І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені деген ұғымдарға сипаттама беріңіз.
2) Дауыссыздар арасындағы ілгерінді ықпалға бірнеше мысал таба отырып, дыбыстық өзгерістерді түсіндіріңіз.
3) Алғашқы сөйлемнің құрамындағы дауысты дыбыстарға акустика-артикуляциялық қасиеттері жағынан талдау жасаңыз.
4) Алғашқы бес дауыссыз дыбысқа артикуляциялық қасиеті жағынан талдау жасаңыз.
Жиырмасыншы сөз (Абай)
Тағдырдың жарлығын білесіздер - өзгермейді. Пәндеде бір іс бар жалығу деген. Ол – тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі жора тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласының құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді.
Ақылы түгел, ойлы адамның бір баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңілі аз ба, көп пе жалығады. Аның үшін бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңіл бұрынғыдан да суи бастайды (37-38 –бет).
Бірақ осы жалығу деген әр нені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын –бәрінің баянсызын біліп жеткен ойлы адамнан шығады.
І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Алғашқы бес дауыссыз дыбысқа артикуляциялық қасиеті жағынан сипаттама беріңіз.
2) Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді теріп жазып, олардың өзгеру себебіне түсінік беріңіз.
3) жалығу, жалықпайтұғын, жалығады түбірлес сөздердің буын құрамын салыстыра отырып, буынның бір түрінен екінші түріне ауысуы, ығысуы, жылысуы құбылыстарына түсінік беріңіз.
4) Дауыссыз дыбыстар арасындағы ілгерінді ықпалға үш мысал келтіріңіз.
Жиырма бірінші сөз (Абай)
Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін.
Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем деп азаптанады (38-39-бет).
Достарыңызбен бөлісу: |