ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
29
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
іл білімінің түркология саласында түрколог ғалымдардың
тарапынан көптен бері көңіл аударылып, қызыға зерттеліп
келе жатқан тақырыптардың бірі – түркі тіліне тән көне түбірлердің
табиғаты. Түбір мәселесінің ауқымы кең, көтерер жүгі де мол.
Сөз тарихы түбір тарихымен тікелей байланысты. Сөз қаншама
ғасырлар бойы өмір сүріп, қанша өзгерістерді басынан өткерсе де, көп
өзгерістерге түсе бермейтін, бүгінде дербес сөз ретінде танылмайтын,
көненің қалдығы ретіндегі түпкі түбірлер әлі де толық зерттелініп
болды деп айта алмаймыз. Сондықтан ғалымдар тарапынан күн
тәртібіне қойылып, ғылыми тұрғыдан шешілуге тиісті мәселелер
баршылық.
Сөз мағынасының негізгі ұйтқысы болып келетін түбір морфемалар
қаншама дәуірлерден бергі тарихи дамудың куәгері ретінде сырға
толы тіл тарихынан хабардар етеді. Мұндай түбірлердің табиғатын
танып-білудің өзіндік қыр-сырлары бар. Ол үшін әуелі өз тіліміздегі
ішкі деректерді тәптіштеп тексеріп, оны туыстас түркі және ежелден
тіл жағынан түбірлес, тарихи аралас-құралас өмір сүрген монғол,
тұңғыс-маншыжұр тілдерімен салыстыра-салғастыра зерттеудің
маңызы зор. Біз сөз еткелі отырған түпкі түбірлер – этимологиялық
Көне түбірлердің
өзгеру сипаты
Досжан РАЙХАН
шымкент қаласы аймақтық
әлеуметтік-инновациялық
университеті, филология
ғылымдарының кандидаты
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
30
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
өлі түбірлер. Мұндай түбірлер бүгінде жеке-дара қолданылмағанмен,
бірнеше сөздердің, сөз тіркестерінің немесе қос сөздердің бір
сыңарларының құрамында сақталып қалған. Олар этимологиялық
тұрғыдан анықталады. Ал мағыналық жағынан өзгерістерге ұшырап
отыратындығы – заңды құбылыс.
Сөз мағынасының тарылуына оның дыбыстық жағынан өзгеріске
түсуі де себепші болып отырады. Кейде әуелгі нұсқасы тілімізде
кейбір сөз тіркестерінің құрамында сақталып қалады да, мағынасы
күңгірттенеді, ал дыбыстық жағынан өзгеріске түскен нұсқасы
кеңінен қолданылатын сипатқа ие болады. Мәселен, қазір
аңғар
түрінде айтылатын етістіктің көне тілдегі тұлғасы –
аңа ‘аңғару,
түсіну’. Бұл етістік сол дәуірлерде аңла түрінде де айтылған.
Ол сөзүг
аңлады. Ол сөзді түсінді (МҚ I 93). Қазір де сөзіңді аңдап сөйле дейміз.
Аңла тілімізде аңда түрінде айтылып, кейіннен қолданылу өрісінің
тарылуына байланысты тек
аңысын аңды, аңдамай сөйлеген ауырмай
өледі сияқты сөз тіркесінде, мақал-мәтелдердің құрамында сақталып
қалған. Қолданылу өрісінің тарылуына тілімізде дыбыстық жағынан
өзгеріске түскен
аңғар нұсқасының өнімді жұмсалуы себепші
болған.
Аңда мен аңды етістіктерінің түбірі бір емес. Аңды-ның көне
тілдегі мағынасы – (жабайы құстарды, аңдарды) аңду, қарауылдау,
сыртынан бақылау. Қазірде бұл сөздің түсінігі кеңейген, құс пен аңнан
өзгелерге қатысты да жұмсала береді.
Аң деп майы емдік дәрі ретінде
қолданылған құсты, ал
аңчы деп жабайы құстарды аулайтын аңшыны
айтқан. Түркі тілінің
аң сөзі монғ. ang / ан(г) ‘аң, жабайы құстар’ және
angla- / angna- ‘аң аулау, құс ұстау’ сөздерімен сәйкес келеді.
Аңла етістігінің түбірі – аң, ал -ла – етістік тудырушы жұрнақ.
Бұл етістік өзге нұсқаларына қарағанда түркі тілдерінде кеңінен
қолданылады. Кезінде ғалымдар о дыбысынан басталатын
оңна – хак.,
оңно – алт. диал. және onga – ` L
[1,50 б.] сөздері
а:ң ~ аң ~ ан және ой ‘ой, ақыл’ т.б. сөздері арасындағы
тікелей байланысты анықтауға мүмкіндік беретіндігін айтқан болатын.
Сондай-ақ
ой мен ұқ сөздерінің арасында байланыстың бар екендігі
жөнінде де пікірлер бар.
Ан түбірі түркі тілдерінен өзге монғол тілінде
кездеседі: angzira- (< ang-zira-), anzira ( ұқ
етістігінің монғ. т. параллелі uxa- / ухах түрінде дыбысталады [2,154].
Аңла тілімізде етістік ретінде қолданылмағанмен, ертеректе
қолданыста болғандығын дәлелдейтін тағы бірнеше сөзді атауға болады.
Аңдатпа – кітаптың, мақаланың мазмұнын көрсететін қысқаша
түсінік.
Аңдағыш, аңдампаз – аңғарымпаз, сезгіш, яғни тез түсініп
қоятын адам [3, 49 б.]. Сөздің көнелігін дәлелдейтін тағы бір факті –
аңды етістігінің көне аңысын (аңдысын) сөзімен тіркесіп келуі. Бұл
сөздің этимологиясы жайында Ә. Нұрмағамбетов былай дейді: «Біздің
байқауымызша, «аңыс» сөзінің түпкі төркіні монғол тілі болса керек.
Бұл тілде:
аньсга – көздің қабығы (Мон. – қаз. сөз., 1954) [4, 19 б.]. Аңыс
сөзінің монғол тілімен төркіндестігі сол тілден ауысқандығын көрсете
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
31
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
бермейді. Дегенмен бұл сөздің тек сөз тіркесінің құрамында сақталып
қалуы, өзге орындарда кездеспеуі монғол тілінен болуына байланысты
болуы да мүмкін. Біз түпкі түбірлердің этимологиясын анықтауға
қадам жасаған сайын ұқсас түбірлердің қатарын айқындауға қадам
жасаймыз. Ұқсас түбірлердің өзі жеке-дара даму нәтижесінде емес,
әуелгі бір негізден тараған.
Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс олардың тарихи даму
негізінде жатыр. Мұны көне сөздерді арнайы зерттеулер арқылы
анықтауға болады. Бұған мысал ретінде
адалбақан сөзін алуға болады.
Адалбақан – киім ілетін, ашалы қада ағаш. Бұл сөзді естіген немесе
бір жерден оқыған адам
адал сөзін бірден тіліміздегі араб тілінің халал
сөзінің тілімізге енген
адал, яғни пайдалануға, ішіп-жеуге жарамды,
бағалы, пайдалы мағыналарын білдіретін баламасы деп ойлауы мүмкін.
Негізінде, бұл – екеуі тек дыбыстық жағынан сәйкес келетін омоним
сөздер. Себебі екеуінің шығу тегі мүлде екі басқа.
Адал сөзі тілімізде
жеке-дара қолданылмағандықтан, әуелгі мағынасы ұмыт болған.
Дегенмен лексикалық тіркестің (сөздің бірігуі арқылы жасалынған
күрделі атау) құрамында әуелгі мағынаның сақталғандығын аңғаруға
болады. Осы сөздің мағынасын беретін
ашалы қада ағаш тіркесіндегі
аша сөзі басы екі айыр ағаш дегенді білдіреді. Көне және орта түркі
ескерткіштерінің тілінде осы сөзбен түбірлес әрі етістік, әрі есім мәнді
адыр және адар сөздерін кездестіруге болады. Адыр сөзі етістік ретінде
бөлу, бір-бірінен бөліп алу, айырып алу мағыналарын білдірсе, есім сөз
ретінде бөлім, бұтақ, тарам мағыналарын білдіреді. Ал
адар сөзі айыру,
бөлу, талдап жіктеу дегенді білдіреді. Олай болса, мағынасы жағынан
бұл сөздер сәйкес, ал тұлғалық жағынан дыбыстық сәйкестіктердің
негізінде қалыптасқан.
Адал сөзі көне адар нұсқасына жақындау, р~л
сәйкестігінен, р-ның л-ға ауысуынан туындаған сөз. Әрине, біз бұл
арада, біріншіден, көне
ад түбірінің тілімізде сақталып қалғандығына
куә болсақ, екіншіден, дыбыстық жағынан өзгерген түрінің әуелгі
қалпынан алшақтап, танымастай өзгеріске түскендігін аңғаруға
болады. Көнерген, ескірген сөздердің бәрі бірдей тілімізден шығып
қала бермейді. Тіпті мүлде шығып қалатындары да бар. Дегенмен олар
ұзақ уақыттар бойы көненің қалдығы ретінде тілімізде қызмет етеді.
Ал олардың тұлғалық өзгерістерге түскен қалпының қаншалықты
семантикалық өзгерістерді басынан өткергендігін айқындау үшін
тарих қойнауында жатқан сөздердің мағына, мазмұнын ашып, даму
сипатын көрсету керек.
Көне, орта түркі тілдеріндегі
адыр етістігі біздің тілімізде айыр
түрінде айтылады. Бұл етістік д~й сәйкестігінің нәтижесінде, яғни
дыбыстық алмасудың нәтижесінде кейін қалыптасқан.
Енді осы
адыр сөзінің мағыналарына тоқталып көрейік:
1. Бөлу, бір-бірінен бөліп алу.
Бір йыл саны ічінта үчәр-үчәр айларығ
адырмақ үзә өд болур. Бір жыл ішіндегі айларды үш-үштен бөлсе,
маусым болады (
Suv 589
15
).
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
32
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
2. Айыру, түсіну.
Киши мен тегүчи аба оғланы ісиг тумлығығ билгү
адра аны. Ыстық пен суықты айыра алатын әкесінің ұлы (өзі туралы)
мен адаммын деп айта алады (ҚБК 273
11
).
3. Ажырату, жекелеу.
Уқушуғ адыртың білігтә өңі. Білімнен өзге
ақылды ажыратасың (ҚБН 70
24
).
4. Бір нәрседен, біреуден айыру.
Амрақынта адыртымыз ерсәр.
Егер біз (оларды) сүйіктілерінен айырсақ (ТТ IV В
14
).
5. Өмірден айыру.
Алты йашымда қаң адырдым білінмәдім үч ечімә
йыта адырдым. Алты жасымда әкемнен айрылдым, білінбеді (жете
түсінбедім), үш үлкен бауырымнан айрылдым (Е 32
16
).
Айыру етістігі де бұл дәуірлерде айру ‘айрылысу, айрылу’ түрінде
кездеседі және осы түбірден тараған
адзыр, адзыш, адзры, адзрыл,
адзрыш сияқты нұсқалары да бар. Мысалы: Олар іккі айрышды. Олар
екеуі айрылысты (МҚ 138
14
).
Адзырмаш мен бегсіг йа қулсығ кішіг.
Мен адамдарды бек немесе құл деп бөлмеймін (ҚБН 68
8
).
Бір түбірдің
ад, ай, адз нұсқаларының орта ғасырларда қатар
қолданылуы тайпалар тіліне байланысты ерекшелік болу керек.
Айыр сөзі етістік ретінде тілімізде тоғыз түрлі мағынада жұмсалады.
Бұл етістік бұрынғы мағыналарын жоғалтпаған, керісінше үстеме
жаңа мағыналарға ие болған. Сондай-ақ, қазіргі түркі тілдерінде де
өнімді қолданылса керек.
Айыр – түрк., түр., аз., гаг., қтат., қар. қ. г., құм., қбал., қыр., қаз.,
ноғ., ққал., тат., баш.;
айир – өз.; азыр – сұйғ., хак; а:р – лоб.; адыр
– тув.;
уйар – чув. Бұл сөздердің көне түбірі – -ай,
~ -адз, ~ -ад, ~ -ат
‘айырылу, екіге бөліну’. Кейін келе бұл түбірлерге әр тілдің өзіне тән
қосымшалары жалғанып, мағына жағынан да түрлене түскен.
Осы түбірден тараған сөздер қазақ тілінде бүгінде әртүрлі
дыбысталып, тұлғалық жағынан бір-бірінен алшақтап, әртүрлі
мағынаға ие болған:
айрық (жол айрығы), айырым (айырылатын жер),
айда (жер жырту, яғни бұрында соқамен жер жыртқанда жерді екіге
айырып, қопарып отырған).
Айдақ жазу дегендегі айдақ шимайлап,
қалай болса солай жазуды білдіреді. Алдыңғы
айда етістігінен жасалған
болу керек, жер жыртқанда да жер бетіне әртүрлі із түседі. Сондай-ақ
айдақ-сайдақ сөзінің түбірін де бірінші сыңарынан іздейміз. Қарайым
тілінің қырым диалектісінде
ай деп біздегі ауды (бұт киімнің екі
балағының түйіскен жері), ал
айак деп жол айрығын, жол торабын
айтады. Жолға байланысты айтылатын
аяқ жол біздің тілімізде де
бар.
Аудың да шығу тегі көне ай түбірімен байланысты. Осы арада
ай
~ ар(шу), ар(ыл) түбірлерінің сәйкестігін де айта кету керек. Аршу
етістігінің де мағынасы бірнәрседен бөліп алуға, айырып алуға сәйкес
келеді. Заттық мағынадағы
айыр қаз., хак. т., айыр (екі ұшы айыр) –
қаз.,
айырланған, тарамданған – қаз., хак., тув., т.б. қолданылады.
Қазақ тіліндегі
айырды аша деп те атайды.
Тілімізде осы сөзбен мәндес, тұлғалас тағы бір сөз бар, ол –
ажырау,
ажырату етістігі. Бұл сөз де өз алдына дамып, бірнеше мағынаға
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
33
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ие болған, дегенмен мағына сәйкестігі сақталған. Көне тілде й-мен
айтылған сөздердің көпшілігі тілімізде ж-ға ауысқандығы тарихтан
белгілі. й
~ж сәйкестігінің нәтижесінде қалыптасқан сөздер тілімізде
өте көп.
Орта ғасырлардың өзінде бірнеше нұсқада айтылатын етістіктің
тіліміздегі тұлғалары мынадай: ай
~ ад ~ аж ~ ау ~ ар.
Ажыра етістігі көне тілде кездеспегенмен, кейінгі дәуірлерде пайда
болған етістіктердің қатарына кірмейді, себебі оның сонау байырғы
замандардан келе жатқандығын дәлелдейтін деректер бар.
Ажыра
етістігі тек біздің тілімізде ғана емес, өзге түркі тілдерінде де кездеседі:
ажыра – қыр.; ажра – өз., ұйғ. диал.; ажры – ұйғ.; ажыра – қаз.;
ажийа – лоб.; айры – алт.; айи (айи >йир) – лоб.
Түбірлердің дыбыстық сәйкестіктердің нәтижесінде қалыптасуы
түпкі түбірдің бір екендігін және кейін пайда болмағандығын
дәлелдейді. Түбірдің монғол тілімен сәйкес келуінің өзі де шығу тегінің
әріде жатқандығынан хабар береді.
Келтірілген тілдік деректерді саралай келе бір түбірден тараған
бірнеше сөз әртүрлі бағыт алғанмен, түпкі түбір мен мағынаның
сақталуы архетип түбірді анықтауға мүмкіндік беретіндігіне көз
жеткізуге болады. Дегенмен бірнеше түбірдің алғашқысы қайсы? деген
сұрақ туындайды. Ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер болғанмен,
түбірлердің алғашқысы нақты дәлелденген емес.
Г. Вамбери
айыр етістігі ай ат ‘бөлу, айыру’ етістігінен жасалынған
десе, В. Банг
айға қарағанда ад немесе адз ертерек пайда болған дейді.
К. Менгес
ажыра
~ ажри тұлғасының шығу тегін монғол тілімен
байланыстырады (
аджыра< монғ. anid
ǯira). Түркі тілінің айыр, адыр
етістіктерін Н.Н. Поппе де монғол тілінің
ажи ‘есінде қалдыру, байқау’
етістігінен жасалынған
ажира етістігімен салыстырады да, оны монғ.
дейінгі
padi ‘айыру’ етістігінен болған деп есептейді. Берілген тілдік
деректер түпкі түбіртек
ад болу керек деген болжамға әкеледі.
Мұндай тілдік қолданыстар және сөздердің бірнеше нұсқада келуі
сөз байлығын толықтыра түседі. Бұл сөздердің мағыналық, мазмұндық
ауқымы әлдеқайда кең. Сөз мағыналарының өзгеруі бір жақты
болмайды. Соның бір көрінісі – осындай дыбыстар сәйкестігінің
нәтижесінде қалыптасқан сөздер.
Сөздер құрамындағы бір дыбыстың өзгеруі мағынаның өзгеруіне
әкеледі. Бұлға етістігі қазіргі кезде екі түрлі мағынада жұмсалады:
«1. Қолмен бір нәрсені сермеп, сілтеп қимыл жасау, қозғау, белгі
беру. 2. Бір затты басқа бір нәрсемен араластыру, шайқау [3, 152 б.].
Ал осы сөздің көне тілдегі мағынасына келсек, төрт түрлі: 1. Бұлғау,
араластыру.
Ол тұтмач булғады. Ол кеспені араластырды (МҚ III 289);
2. Лайлау.
Ол сувуғ булғады. Ол суды лайлады (МҚ III 289); 3. Ауыс.
опық жегізу, ренжіту, қастық істеу.
Ол ер аның көңлін булғады. Ол
адам оның көңілін бұзды (жүрегін ауыртты) (МҚ III 289); 4.
Ауыс.
наразылығын өршіту, қоздыру, бүлік шығару.
Ічрә бен булғайын.
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
34
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Іштен мен бүлік шығарайын (МЧ Ю
4
). Қазіргі тілмен салыстырғанда
көне тілде мағынасы кең. Мағынаның тарылуына сөздің бір
мағыналарының тұлғалық жағынан дыбыстық өзгеріске түсуі себеп
болған сияқты. Өзгеше сипат алған мағына бүгінде өзге сөз ретінде
танылады. Жоғарыда берілген екінші мағына тілімізде
бұл түбірінің
бүл түріне ауысуынан жасалынған. Бұлға етістігі ауыспалы мағынада
бүлік шығаруды білдірген болса, орта ғасырларда бүлінген, бұзылған,
ескірген, тозған сияқты мағыналарды білдіретін сөздің тұлғасы
бүл
түрінде көрінеді. Мысалы:
Бүл тарығ. (Ұзақ сақталғаннан) бүлінген
астық (МҚ I 335). Олай болса, бұл түбірдің екі түрлі дыбыстық
өзгеріске түсуі ертеректе болған.
Бүл түбірінен бүгінде бүлдір, бүлін,
бүлік, бүлікшіл т.б. сөздер қалыптасқан.
Көне түбірлердің тілімізде қолданылып, кейбір орындарда сақталып
қалғандығын көбінесе фольклор тіліне байланысты анықтауға болады.
ҚТТС-де
бүл етістігінің мағынасын былай береді: 1. Ел ішіне іріткі
түсу, жұрт тыныштығының бұзылуы, елдің күйреуі. Осы айтқаным
болмаса, Тұғырға сұңқар қонбаса, Ноғайлы елдің
бүледі (Батырлар
жыры) . 2. Бүліну, қирау, быт-шыты шығу. Хандар киген қамқа тон,
Шүберек болар тозған соң. Еңсесі биік кең сарай,Мортың болар
бүлген соң (Алдаспан) [6, 45 б.]. Әрине, бұл сөздер мағына жағынан да,
тұлға жағынан да көне тілмен сәйкеседі.
Бүлдір сияқты бұз да осы бұл түбірімен түбірлес болуы әбден
мүмкін.
Бұзу, бүлдіру – синоним сөздер. Мысалы: 1. Бұзу, сындыру.
Ебін барқын буздым. Үйлерін, ғимараттарын бұздым (БҚ
34
).
Ол ев
бузды. Ол үй бұзды (МҚ II 8). 2. Жеңу, жою, құрту. Таңут бодунығ
буздым. Таңғұт халқын жеңдім (БҚ
24
). 3.
Ауыс. Берекесін кетіру,
құлату, қирату.
Еліг болса есіз ажунуғ бузар. Егер басқарушы ақымақ
болса, дүниені қиратар (ҚБН 149
24
). Екі етістіктің мағына жақындығы
тарихи тұрғыдан да көрінеді, жалпы ұқсас мағына сезіліп тұрады.
Бүл, бұл түбірлері – біздің тіліміз үшін ұмыт болған өлі түбірлер.
Бұл түбірлердің әрқайсысы көне дәуірлерде дербес сөз болған және
бірнеше сөздердің құрамында кездеседі.
Көне түбірлердің сақталып қалған келесі бір орындары – қос
сөздер құрамы. Құрамындағы бір сыңары, кейде екі сыңары да
түсініксіз қос сөздер тілімізде баршылық.
Бұлға етістігінің үшінші,
төртінші мағыналарындағы ренжу, наразылығы өршу сияқты
мағыналар
бұлқан-талқан (бұрқан-тарқан) болды (қатты ашуланды)
қос сөзінің құрамында сақталып қалған.
Бай ашуланып бұлқан-
талқан болды (Қаз. ертег.). Қос сөздің бірінші сыңары мағыналы болып
келеді де, екінші сыңары соған дыбыстық еліктеуден пайда болады.
Сондықтанмағынаны бірінші сыңарынан іздейміз.
Бұлқан ‘жайсыз,
тынышсыз’ мағынасында өте сирек кездеседі, ал
бұлқан болды тіркесі
‘ашуланды, ренжіді’ мағынасын білдіреді. Мысалы: Барысында көп
істің
бұлқан болса, жар ізгі, Жасырамыз, соғыстың Құпиясы тәрізді
(Қ. Мырзалиев. Бұлбұл).
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
35
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Бір түбірден тараған сөздер әруақытта бір бағытта дами бермейді.
Көне тілдегі сөздің әртүрлі мағыналары әртүрлі бағытта дами отырып,
түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Орта ғасырларда кездесетін осы сөзбен тұлғалас
булнуқ етістігінің
мағынасы – ‘орнынан жылжу’ (әскер қатары).
Йағы санчмыш ерсіг
еран булнуқуп / йана еврә санчты йағысын утуп. Жауды талқандаған
ержүрек әскердің қатарлары орнынан жылжығанда, ол тағы
шабуылдап, өзінің жауын жеңді (ҚБК 129
1
) [7, с.123].
Булнуқ етістігінің
мағынасын беретін сөздің тұлғасы дыбыстық құрамы жағынан
сәл өзгеріске түсіп, өзгеше сипат алып кеткен.
Булнуқ етістігінің
құрамындағы қосымшаның н мен қ дыбыстары метатеза заңдылығы
бойынша орындарын алмастырып айтылған.
Бұлқын етістігінің
алдыңғы етістікке ұқсас мағынасы – бірден жұлқи қозғалу. Қозғалу
мен жұлқи қозғалудың арасындағы мағыналық реңк айырмашылығы
келе-келе пайда болған болу керек. Әуелгі түбір етістік білдіретін
мағына мағыналық реңктер жамап, жаңа сөз қолданыстары пайда
болады. Көне тілдегі
булғанч ‘абыржу’, булғануқ ‘кір, лай’, булғақ
‘наразылық’ сияқты сөздер де алдыңғы етістіктермен түбірлес.
Бұл сөздерді тарихи тұрғыдан жеке сөз, туынды сөз жасауға негіз
болған дербес түбір ретінде танимыз.
Мысалдардан байқап отырғанымыздай,
булға етістігі МЧ және МҚ
ескерткіштерінде және қазіргі көпшілік түркі тілдерінде кездеседі,
дыбыстық жағынан сәл өзгеріске түскен:
булға – қар., құм., қбал.,
қыр., ноғ., өз., ұйғ.,алт. диал., тув. диал;
бұлға – қаз., тат., баш; пұлға
– тат. диал.; полға –сұйғ.; былға – қаз., ноғ., ққал., тат. диал., тув.
диал. т.б. Бұл етістіктің түркі тілдеріндегі мағыналары көне тілмен
сәйкес келеді, алайда әрбір түркі тілінде уақыт өткен сайын өзінің
мағыналарына өзгеріс кіргізіп отырғаны түркі тілдерінің деректерінен
көрінеді. Қол бұлғау мағынасы көне тілде кездеспегенмен, құм., қыр.,
өз. диал., ұйғ., қбал., қаз., ноғ., ққал., тат., т.б.; былғау, шайқау – қыр.,
қаз., ққал., хак. (бас шайқау); бас изеу – ққал., ктат. т.б. кездеседі.
Бұл бұлғау, араластыру мағыналарына қарағанда кейін пайда болған.
Ал осы етістіктердің түп төркінінің қайдан шыққандығын әуелі түркі
тілдерінен іздестірген жөн. Осы етістіктің була – түрі түрк., түр.,
аз., гаг., өз., ұйғ.; була: – як.; бұла, была – тат. диал.; пула – сұйғ.,
алт. диал.; пыла – алт., тел., леб., шор., саг., койб.; биле – түр. диал.
т.б. Бұл етістіктердің қайсысы көне тілге жақын? десек, түркі тілі
жалғамалы тіл болғандықтан, түбірге қосымшалар бірінен кейін бірі
жалғанып келеді де, біртіндеп түбір мен қосымша бірігіп, біртұтас
тұлғаға айналады. Сондықтан түркі тілінде түпкі түбірлер көбінесе бір
буынды болып келеді.
В. Банг
булға етістігінің шығу тегін бул, булу-дан пайда болған деп,
булу-ды телеут тілінің (алт. т. диал.) пулу ‘қатты ашулану, көтеріліске
шығу’ етістігімен байланыстырады және көне ұйғ.
булун ‘абыржыған,
асып-сасқан’, ‘бүлінген’ ‘абыржу’етістігімен салыстырады.
Бул
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
36
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
тұлғасы тек телеут тілінде ғана емес, өзгеріске түскен түрі бірнеше
түркі тілдерінде сақталғандығын жоғарыдағы мысалдар дәлелдесе
керек. Сөздің түбірі есім сөз болуы мүмкін, ал -а, -ы, -и, -қа – етістік
тудырушы жұрнақ. Г. Рамстедт түркі тілінің
булға етістігін қалм.
bulngir, bul`ngr ‘кір’, ‘таза емес’, ‘лай’, ‘тұнба’ [bulangir, салыст. тұнғ.
bula ‘ми батпақ’] етістігімен салыстырады. Н.Н. Поппе бұл қатарға
монғ. bulga ‘бүліншілік’, ‘наразылық’, эвенк. bolgon ‘бүліншілік’,
‘наразылық’, bolgi- ‘наразылыққа әкелу’, көнтүр. bulganc ‘көтеріліс’,
‘бүліншілік’, сол мағынада bul
γaq , bulut ‘бұлт’ сөздерін қосады [2, с.
255].
Келтірілген деректерді ой елегінен өткізіп, зер сала қарасақ,
түбірдің
бул екендігіне күмән қалмайды.
Бүгінде мағынасы көмескіленген, өлі түбір саналып жүрген
сөздердің табиғатын анықтауға қажетті тілдік деректерді жан-жақты
зерттеу, өзге тілдермен салыстыра-салғастыра қарастыру олардың
табиғатын анықтауға кең жол ашары сөзсіз. Осындай зерттеулердің
нәтижесінде біз өлі түбір санап жүрген түбірлердің түп тұлғасы
тілімізде дербес сөз ретінде өмір сүріп жатқандығын аңғарамыз.
Әдебиеттер
1. Re
șit Rahmeti Arat. Atebetȕ’l-hakayik. Istanbul, AteșBasimevi, 1951.
2. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков: В 4-х
т. – М.: Наука, 1986. – т. 1. – 766 с.
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы ред. бас. Т. Жанұзақов.
1томдық – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
4. Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. – Алматы: Рауан, 1994. – 304 б.
5. Қазақ әдеби тілінің сөздігі /. Құраст. Б. Сүйерқұлова, Т. Жанұзақ,
О. Жұбаева және т.б. 15 томдық – Алматы: Тіл білімі институты, 2011.
3-том – 744 б.
6. Қазақ әдеби тілінің сөздігі /. Құраст. Н. Әшімбаева, Қ. Рысбер-
генова, Ж. Манкеева және т.б. 15 томдық – Алматы: Тіл білімі
институты, 2011. 4-том – 744 б.
7. Древнетюркский словарь / Под ред. Э.В. Севортян. – Л.: Наука,
1969. – 676 с.
|