13. Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спорт менеджментінің қағидаттары.
Лекция жоспары: 1. Дене шынықтыру және спорт менеджментінің түсінігі, мәні және қағидаттары жүйесі. Қазақстан Республикасының Конститутциясындағы басқару қағидаттарының мәселесі. Қағидаттардың сипаттамасы – басқарудың алғашқы негізі ретінде. Дене шынықтыру және спорт менеджменті қағидаттарының құрылу критерийлері.
2. Басқарудың жалпы қағидаттарының, олардың сипаттамасы. Дене шынықтыру мен спортты басқарудың арнайы қағидаттары, олардың сипаттамасы.
3. Дене шынықтыру және спорт дамуының заңдылықтары және олардың арнайы басқару қағидаттарының құрылуына ықпал етуі. Дене шынықтыру мен спортты басқару үдерісіндегі қағидаттардың өзара қарым-қатынасы.
Лекция мазмұны: 1.Жоспар түрлері.
2 Стратегиялық менеджмент..
3. Спорттық жарыстар сценарийі
Жоспарлау- яғни, жасалынған жоспарларға сәйкес қызметкерлерді тиімді еңбек етуге, белсенділігін арттыруға жасалған жүйелер қызметі. Менеджмент объектісін мақсатты бағыттау үшін жасалған жағдайлар жасау қызметі;
Бақылау- яғни, менеджмент объектісін процестер ағымын бақылаудан тұратын, берілген бағдарламалардың бақылау параметрлерінің көлемін салыстыру, олардың бағдарламадан ауытқуын, орнын, уақытын, мақсатын, міндетін белгілейтін қызмет;
Координация-, менеджмент процесінің үзіліссіз, тоқтаусыз қамтамасыз етілуі бойынша, ұйымның келісілген жетістіктері, бір-бірінің арасындағы рационалды көмектер белгілеу қызметі.
Менеджменттің негізгі қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Басқару механизмін анықтайтын біртұтас процесс.
Дене тәрбиесі мен спорттағы менеджменттің нақты қызметі еңбекті басқару бөлімін динамикалық дамытудың қорытындысы болып табылады.
Дене тәрбиесі мәдениеті және спортты басқарудың нақты қызметі нақты анықталған объекті басқар мазмұны бойынш анықталады және ипатталады. Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт құрамын топтастыру мен ғылыми талдаудың қорытындысы бойынша мынадай құрамдарын анықтады:
- Тұрғындар арасында дене шынықтыру –спорттық жұмыстарын ұйымдастыру;
- Кәсіби спортты дамыту, спорт түрлерінен білікті мамандар дайындау;
- Спорттық резерв дайындау;
- Спорттық көрсетілімдер, спорттық сайыстар өткізу;
- Спортты дамыту және дене шынықтыруда әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, бағдарламаны қамтамасыз ету;
- Спорттық тауарлар өндірісін ұйымдастыру;
- Халықаралық спорттық байланыстарды жүзеге асыру;
- Нақты қызметтері мен басымдылықтарының құрамы дене тәрбиесі мен спорттық ұйымдардың өзіне тән ерекшеліктерінен анықталады.
2. Стратегиялық менеджмент сыртқы ортаның өзгеруін есепкеала отырып, дене тәрбиесі мен спорттық ұйымның ұзақ мерзімді мақсатын жүзеге асыру бойынша басқару қызметін анықтайды.
Стратегиялық менеджмент жоспарлау секілді негізгі қызмет атқаратынына қарамастан, нақты жоспарлау немесе белгілі бір іс-әрекет жасауда маңызды роль атқармайды. Ол нақты жағдайда дене шынықтыру спорттық ұйымның жұмысынан тұрады. Осыған орай стратегиялық менеджмент дене шынықтыру- спорттық ұйымның жұмысы болып есептеледі.
Концентратталған түрдегі стратегиялық менеджмент дене шынықтыру –спорттық ұйымды таңдау миссиясында көрінеді, яғни оның басты мақсаты- оның жұмысын жасауына көмектесу.
Әдетте, миссия мазмұны негізгі төмендегі элементтермен анықталады:
- өнімді сипаттау (қызметтер, жұмыстар, тауарлар);
- өндіруші ұйым;
- тұтынушы нарығының сипаттамысы;
- ұйымның нақты жұмыс істеу мақсаты;
- ұйым философиясы;
- ұйымның ішкі жұмыс істеу тұжырымдамалары (басымдылығы, кемшіліктері, бәсекеге қабілеттілігі);
- серіктестіктер ментұтынушы алдындағы әлеуметтік-экономикалық жауапкершілік ұйымның имиджі болып саналады.
Төмендегі ресурс түрлерін қамтитын дене шынықтыру- спорттық ұйымдар миссия таңдауда ұйымның потенциалымен тікелей байланысты:
- Техникалық (құрылыстар, құрал-жабдықтар);
- Технологиялық (спорттық тауарлардың қазіргі технологиямен өндірілуі, дене шынықтыру- спорттық қызметтер көрсету және т.б.);
- Кадрлық (талапқа сай білімі бар мамандар мен қажет мөлшердегі персонал);
- Ақпараттық (бәсекеге қабілетті жұмыс көлемінің толық мөлшерде ақпараттарды болуы, сонымен қатар жаңа ақпарат көздері арқылы алу мүмкіндігінің болуы);
- Қаржылық (тұрақты қаржы көздерінің болуы);
- Ұйымдастырушылық (ұйымдастырылған құрылымның тепе-тең миссиясын ұйымдастыру, орындаушылық құқығы мен міндетін анықтау);
- Уақытша (тапсырма мен жергілікті мақсатты жүзеге асырудағы нақты мерзім).
Ресурс түрлерінің атауы дене шынықтыру- спорттық ұйымның ішкі жағдайларына байланысты.
3. Сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайы дене шынықтыру- спорттық ұйымның тез, әрі нәтижелі бейімделуіне ұйымдастыру менеджменті әсер етеді.Осыған орай жоба немесе бағдарламаларды жаау мен оны жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтарды жою, шешу үшін арнайы ұжымдар құрылады.