Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет39/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

3) Өлшеулік үстеу.

Сынның йа істің шамасын көрсететүн сөздерді өлшеулік үстеу дейміз. Өлшеулік үстеу болатұн зат-есім, сын-есім, сан-есім, есімдік, етістік сөздер.


Бұлардыңда үстеу екен-еместігін сұраудан айырамыз. Өлшеулік үстеу сұраулары: қанша? неше есе? Осы сұрауларға жауаб болмаған сөз өлшеулік үстеу болмайды.
Түске шейін ұйықтады; кешке дейін жатты; ауылға шейін құуды дейміз. «Түске шейін», «кешке дейін», «ауылға шейін» деген сөздер қанша? деб сұрағанға жауаб болады. (Ұйықтады қанша? – түске шейін, жатты қанша? – кешке дейін, құуды қанша? – ауылға шейін.) Бұлар үстеу орнындағы зат-есім сөздер.
Аз берді, көб алды дейміз. «Аз», «көб» деген сөздер қанша? деб сұрағанға жауаб болады. (Берді қанша? – аз. Алды қанша? – көб). Бұлар үстеу орнындағы сын-есім сөздер.
Екі есе артық; бес есе кем дейміз. «Екі есе», «бес есе» деген сөздер неше есе? деб сұрағанға жауаб болады (артық неше есе? – екі есе. Кем неше есе? – бес есе). Бұлар үстеу орнына айтылған сан есім сөздер.
Сонша әдемі, мұнша кешікті, онша шабшаң емес – дейміз. «Сонша», «мұнша», «онша» деген сөздер қанша? деб сұрағанға жауаб болады. (Қанша әдемі? – сонша әдемі. Кешікті қанша? – мұнша. Шабшаң емес қанша? – онша.) Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер.
Тойғанша жеді; қанғанша ішті; жеткенше шабты – дейміз. «Тойғанша», «қанғанша», «жеткенше» деген сөздер қанша? деб сұрағанға жауаб болады. (Жеді қанша? тойғанша, ішті қанша? қанғанша, шабты қанша? жеткенше.) Бұлар үстеу орнындағы етістік сөздер.
Дағдыландырыу. Мұндағы көрсетілгеннен басқа өлшеулік үстеу орнына жүретүн сөздер табқызыб, жаздыртыу.


4) Мезгілдік үстеу.

Істің мезгілін көрсететүн сөздерді мезгілдік үстеу дейміз. Мезгілдік үстеу болатұн зат-есім, есімдік, етістік сөздер, бұлардың үстеу екен-емесін сұраудан айырамыз. Мезгілдік үстеу сұраулары: қашан? қашаннан? Бұл сұрауларға жауаб болмаған сөздер мезгілдік үстеу болмайды.


Атам заманнан солай; күн сайын толады дейміз. «Атам заманнан», «күн сайын» деген сөздер қашаннан? деб сұрағанға жауаб болады. (қашаннан солай? атам заманнан; қашан толады? күн сайын). Бұлар үстеу орнындағы зат-есім сөздер.
Мұнан басқа тұуынды һәм түбкі үстеулер бар. Мыйсалы: бүгүн, кеше, ертең, быйыл, бүрсі күн, бұрнағы күн, бұрнағы жыл, алдыңғы күн, алдыңғы жыл, соңыра, қашаннан, ілезде (бұлар тұуынды үстеу), бұрын, мана, әлі, ылғый, дәйім, дереу (бұлар түбкі мезгілдік үстеулер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет