Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша емтихан тапсырмалары


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз



бет12/18
Дата08.05.2023
өлшемі54,64 Kb.
#91083
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
ТБН емт (1)

І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Тіл дыбыстарын жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерін атаңыз.
2) Алғашқы сөйлемдегі дауысты дыбыстарды тілдің, жақтың, еріннің қызметіне қарай топтастырып, түсінік беріңіз.
3) Алғашқы бес дауыссыз дыбыстың артикуляциялық қасиетіне сипаттама беріңіз.
4) Сингармонизм заңы бойынша ерін үндестігіне бағынып тұрған сөздерді транскрипциялаңыз.

Жиырма бірінші сөз (жалғасы)

Екінші, мақтаншақ деген біреуі: «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрнешік не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады.


Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол – надан, ләкин надан да болса адам.
Екіншісі, өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес.
Үшіншісі, өз үйіне келіп айтпаса, яки ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол – наданның наданы лякин өзі адам емес (39-бет).


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Сөйлеу мүшелерінің қайсысы актив, қайсысы пассив мүшелерге жататынын көрсетіп, себебін түсіндіріңіз.
2) Алғашқы сөйлем құрамындағы дауыссыздарды дауыс қатысына қарай (қатаң, ұяң, үнді) топтап жазып, түсінік беріңіз.
3) Алғашқы бес сөздің құрамындағы дауысты дыбыстарға акустика -артикуляциялық қасиеті жағынан талдау жасаңыз.
4) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тауып, теріп жазыңыз, түсінік беріңіз.

Жиырма екінші сөз (Абай)


Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлейін деп ойладым.


Байды қадірлеймін десең, бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп. Ақымақтығынан. Жоқ ,өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойрандасып, ойсыздарға қойнын ашып малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса, соған жеміт болып жүр.
Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр (40-бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет