І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Алғашқы бес дауыссыз дыбыстың акустика-артикуляциялық қасиетіне сипаттама беріңіз.
2) Алғашқы бес сөздің құрамындағы дауысты дыбыстарды жасалу орнына қарай (жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік) топтастырыңыз.
3) Осы бес сөздің құрамындағы әріп пен фонемалардың санын салыстырып, сәйкес келмеу себептерін түсіндіріңіз.
4) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалға бірнеше мысал келтіріңіз.
Жиырма жетінші сөз (Абай)
Адам өзі-өзіне сенбесе, адамды да хайуан секілді қылып жаратса, еш нәрсеге жарамас еді. Хайуанға сұлтан болуға ғана лайығы бар. Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даркарлік (мұқтаждық),бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік салахият (қабілеттілік) ол денеге лайықты келмейді. Қай өгіз шаһар жасап, құрал, неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар? Бірақ адам баласы болмаса, бұл ажайып ақылды және ғажайыппен һәм жасаған денеге кіргізіп, мұнша салахият иесі қылғаны хикметпенен өзге хайуанға сұлтан қылғандығына дәлел емес пе? Ол дәлел болса, адам баласын артық көріп, қамын әуелден алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма? –депті (53-бет).
І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1. 1) Алғашқы бес дауыссыз дыбысқа артикуляциялық қасиетіне қарай сипаттама беріңіз.
2) Соңғы сөйлем құрамындағы алғашқы үш сөзде кездесетін дауыссыздарды дауыс қатысына қарай (қатаң, ұяң, үнді) топтап жазып, түсінік беріңіз.
3) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалға мысалдар тауып, дыбыстардың өзгеру себебін түсіндіріңіз.
4) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы кейінді ықпалға мысалдар тауып, дыбыстардың өзгеру себебін түсіндіріңіз.
Қырқыншы сөз (Абай)
Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?
Қайраты қайтқан шал мен жастың бәрі бітім қылады, шалдар өзді-өзі құрбыдан айрылып азайып отырса да, біріменен –бірінің бітім қылмайтұғыны қалай?
Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғандай көріп, іші елжіреп, жақсы көріп тұрып, елге келсе, әрберден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай?
Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да, танымайтұғыны қалай?
Бір жолаушы алыс жерге барған еліне өз елін мақтаймын деп, өтірікті сыбап –сыбап, қайтып келген соң, сол барған, көрген елін, жерін мақтап, өтірікті сыбайтұғыны қалай?
Қай қазақты көрсем де, қай баласы жасырақ болса, оның басынан пәрмене болып жүріп, ержеткен соң суық тартатұғыны қалай? (104-105-бет).
Достарыңызбен бөлісу: |