Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша емтихан тапсырмалары


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз



бет13/18
Дата08.05.2023
өлшемі54,64 Kb.
#91083
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ТБН емт (1)

І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Мәтіннен сөздерді буын үндестігі (сингармонизм) заңдылығы тұрғысынан талдап, одан ауытқитын жағдайларға түсінік беріңіздер.
2) Алғашқы бес дауыссыз дыбысты дауыс қатысына қарай топтап (қатаң, ұяң, үнді) талдау жасаңыз.
3) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалға үш мысал тауып, түсінік беріңіз.
4) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы кейінді ықпалға үш мысал тауып, түсінік беріңіз.

Жиырма үшінші сөз (Абай)


Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар.


Оның қуанышы: елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? – деп. Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп? Білгендер айтып па, әйтеуір өзіңнен наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болад-тағы. Жүз ат бәйгеге қосылса, мен бәйге алдым деген сөз болса жарар, алдында неше ат бар деп сұрар, артында қалған ат нешеу деп сұрағанның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?
Енді жұбанышы: жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ, болады-дағы деген сөзді жұбаныш қылады (41-42-бет).
І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Үзіндіден алғашқы бес дауыссыз дыбыстың акустика –артикуляциялық қасиетіне сипаттама беріңіз.
2) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалға екі мысал келтіріңіз.
3) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы кейінді ықпалға екі мысал келтіріңіз.
4) Алғашқы сөйлемдегі сөздер құрамындағы дауысты дыбыстарға акустика –артикуляциялық қасиеттері жағынан талдау жасаңыз.
Жиырма төртінші сөз (Абай)

Осы күнде жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллион қазақ бар.


Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды.
Бірімізді-біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз.
Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр.
Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді –біріміз аңдып өтеміз бе?
Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?
Әй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма? (43-44-бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет