсалы, үйткені (олай еткені дегеннен қысқарған), үйтбесе (олай етбесе), үйткенде (олай еткенде), үйтбесіне (олай етбесіне), үйткенше (олай еткенше), сүйтіб (солай етіб), сүйтседе (солай етседе), сүйткен сайын (солай еткен сайын), сүйткенде (солай еткенде), қайткенде (қалай еткенде), қайткендеде (қалай еткендеде), әйтбесе (алай етбесе), немесе (не емес болса), әйтсе де (алай етседе). Бұлардан басқа демеу орнында толық күйінде айтылатұн етістік һәм басқа сөздер де бар, мыйсалы, олай болса, олай болғанда, солай болған соң, болмаса, қайта, неғұрлым, соғұрлым, неге десең һәм басқа сондай сөздер. Демеу орнына «мен» («бен») жалғаулық та жүреді.
Басқа жұрнақ демеу сөздерінен қазаққа кіріб, сіңіскен сөздер: йа, йәкій, егер, о.
Дағдыландырыу. Төмендегі сөздердің арасындағы демеу сөздерді табқызыу.
Бара ма, бармай ма белгісіз; барамызғой; барған соң көремізғой; соның айтқаны-ақ болсыншы. Сен келмейді екенсін, әше мен барайын. Бәсе, солай болса керек; әлде сен оқымадың ба?
Мен бара алмасам, бәлкім өзің келерсін. Түріне қарағанда малы жоқтай ғой. Ол кешке келетүн шығар. Үйткені жылқыны да көре қайтбақшы. Жайлауға көшетүн болдық. Үйтбесе мал тұратұн емес. Қонақ келіб шыға алмадым. Әйтбесе мана келетүн едім. Сұу өткел бермес, үйткенде не қылмақбыз? Ағын бөгетті бұза беретүн. Үйтбесіне амал табыу керек. Кеш барсақ, кеш келеді екенбіз. Үйткенше ерте барыб ерте келейік. Түлкі талай жалтарыб айлалады, сүйтседе тазы қоймады. Ол мені көб алдағаны бар, сүйткені үшін сенбеймін. Қайткенде жақсы болар екен? Қайткенде де жақсы болмас, барар, әйтбесе сен бар. Жүре тұрсын. Немесе күте тұрсын. Әйтседе болады екен. Үйтбесіне қоймады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет